1.«Абай Құнанбайұлының 175-жылдық мерейтойы». ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «ххі ғасырдағы Абай және Қазақстан» атты мақаласы


Қазақстанда көшпелі және жартылай көшпелі шаруашылықтарды отырықшылыққа көшіру



бет86/139
Дата29.12.2021
өлшемі341,36 Kb.
#105994
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   139
Байланысты:
Тарих ответы 2020

52.Қазақстанда көшпелі және жартылай көшпелі шаруашылықтарды отырықшылыққа көшіру.

Көшпелілер мен жартылай көшпелілерді отырықшылыққа сталиндік күштеп көшіру саясаты қазақ этносының тіршілік ету жүйесін мықтап бұзды. Седентаризация (отырықшыландыру) идеясы, сондай-ақ ауылды жаппай ұжымдастырудың болашағы шаруашылық-мәдени үлгілердің ауысуымен тығыз байланыстырылды. Басқаша , қазақ шаруа шаруашылығының даму жолдары мал өсіретін шаруашылықтардың егіншілікпен айналысатын немесе тұрақтап мал өсіретін шаруашылықтарға ауысуымен теңестірілді. Мұндай ұғымның шенеуніктік-әкімшілік санаға берік орныққаны сонша, ол абсолютті шындық ретінде қабылданды. Алайда жаңа революциялық ойлау кеңістігімен проблемаларды бұлайша қабылдау қате болар еді, өйткені бұл арада дамыған дәрежедегі түсініктің дәстүрлі факторлары әлдеқайда басымдық рөл атқарады. Оның арнасында көшпелілер құрылымының әлеуметтік-экономикалық және әлеуметтік-мәдени дағдылары тәжірибелік өркениеттермен және мәдениеттермен бітіспес жанжалға түсетін ескі-артта қалған дәстүр ретінде қарастырылады. Әрине, қалаған жағдайда сол кезде мал өсірушілердің Қазақстанда қанат жайған жайылымдық-көшпелі жүйесін барынша ұтымды және қарапайым жүйе ретінде сипаттауға болар еді. Алайда ол тек, аталған феноменді оған жағдай жасайтын кешеннен бөліп алып, индустриалды қоғамның ұғымына сүйене отырып, тап сол «ұтымды» экономикалық логиканың аясында қарастырған, өндірісті кеңейту мен табысты өсіруді мақсат тұтқанда ғана әділетті болады. 20 ғ-дың бас кезіне қарай патша өкіметі орыс шаруаларын жоспарлы түрде қоныстандыру үшін жергілікті халықтың 40 млн. десятина шұрайлы жерін тартып алып, қазақтарды шөл далаға ығыстырды. Көшпелі халықтың жерін күшпен тартып алу жалғасып, отырықшылыққа мейлінше кедергі жасалды. Капит. қатынастардың қазақ даласына енуі көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылығымен рулық қатынастардың ыдырау барысын жеделдетті, қазақ даласында өнеркәсіптің жаңа салалары пайда болып, жергілікті ұлт өкілдері арасынан жұмысшы кадрлар көбейді. 1927 ж. қарашада өткен 6-жалпықазақтық партия конференциясының мал өсірушілерді жерге жаппай орналастыру жөніндегі қарарына сәйкес көшпелі және жартылай көшпелі қазақтарды отырықшыландыру үшін күштеу саясаты қолданылып, ел тіршілігі бұзылды. Республика аумағында бірнеше округтер мен аудандарда (Семей, Ақтөбе, Шалқар, Сырдария, Қызылорда, т.б.) 3 млн-ға жуық көшпелі және жартылай көшпелі қазақтар күштеп отырықшыландырылды, мыңға жуық ірі байлар шаруашылығы тәркіленіп, жер аударылды. Осы жағдайлардың өзі отырықшылыққа дағдыланбаған қазақтардың малдарын шығынға ұшыратып, әміршіл-әкімшіл жүйенің қолдан жасалған ұжымдастыру шаралары кесірінен халық жаппай аштыққа ұшырады. Шаруалардың жер-жердегі жаппай наразылығы мен қарулы көтерілістері аяусыз жаншылып, қазақтарды күштеп ұжымдастыру, отырықшылыққа көшіру жалғасты. Отырықшыландыру науқаны барынша тұрпайы жүргізілді. Отырықшыландыру саясаты қазақтардың ғасырлар бойы қалыптасқан өмір салтын күйретті, мыңдаған жылдық тарихы бар көшпелі өркениет қиратылды. Қазақ шаруалары жаппай ашаршылыққа ұшырады (қ. Көшпелі және жартылай көшпелі қазақ шаруаларын отырықшыландыру). Дегенмен отырықшылыққа көшудің аса ауыр зардаптары болуына қарамастан тұрақты жерге қоныстанушылық барысында қазақ халқы мәдениеті дамыған іргелі елге айналып, экономикасы өркендеген ірі мемлекет қатарына қосылды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   139




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет