1913 ж. Нильс Бор Эксперимент пен теория арасындағы қарама-қайшылықты шешу үшін


Бор постулатының моделі Сутегі атомының энергетикалық деңгейлері



бет2/3
Дата12.10.2022
өлшемі0,61 Mb.
#152733
1   2   3
Байланысты:
2 дәріс Атомдық физика

Бор постулатының моделі

Сутегі атомының энергетикалық деңгейлері


0 эВ
10.2 эВ
12.1 эВ
12.8 эВ
13.1 эВ
13.6 эВ
∞ эВ
n=1
n=2
n=3
n=4
n=5
n=6
n=∞
Ультракүлгін спектр
Лайман сериясы
Көрінетін сәуленің спектрі
Бальмер сериясы
Инфрақызыл спектр
Пашен сериясы

Бор теориясының қиыншылықтары. Кванттық механика

Бор теориясы жартылай нанымды, ішкі қайшылыққа толы. Бір жағынан сутегі атомының теориясын құрған кезде Ньютон механикасының қарапайым заңдары мен бұрыннан белгілі Кулон заңдары қолданылса, ал басқа жағынан Ньютон механикасы мен Максвелдің электродинамикасымен байланыспаған кванттық постулаттар енгізілді.

Физикаға кванттық көзқарасты енгізу механика мен электродинамикаға түбегейлі өзгеріс әкелді. Бор постулаттары дұрыс болып шықты. Бірақ та Бордың квантталу ережесі барлық кезде қолданыс таппайтыны анықталды.

Атомның құрылымы

Атом атом ядросынан және электрондардан тұрады.

Электрон – массасы me = 9,1·10–31 кг, заряды теріс және модулі бойынша элементар зарядқа, яғни e = 1,6·10–19 Кл-ға тең бөлшек. Бор – Резерфордтың планетарлық моделіне сәйкес электрондар атомдық ядроның айналасында түрлі орбиталар бойымен айналады.

Резерфорд бойынша атомның планетарлық моделі

Атом ядросы оң зарядталған. Оның диаметрі 10–14–10–15 м-ден аспайды, ал q заряды е элементар зарядтың атомның Z реттік нөмеріне көбейтіндісіне тең:

q = Z·e.

Радиоактивтілік құбылысы мен Резерфордтың тәжірибелері көрсеткендей, атом ядросы ядролық күштермен ұстасып тұрған протондар мен нейтрондардан тұрады. Протондар мен нейтрондардың жалпы атауы нуклондар.

Сутегі атомының заманауи моделі


Атомның кванттық-механикалық моделі.
Атомның заманауи моделі Бор-Резерфордтың планетарлық моделінің жетілген түрі. Заманауи модельге сәйкес атом ядросы оң зарядталған протондардан және заряды жоқ нейтрондардан тұрады және теріс зарядталған электрондармен қоршалған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет