Мексикада ұлтшыл-реформистік саясат 40-жж. орын алды. Оған Л.Карденастың үкіметінің өзгерістері жол ашты. Карденастан кейін Мексика үкіметтерінде ұлттық өнеркәсіптік буржуазияның мүдделері басымдық алды.
Билеуші Институциялық-революцияшыл партия (ИРП) – 1946 ж. бұрынғы Мексика революциясының партиясы осылай аталған болатын – қоғамның барлық таптарының бұқаралық ұйымы ретінде елдің саяси өмірінде жеке-дара орын алды. Партияның басшысы республика президенті болды. Оны партия ұсынып, жалпыға бірдей сайлауда 6 жыл мерзімге (қайта сайлау құқынсыз) сайланды. ИРП-да партиялық-мемлекеттік бюрократия жетекші жағдайда болды.
Мексиканың жұмысшы партияларының арасында ұлтшыл-реформизмнің ықпалы күшті болды. Реформистік тұжырымдар еңбекшілердің бірен саран талаптарын орындау, кәсіподақ өкілдерін әр түрлі комиссиялардың жұмыстарына қатыстыру, жұмысшыларды пайдаларды бөлісуге тарту сияқты екінші дәрежедегі іс-шаралармен толықтырылып отырылды.
Мексика үкіметі соғыстан соңғы жылдары жергілікті өнеркәсіп капиталына белсенді түрде қолдау көрсетті, аграрлық реформаны жалғасыра берді.
Нәтижесінде соғыстан кейінгі Мексикада тұрақты конституциялық режим орынығып, белгіленген мерзімдерде сайлаулар өткізіліп тұрады, демократиялық құқықтар беуді. Бірақ бұл режимге авторитарлық қасиеттер де тән болды.
Достарыңызбен бөлісу: |