65. Жырауық поэзияны оқудағы мақсат
Жыраулық поэзияданы оқудағы басты мақсатымыз, ата-бабаларымыз мұра қылдырып қалдырған өлең-жырлар, көптеген толғаулардың басты тақырыбы ел мүддесі, туған жерге, отанға деген сүйіспеншілік, сол замандағы көне салт-дәстүрлерімізді қазіргі заманға дәріптеу болып табылады. Ақын, жырлардың көп тақырыптары бір-біріне ұқсас келеді. Бір ақындар кіндік қаны тамған жерді жырласа, енді біреулері дінді насихаттап, ата-бабамыз мұра етіп сақтап келе жатқан дәстүрлерімізді жырлайды. Менің ойымша, ақын-жыраулардың көтерген мәселесі, бізге жеткен әр шығармасы ол құнды. Сол шығарма біздің қазіргі қоғамға, өскелең жастарға үлгі боларлық үлкен мәнді тәрбие береді деп ойлаймын.
66. Бұқар шығармасының зерттелу жағдайы.
Бұқар туындыларының оң бағаланып, оның әдебиет тарихындағы орнын ашып белгілеу ісі М. Әуезов зерттеулерінен басталады. Ол өзінің XIX ғасыр мен XX ғасыр басындағы әдебиетке арналған ертеректегі оқу кітабында Бұқар туралы «Жыраудың мақсаты, міндеті – «не болса сол көңілі ашар», «әлдене» дерлік сөзді айту емес. Ол заман сыны, мезгіл, дәуір болжалын, тарихи уақиғаның мазмұн бағасын сөз қылады. Көбінесе әрі жырау, әрі би болады. Олжа, табыс, абыройды ханмен қатар үлеседі. Өзі хан қасына жуан рудың – Арғынның қосқан «табан шөңгел биі» болуға лайық... Бұл жағынан қарағанда Бұқар, Орта жүз ханы Абылай болса, соның орталық елі, жуан бел руы – Арғын ішінен шыққан анық үстем тап адамы болады... Бұқар сонда үлкен, қырағы саясаттың толғаушысы боп, әрбір сөзін ірі-ірі уақиғалардың, ірі мәселенің тұсында ғана айтады. Сол сөздері жыраудың таптық-қоғамдық мазмұнын көрсетіп, дәуірінің тарихи сырын ашады», – дейді.
С. Мұқанов Бұқар шығармаларының көпшілігі Абылай ханға арналып айтылғандықтан, өзі сырттай Орда ақынына ұқсағанымен, жырлары сол кездегі саяси-әлеуметтік тұрмыстың нақты көрінісінен туған деп атап көрсетеді. Ол: «Бұқар жыраудың шығармаларында азаматтық, саяси мотив терең, әлеуметтік маңызы зор. Ол Абылайдың мақтаушысы ғана емес, сыншысы да», – дейді.
Достарыңызбен бөлісу: |