Жапония. Екінші дүниежүзілік соғысты тек жапон милитаризмі талқандалып қана қойған жоқ, сонымен бірге елдің билеуші топтары таңдап алған жартығасырлық құрлыққа басқыншылық стратегиясы мен Оңтүстік Шығыс Азия және Қытай халықтарын құлдану бағытына тыйым салынды. Жапония жеңілістен, одан кейінгі оккупациядан дұрыс қорытынды шығара алды. Экономикалық және саяси реформалар жүргізіліп, олар қоғамның әлеуметтік құрылымын, емлекеттік саяси құрылысты өзгертті және қоғамның экономикалық базисінің өзгеруіне негіз жасады. Реформалардың ішінде помещиктің жер иеліктерін, феодалдық қалдықтарды жою және жерді шаруаларға беру маңызды орын алды. Император құқықтары конституция бойынша шектелді (ол ағылшын королевасы сияқты патшалық ететі, бірақ басқармайды), елде бұрын болмаған көппартиялық негізінде парламенттік демократия орнады. Конституцияды Жапонияның даулы мәселелерді шешудің құралы ретінде соғыстан бас тартатындығы туралы жазылды.
Қазіргі Жапония инфрақұрылымы, білім беру, денсаулық сақтау және әлеуметтік қамсыздандыру жүйесі дамыған, бай және гүлденген мемлекет, ертеңгі ғылым мен техниканың орталығы.
Үндістан. Үндістанның тәуелсіздігі туралы 1947 ж. 15 тамызындағы заң екі доминионды – Үнді одағы мен Пәкістанның құрылуын қарастырды. Бұрынғы отар формальды түрде діни белгілері бойынша екі мемлекетке бөлінді. Бөліну аса күшті үнді-мұсылман жауласуы мен қанды қақтығыстар жағдайында іске асырылды.1949 ж. Үндістанның Құрылтай жиналысы конституция қабылдап, ол 1950 ж. қаңтарынан бастап күшіне енді. Конституция Үндістан Республикасын жариялады. Парламенттік сайлауда Үнді Ұлттық Конгресі жеңіске жетті. Сол кезден бастап бұл партия үкіметті үздіксіз басқарып келеді. Тұңғыш үкіметті Джавахарлал Неру басқарды. Кейінгі уақыттарда үкіметті оның қызы Индира Ганди, оның баласы Раджив ганди басқарды. Олардың екеуі де террористердің қолынан қаза тапты.
Үндістан мен Пәкістан арасындағы көпжылдық қарама-қайшылықтар сақталып келеді, кейде олар қарулы қақтығыстарға да айланып отыруда.
Пәкістан Үндістанның бір бөлігі болатын. Үндістанның бұл бөлігінің толығымен мұсылмандандырылуы айтарлықтар құрылымдық өзгерістерге алып келді. Бірнеше жылдар бойына саяси билікті Мұсылман Лигасы атқарып келген болатын.тек 1955 жылы ғана Құрылтай жиналысы конституцияны бекітті. Пәкістан Ислам Республикасы деп жарияланды. Үндістаннан айырмашылығы мұнда президенттік басқару енгізілген.
Иран. 60-70 жж. Иранда елдің капиталистік дамуын жеделдету, жаңартуды жылдамдатылған қарқынмен іске асыру және адамдардың өмірін жақсартуға тиісті реформалар жүргізілді. Олардың ішіндегі ең маңыздысы – 60 жж. жүргізілген аграрлық реформа болды. Оның мақсаты жердің жетіспеушілігін жою, ірі жекеменшілікті шектеу, қазынаның едәуір жер иеліктерін сатып алуы арқылы фермерлік-капиталистік шаруашылықты құру және оларды мұқтаж щаруаларға ұзақ мерзімде төлеп тұратын несиеге беру болды. Бірақ адамдардың барлығы бірдей түбегейлі өзгеріп бара жатқан өмір жағдайларына бейімделе алмады.мұнайдан түскен табыстар шахқа жолдарды жаңалап, қоғамдық ғимараттар салуға, жаңа кәсіпорындар мен өндірістер ашуға мүмкіндік берді.
Ирандағы реформалар аса жылдам және кейде жан-жақты ойластырмай жүргізілді.
Шахқа қарсы қозғалысты шиит дінбасылары және олардың басшысы Аятолла Хомейни басқарды. Діншіл қайраткерлер өзгерістерді дәстүрлі өмір салтынан, ислам нормаларынан бас тарту деп түсінді. 70 жж. соңындағы иран революциясы нәтижесінде шах режимі құлатылды. Иран шариат нормаларына, чадраға және дінсіздерге төзбестікке оралды.
Достарыңызбен бөлісу: |