1.Қазақ хандығы қалыптасуының жыраулық поэзияның дамуына әсерін сипаттап көрсетіңіз


 Ұстаның дәндәкуі балғасы да, - кімнің шығармасы. «Дәндәку» сөзінің мағнасы



бет26/45
Дата20.12.2023
өлшемі257,63 Kb.
#197850
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   45
Байланысты:
Жырау сал-сері

56.  Ұстаның дәндәкуі балғасы да, - кімнің шығармасы. «Дәндәку» сөзінің мағнасы.
Бұл Көтеш ақынның сатиралық шығармасы.Ақын - кедейшілікте, жоқшылықта өмір сүрген адам. Оның біршама жырлары осы тақырыптарды қамтыған. «Ұстаның дәндәкуі балғасында» өлеңі де бұған мысал бола алады.
Ақын бір күні бұйымын жөндетуге ұстаға барады. Қолында ұстаға беретін ақшасы болмапты. Ұста ақысыз ешнәрсе жасамайтынын біліп, осы бір әзіл-қалжыңмен уыттылықпен адам бойында ұшырасып қалатын кемшілік, мінді әжуалай күлкі етіп, өзінің жөндетуге әкелген затын ешқандай пұлсыз осы бір қылжақпастық өлеңімен жөндетіп алса керек.
Ақын «дәндәку» сөзін ақша сөзі мен ауыстырып,ұқсастырып ұстаның бір нәрсе дәметкіш мінезін күлкі етеді.
Өлеңде күнделікті кездесетін кейбір адамдардың мінезін, кемшіліктерін әжуалап,астарлап жеткізеді.Дәндәку — кісеннің оқшантаймен қатар тұратын былғары қалтасы.«Дәндәку» сөзін ойнату арқылы бір нәрсе алғысы келген ұстаның дәметкіш мінезін күлкі етеді.
Көтеш сурып салма ақын болғанын осы арада байқауымызға болады. Кез-келген жерде сөз тауып,аяқ асты өлең шығара алған.


57. Жиембет жыраудың «Еңсегей бойлы ер Есім» жырындағы көркемдік тәсілді атаңыз,мысалымен.
Талантты жырау Есім ханның кеңесшісі, қол астындағы биі болған. Есім ханның кейбір өрескел жөн-жонықсыз істерін бетіне басып айтып отырған.Ханға Жиембеттің бұл мінезі жақпай қалады. Солай екеуінің арасында дау-дамай, келіспеушіліктер пайда бола бастайды.Бір күні Жиембет Есім ханды бір жерде кездестіріп қалып осы толғауды айтқан екен. Толғау ел арасында кең тарап,жатқа жырланып бізге жеткен. Толғау көркемдегіш құралдарға өте бай. Әсіресе теңеу көп қолданылған.Ханның астамшылдығын,пайдакүнемдігін,құлын ұрып өлтіргенін ,қатігездігін, елдің берекесін қашырғанын айтады.
Толғауда еңсегей бойлы,қаз мойынды деген эпитеттер ханның болмысын одан әрі көркемдеп аша түседі.
Жолбарыс пенен аюдай,Жылқыдағы асау тайыңдай,Бекіре менен жайындай,Қарағай менен қайындай,Садаққа салған бұлыңдай,Сатып алған құлыңдай,Өзіңнің інің менен ұлындай,Тілеуберді құлыңдай,Жолбарыстай Жолымбет-деген теңеулерге өте бай. Есім хан мен өзінің ерекше белгілерін басқа заттармен жан-жануарлармен салыстыра суреттейді.
Е
Е
Е
Е,-ассонанс бірыңғай дауысты дыбыстар қайталанып келіп тұр.

Бірыңғай т,қ дауыссыз дыбыстары қайталанып,аллитерация болып тұр.
Өлеңде риторикалық сұрақ бірнеше жерде қайталанып келеді.Ол тыңдаушының назарын аудару үшін ,екпін түсіру үшін қайталанып тұр.
Ханымды күнім, сізді айымдай- ханның қасиеттерін айқындай түсу үшін оны өздеріне ұқсас затқа, құбылысқа балап метафораны қолданып отыр.
Осындай көркемдегіш құралдарды қолдану арқылы жырау Есім ханға деген өкпе назын, ренішін көркем жеткізе біледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   45




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет