19 ғ. аяғы мен 20 ғ. басындағы Европа елдері


Балқан одағы және Бірінші Балқан соғысы (1911-1902)



бет28/171
Дата23.06.2020
өлшемі0,87 Mb.
#74420
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   171
Байланысты:
ЛЕКЦИИ по ВСЕМИРКЕ

Балқан одағы және Бірінші Балқан соғысы (1911-1902). 1908 ж. жастүріктер революциясынан кейін Осман империясының ыдырауы тездеді. 1908 ж. Австро-Венгрия Босния мен Герцеговинаны өзіне қосып алатындығын жариялады. Түркияға бір мезгілде екі соғыс жүргізуге тура келді. 1911 ж. 29 қыркүйегіндегі италия-түркия соғысы басталды: Солтүстік Африкаға тасталған итальян десанты түрік әскерлерімен соғыстың нәтижесінде Триполитания мен Киренаиканы басып алып, оларды Италияның отары Ливияға айналдырды. Балқанда осы кезде күштерді жаңадан орналастыру жүріп жатты. Ресейдің араласуымен және Англия мен Францияның қолдауымен үш монархиялық мемлекет: Болгария, Сербия және Грецияның одағы құрылды. Олардың мақсаты Түркиядан Македонияны тартып алып, өзара бөлісу болды.

Македонияны бөлісу туралы мәселе талқыланып, оның шешуі Түркияға қарсы соғыс біткенше кейінге қалдырылды. Түркияға қарсы соғыс 1912 ж. қазанда басталды. Одақтастар әскерінің негізгі күні Болгарияның әскери бөлімдері болды. Олар түрік әскеріне басты соққыны берді, нәтижесінде одақтастар Константинопольге таяу келді. 1912 ж. 28 қарашасында Албания тәуелсіздік жариялады.

1913 ж. 21 сәуірде уақытша бітім жасалып, 30 мамырда Лондонда бітім шартына қол қойылды. Бұл шарт бойынша еуропалық Түркияның барлық территориялары жеңімпаздарға берілді: Түркияның қарамағында Константинопольге (Стамбулға) тиіп жатқан жіңішке жолақ қана қалды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   171




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет