1.«Абай Құнанбайұлының 175-жылдық мерейтойы». ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «ххі ғасырдағы Абай және Қазақстан» атты мақаласы


ХХғасыр басындағы патшалық Ресейдің Қазақстандағы қоныс аудару саясаты.Столыпиннің аграрлық реформасы және оның салдарлары



бет137/139
Дата29.12.2021
өлшемі341,36 Kb.
#105994
1   ...   131   132   133   134   135   136   137   138   139
Байланысты:
Тарих ответы 2020
Тарих ответы 2020, Документ (1)
88.ХХғасыр басындағы патшалық Ресейдің Қазақстандағы қоныс аудару саясаты.Столыпиннің аграрлық реформасы және оның салдарлары.

ХХ ғасыр басында өлкенің жағдайына теріс әсер еткен факторлардың бірі - аграрлық саясат болды. Қоныс аудару қозғалысы жанданды. Қазақстанның территориясы бірнеше қоныс аудару аймақтарына (Торғай, Орал, Семей, Сырдария, Жетісу) бөлінді. "Қоныс аудару қорын" құру үшін құрылған Қоныс аудару мекемелері "артық" жерлер іздестіруге кірісті. Әрбір қазақ отбасы 15 десятина үлес жер алып, қалған жер Мемлекеттік меншік министрлігі қарамағына берілуі тиіс болды. Қазақ халқының ғасырлар бойы қалыптасқан дәстүрлі мал шаруашылығының құлдырауы, әсіресе, "Столыпин реформасы" кезінде күшейді.1906 жылы Ресей премьер-министрі болып тағайындалған П.А.Столыпин деревняда аграрлық буржуазия - кулак жасауға кірісті. Оның реформасы бойынша шаруаларға өз үлестерімен қауымнан шығып, хутор құруларына еркіндік берілді. Столыпин бұл мәселені шешуге астық егуге қолайлы өңір - қазақ даласын пайдаланды. Ресейден қоныс аударушы шаруалардың Қазақстанда кулак шаруашылықтарын құруына түрлі жеңілдіктер жасалынды. Хутор үшін 45 десятина қолайлы жер, және 15 десятина егін салатын жер бөлінді. Жер бөлуші ұйымдарға жергілікті кедейлерді орындарынан көшіріп, шаруа-кулактарды қоныстандыруға рұқсат берілді.Қоныс аудару қозғалысының нәтижесінде 1895-1905 жылдары далалық облыстарға 294 296 адам, ал 1906-1910 жылдары 770 мыңнан астам келімсектер келді. 1893-1905 жылдары қазақтардан 4 млн. десятина жер, 1906-1912 жылдары 17 млн. десятинадан астам, ал 1917 жылы барлығы 45 млн. десятина жер тартып алынды. "Столыпиннің аграрлық саясаты" қазақтарды жерінен айырумен қоса, олардың өлкеде үлес санының азаюына да бастама болды .XX ғасырдың басы Ресей империясында әлеуметпк қайшылықтардың шиеленісуімен, Қазақстанда отарлық саясаттың күшеюімен ерекшеленді. Отарлық саясат, әсіресе аграрлық салада пәрменді жүргізілді. Өйткені аграрлық мәселе қоныстандыру саясатына тығыз байланысты еді. Қазақ өлкесі бірнеше қоныстандыру аудандарына бөлінді: Торғай-Орал, Семей, Сырдария, Жетісу. Патша өкіметі «Қоныс аудару қорынна» (Переселенческий фонд) қуру үшін Қазақ өлкесіндегі «артық» жерлерді анықтайтын қоныстандыру басқармаларын құрды. Қоныстандыру басқармалары әрбір қазақ отбасы 15 десятина жер үлесін алуға құқылы деген ереже енгізіп, ал қалған жердің барлығы Мемлекеттік меншік министрлігі басқаратын қоғамдық жер қорына берілетін болды. Мұндай тәртіптер қазақ халқының дәстүрлі мал шаруашылығының күйреуіне әкеп соқтырды. Агроном А. Кауфманның есебі бойынша, мал шаруашылығының қалыпты өмір сүруі үшін, әрбір көшпелі шаруашылыққа, мысалы, Сырдария ауданында 145 десятина жер, ал Жетісуда 110 десятина жер қажет еді. «Қоныс аудару қорына» қазақтардың жайылым, суат, мал айдау жолдарын, қыстақтарын тартып ала бастады. Сонымен бірге, Қазақ өлкесінде Орынбор, Орал, Сібір, Жетісу казак әскерлері де орналасқан болатын. XX ғасыр-дың басына қарай казактардың саны 1 миллион он бір мың адамға жетті және олар 15,6 миллион гектар ең құнарлы деген жерлерге иелік етті.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   131   132   133   134   135   136   137   138   139




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет