19 ғ. аяғы мен 20 ғ. басындағы Европа елдері


Веймар республикасының дағдарысы және нацистердің билік басына келуі



бет65/171
Дата23.06.2020
өлшемі0,87 Mb.
#74420
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   171
Байланысты:
ЛЕКЦИИ по ВСЕМИРКЕ

Веймар республикасының дағдарысы және нацистердің билік басына келуі. Дағдарыс басталысымен парламенттегі үкімет арқа сүйейтін партиялар одағы ыдырады. Германияның социал-демократиялық партиясы оппозицияға кетті. Үкіметті Орталық партиясының оңшыл қайраткері Брюнинг басқарды. Парламентте тірегі жоқ Брюнинг 1930 – 1932 жж. Төтенші декреттер арқылы билік жүргізді. Конституция төтенші жағдайларда президентке парламентті орап өтіп , декреттер шығару құқығын берген болатын. Президент гинденбург осы аралықта жүзден астам декретті бекітті, мұның өзі парламенттің заң шығарушылық қызметін ауыстырғандық болып табылады. Үкімет үйреншікті әдетпен жұмыс істеді. 1930 ж. Төтенші бағдарлама жұмыссыздыққа байланысты жәрдемақының, әлеуметтік қауыпсызданыруға шығындардың, мемлекеттік қызметкерлерге жалақының төмендетілуін, салықтардың өсуін жоспарлаған болатын. 1931 ж. Желтоқсанында қабылданған төтенші декрет бойынша жалақы 1927 ж. Деңгейіне дейін азйтылды. Банктерді банкроттықтан сақтай мақсатымен мемлекет банк жүйесін «сауықтыруға» кірісті, аса ірі Дрезден банкін мемлекет қарамағына алып, еөптеген банктерге бақылау орнатты.

Веймар республикасының партиялық-саяси жүйесінде күштер қайтадан топтасты. Республиканың тірегі болып есептелетін орталық шайылып кетті. Келісім және ажырасу саяси күштердің бір-біріне қарсы топтарға бөлінуінен еөрініс тапты. Бір жағынан, солшыл партиялар – комунистік партия мен ГСДП өз ықпалдарын сақтап қалды, екінші жағынан , өзін Ұльшыл социалистік неміс жұмысшы партиясы деп атаған партия жақтаушыларының қатарын тез уақытта көбейтіп, бұқаралық партияға айнала бастады. Германияда бұдан басқа да топтар болатын, бірақ тек нацистік партия ғана әлеуметтік негіз құрып, билікті басып алуға деген жігерімен көзге түсті. Міне, осындай жағдайда аа ірі корпорациялар «уысы мықты» укімет құруда және Версаль жүйесін қайта қарау үшін нацистік партияға сенім артты.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   171




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет