1(А)-Бөлім. Мәдени мұра Машықкердің аты-жөні



бет3/8
Дата15.07.2022
өлшемі2,96 Mb.
#147498
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
коркем енбек Сабитбекова Камшат

ІІ. Жаңа сабақ

15 мин


Сабақтың тақырыбын ашу. «Галлереяда ой шарлау» әдісі




  • Суреттерде не бейнеленген?

  • Оларды сендер қалай түсінесіңдер?

  • Ия, дұрыс айтасыңдар, бұл бұйымдар. Қандай бұйымдар?

  • Қазақтың ұлттық зергерлік бұйымдары.

  • Сонымен бүгінгі сабағымыдың тақырыбы қандай деп ойлайсыңдар?

  • Дұрыс айтасыңдар, бүгінгі біздің сабағымыдың тақырыбы «Қазақтың ұлттық зергерлік бұйымдары.»

  • Сабағымыдың мақсатымен танысайық.

Сабақтың мақсаты:
Сен:

  • Қазақтың ұлттық зергерлік бұйымдармен танысасың;

  • Зергерлік бұйымдарды жасауды үйренесің.

  • Жарайсыңдар, оқушылар! Берілген мақсатқа жету үшін сабаққа жақсы атсалысайық!



Жаңа сабақты түсіндіру. Ынталандыру. Мұражайға барып, саяхаттау

  • Оқушылар, қазақтың ұлттық зергерлік бұйымдарымен танысу үшін мұражайға саяхатқа аттанайық.

(Оқушыларды екі екіден сапқа тұрғызып, мұражайға бару. Мұражайда тұрған зергерлік бұйымдарымен таныстыру)
Қазақтың зергерлік өнері – ертеден келе жатқан дәстүрлі мәдениеттің саласы. Зергерлік – бұл киелі де қасиетті өнер. Асыл тастардан, алтыннан, күмістен түрлі әшекей бұйымдар да жасаған. Зергерлердің аса көп жасайтыны – әйелдердің әшекей бұйымдары. Қазақ әйелдері кеуделеріне алқа, құлақтарына сырға, шаштарына шолпы, білектеріне білезік, саусақтарына жүзік пен сақина таққан. Зергерлік әшекей бұйымдарының сипаттамасы:
Алқа – омырауға тағатын, көбіне күмістен соғылатын әйелдердің сәндік, әсемдік бұйымы.
Білезік – білекке салатын, күмістен, алтыннан соғылатын әйел бұйымы. Білезіктер жасалуына қарай алтын білезік, күміс білезік, құйма білезік, сағат білезік, тоспалы білезік, бұрама білезік, қос білезік деп көптеген түрге бөлінеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет