1.«Абай Құнанбайұлының 175-жылдық мерейтойы». ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «ххі ғасырдағы Абай және Қазақстан» атты мақаласы


Қазақстандағы демографиялық даму өзгерістері. Ұлттық халық санағы



бет88/139
Дата29.12.2021
өлшемі341,36 Kb.
#105994
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   139
Байланысты:
Тарих ответы 2020

54.Қазақстандағы демографиялық даму өзгерістері. Ұлттық халық санағы.

Қазақстан Республикасы егеменді мемлекетінің халқы өзінің этникалық аумағын және демографиялық құрамын құру процесінде күрделі, ауыр тарихи жолдан өтті. XV ғ. ортасында жинастыру кезеңінде Қазақ хандығындағы тұрғындардың санын 200 мыңдай адам  құрды.Келесі 70 жыл бойы қазақ халқын және оның аумағын жинау арқылы тұрғындардың үдемелі өсуі жүрді.XVI ғ. басында Қасым хан құзырындағы азаматтар саны 1 млн. адамды құрды1. Қазақстан халқы көп ұлтты құрамының құрылу басына орыс үкіметінің қудалауынан қашқан  орыс, украин, татарлар және басқа ұлт өкілдері казак еркіндігіне біріккен кездегі XVI ғ.-на жатады. 1890-шы жж. Ресей және Украинадан шыққан шаруа отарлауы күшейеді. Ресейдің әскери және көші-қон экспансиясы барысында құрылған, бекініс негізінде орыс, украин және татар басымдылығы бойынша орналасқан алғашқы колониалдық қалалар пайда болды. 1881-1883 жж. Синьцзяннан (Қытай) 50 мыңға жуық ұйғырлар мен дүнгендер көшіп келді, олардың көбі Қазақстан аумағында орналасты. 1897 ж. Ресей империясы халқының есеп-санағы деректері бойынша Қазақстан аумағында үш аса ірі этникалық топтар ерекшеленді:  халықтың 81,7% құрған қазақтар,  орыстар — 10,9 және  украиндықтар —1,9%. Бірақ 1914 ж. қазақтардың салыстырмалы салмағы 65,1-ге дейін төмендеді, ал шығыс славяндар (орыс, украин, белорустар) саны 29,6%2 өсті.Демек, 1897-1914 жж. қазақтардың салыстырмалы салмағы 16,6 пунктіне төмендеді, ал славян халқының саны 16,8 пунктіне дейін өсті.


0-шы жж. демографиялық жағдай жағымсыз болғаны белгілі, бір жағынан 1921 ж. құрғақшылық және жұт кезінде шаруалардың бір бөлігі РКФСР және Украинаға қоныс аудара бастады. Қазақ АКСР ОАК республиканың шаруа тұрғындарына республикадан жылыстауды ұстау мақсатында арнайы жолдауымен шықты. Басқа жағынан – 20-шы ж. басында Ресейдің әр түрлі аудандарынан Қазақстанға тек шаруалар ғана емес, қазақ тұрғынадары да қоныс аударды немесе қайтып келді. 1925-1926 жж. көші-қонның оң айырмасына қосылатын мигранттардың көбею және азаю балансы анықталды. 1926 ж. санақ кезінде белгіленген қалыпты тұрғындардың саны  6268 мың болған жағдайда, мигранттардың жалпы саны 1601 мың адамға  жетті. 1916 ж. дейін тұратын жерін ауыстырған шаруа-қоныс аударушылар және ежелгі тұрғындары оның жартысын құрды6. Осылай 1926 ж. желтоқсанда 1916-1926 жж. аралығында қоныс аударған жергілікті емес тұрғындардың 800 мыңнан астамы белгіленді. Республикадан тыс қоныс аударғандарға қарағанда, республикаға көшіп келгендер саны  көп болды (638,8 мың). Украина, Еділ бойы, Солтүстік, Батыс, РКФСР Орталығынан мигранттардың көп бөлігі келді, ал аз бөлігі Сібір, Орал, Белорусь, Орта Азия, Қиыр Шығыстан келді. Еуропалық бөліктен келген мигранттар тәлім егін шаруашылығын қалады. Осылай Қостанай округінде барлық келген мигранттардың 15%, Ақмола және Ақтөбеде – 40, Семейде - 24% орналасты. Орманды дала ауданы және дала аймақтарындағы тәлім егін шаруашылығының аудандары мигранттар шыққан аудандарының климаттық және топырақтық сипаты бойынша жақын болғанымен түсіндіріледі. Сонымен қатар Ресейдің еуропалық жағынан келгендер осы аймақта жақын этникалық ортасына түсті.
1939 ж. санағы бойынша республикада 6094 мың адам өмір сүрді, яғни 1926 ж. салыстырғанда, республика тұрғындарының саны 105 мыңға немесе 1,7%-ға қысқарды. Үлкен шығын қазақтарға келді, олардың саны енді 2 314 мың адамды құрды, 1926 ж. салыстырғанда, 1 314 мыңға немесе 63,8%-ға төмендеді. Таза украиндықтар саны 203 мыңға, өзбектер – 26 мыңға, ұйғырлар – 28 мыңға аз болды. Бірақ 1926-1939 жж. кезеңінде басқа этностар санының көбеюі болды, әсіресе орыс – 1174 мың адамға, яғни 92%, татар – 27 мыңға - 34%, белорусстар – 6 мыңға - 22% көбейді
Соғыстан кейін 50-шы жж. ортасына дейін Қазақстанға ұйымдастырылған қоныс аударылуы әлсіз жүрді. Республикаға аса ірі көші-қон ағыны тың және тыңайған жерлерді игеруіне байланысты өтті, ол уақыт бойынша ірі өнеркәсіптік құрылыстарына сәйкес келді. Тың және тыңайған жерлерді игеру үшін 1954-1962 жж. Қазақстанға 2 млн.-ға жуық адам, негізінен елдің еуропалық бөлігінен келді. Республикааралық ұйымдастырылған жұмыс күшін жинау бойынша өнеркәсіп, құрылыс және көлік үшін 1954-1965 жж. 0,5 млн. шамасында адам келді, бұл республиканың ұйымдасқан жинағы бойынша 80% құрады. Жұмысшылардың көбі Украина, Белоруссия, Молдавия және Литвада жиналды. Бұл бір жағынан ежелгі тұрғындар саны, екінші жағынан шеттен келіп орныққандар  арасындағы алшақтықты күшейтті.  1959 ж. орыстардың салыстырмалы салмағы 42,7%-ға жетті, ал 1939 ж. салыстырғанда, қазақтардың 8 пунктіне құлады, бұл барлық 30% ғана құрады. Басқа этникалық топтардың салыстырмалы салмағы кенет өзгерген жоқ. Қазақстанға көші-қон ағыны сәл әлсіз қарқыннан кейін де жалғасты, бірақ 70-шы жж. басында теріс айырым қалыптасты
1991 ж. бастап, тұрғындар көші-қонында жаңа кезеңі басталды. 1991 ж. Қазақстанның ТМД елдерімен көші-қон айырмасы 10 мың адамды құрды, ал Қазақстанның солтүстігі мен шығысы барлық ТМД елдерінен орыстарды жинады. 1991 ж. Монғолиядан қазақтардың келуі байқалды – 12,5 мың адам, олар сол жерде мәңгілікке қалуды көздеді. Барлығы Монғолиядан 1991-1992 жж. ішінде 41 мың қазақтар келді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   139




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет