1.Қазақ хандығы қалыптасуының жыраулық поэзияның дамуына әсерін сипаттап көрсетіңіз


Жыраулар поэзиясынан теңеуге мысал келтіріңіз



бет10/45
Дата20.12.2023
өлшемі257,63 Kb.
#197850
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   45
Байланысты:
Жырау сал-сері

21. Жыраулар поэзиясынан теңеуге мысал келтіріңіз.
Жыраулар халық поэзиясының эстетикалық жүйесі мен көркемдік тәжірибесін қайталамай, оның сөздік, образдық, бейнелеу құралдарына, өлшем-өрнектеріне сүйене отырып, өздік қолтаңбасын туғызған деп айта аламыз. Серік Негимов: «Поэзия тілі – образды, бейнелі, мәнерлі, нұрдай таза, мөлдір тіл» [1, 6]. – дейді. Расында да поэзия тілі әрдайым дамып отырады, тақырып жағынан, көркемдегіш құралдарды тиімді қолдану жағынан, түрлі ұйқастардың құрылуын да айтуға болады, сонымен қоса эстетикалық жүйесі жағынан. Ақын жыраулар өмір құбылысын суреттеуде бейнелі де бедерлі, құнарлы да қуатты, мағыналы да мәнді, отты да ойлы сөздерді мол қолданған. Жыраулар мұрасынан ажарлап, яки құбылтып, құлпыртып қолданған көркемдегіш тәсілдерді көптеп кездестіреміз. Солардың бірі – теңеу.
Мысалы:
Ноғайлардың байлары болар сазандай, 
Сәлдесі болар қазандай 

(Бұқар жырау, Он екі айда жаз келер, 99 б.).

Мұнда ешқандай күрделі құрылым жоқ, байды сазанға, сәлдені қазанға


теңеген дағдылы, қарапайым теңеудің үлгісі ғана бар. Мұндай теңеулер көбіне
заттардың сыртқы пішініне негізделеді де, нақты бір ғана ұғымды білдіреді.
Айталық, сазандай теңеуі «семіз», қазандай теңеуі «үлкен» ұғымын білдіреді.
Мұнда осы ұғымдарды беретін нақты лексикалық бірліктерді қолданғаннан гөрі,
оны ұқсас, шамалас ұғымдармен салыстырып, теңеп көрсетсе, әрі әсерлі, әрі
бейнелі болып, эстетикалық қуаты да, тіл қуаты да күштірек болып шығады.
Көркем тілде теңеудің өзі сол үшін керек. Ал мына теңеулерге назар аударайық:
Құбыла көшкен байтақтың
Ордасындай Бөгенбай! 

Темір жұмсап, оқ атқан
Қорғасындай Бөгенбай! 

Қолтығы ала бұғының
Пәйкесіндей Бөгенбай! 

Жалаң қия жерлерден

Үмбетей жырау, Бөгембай өліміне)
Толғауда бірнеше ұлғайған теңеулер қатар берілген де, батыр Бөгенбейдың
өзгеден бөлек біткен тау тұлғасы мен алып күші, елден ерек батырлығы
сипатталған. Нақтырақ айтсақ, Бөгенбайың батыр бейнесіне теңеліп отырған
орда – көптік пен кеңдікті қорғасын – беріктік пен ауырлықты, пәйке – ірілік пен
даралықты, тегеурін – батырлық пен күш-қуатты білдіреді. Бұлар өзінен бұрын
түрлі анықтауыш құрылымдардың тіркесіп келеді.



Қазтуған Жырау толғауларында теңеу сөздерді жиі қолданған. Мысалы,
...Боташығы бұзаудай,


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   45




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет