Дәріс№9. Әлеуметтік жаңғыру – қоғамның әл-ауқат тірегі
1. Әлеуметтік реформалар және әлеуметтік жаңару: кедейшілікті еңсеру, халықты еңбекпен қамтуды көтеру, жастарды, студенттерді қолдау жөніндегі мемлекеттік бағдарламалар, зейнетақы мен жәрдемақыны арттыру реформасы.
2. Адам капиталын, елдің еңбек қуатын дамытудың стратегиясы.
3. Денсаулық сақтау, спорт және дене шынықтыруды дамыту
4. Қазіргі білім жүйесін жаңартудың өзекті мақсаттары мен міндеттері.
5. Президенттің «Интеллектуалды ұлт-2020» бағдарламасы және оның маңызы. Қазіргі білім беру моделі.
6. Жаппай Еңбек ету Қоғамы.
Әлеуметтік реформалар және әлеуметтік жаңару. Әлеуметтік модернизация (әлеуметтік жаңару, жаңғырту деген сөз.) – бұл елдің барлық азаматтарының әлеуметтік жағдайы мен өмірін жақсартуға бағытталған жаңа әлеуметтік саясат. Халықты қорғау, әлеуметтік тұрақтылықты орнату. 2009 жылы 6 наурызда ҚР-ның Президенті Н.Ә. Назарбаевтың “Дағдарыстан дамуға” деп аталатын Қазақстан Халыққа Жолдауы шықты. Осы Жолдауда Президент: “Дағдарыстар өтеді, кетеді. Ал мемлекет тәуелсіздігі, ұлт мұраты, ұрпақ болашағы сияқты құндылықтар мәңгі қалады”, - деді. (Егемен Қазақстан газеті № 91, 6 наурыз, 2009ж.). Президент бұл Жолдауында дағдарысты болдырмау және бәрін алдын ала көздеу мүмкін емес екенін, дағдарыс Америка континентін, Еуропа мен Азияны белең алғанын айта келе, халықты мұндай күйзелістер кезінде “көппен көрген ұлы той” деп сабыр сақтауға, ынтымақ бірлігін бекіте түсуге шақырды. Сондай-ақ, Президент “Ұлттық қордың” дер кезінде құрылғанын айтты.
2010 жылы бюджетшілердің жалақысы және шәкіртақы 25 пайызға, ал 2011 жылы тағы да 30 пайызға ұлғайтылатынын жеткізді. Зейнетақының орта мөлшері 2010 жылы 25 пайызға, 2011 жылы 30 пайызға ұлғайтылатынын жеткізді. Мемлекет барлығы студенттер үшін 11 мың грант және 40 мың несиені қосымша бөлгенін жеткізді. Өңірлік жұмыспен қамтылуды және кадрлардың қайта даярлануын қамтамасыз ету үшін мен Үкіметке кем дегенде 140 млрд тенге бөлуді тапсырамын. Жергілікті бюджеттерден де жұмыспен қамту стратегиясын бірлесе қаржыландыруға ресурстар бөлінуі тиіс. Жұмысынан айырылғандар үшін жаңа жұмыс орындарын құратын боламыз. Біз кем дегенде 350 мың қазақстандықты жұмыспен қамтамасыз ете аламыз, бұл қазіргі қоғамдық жұмыстарды есептемегенде.
28.01.2011ж. ҚР-ның Президенті Н.Ә. Назарбаевтың “Болашақтың іргесін бірге қалаймыз” деп аталатын Қазақстан Халқына Жолдауы жарияланды. Осы Жолдауда: 152 кәсіпорын іске қосылып, 24 мыңға жуық қазақстандық тұрақты жұмыспен қамтамасыз етілгенін айтты. Бүкіл ел бойынша барлығы 800-ге жуық әртүрлі өндіріс орны құрылды.
Халықтың саны 18 млн. адамға жақындағанын;
Жұмыссыздық деңгейі 5 пайызға дейін төмендегенін;
Білікті мамандардың үлесі 40 пайызды құрады;
Бизнеске неғұрлым қолайлы ахуал жасау жөніндегі әлемдік рейтингте Қазақстан 183 елдің арасынан 59 орынды иеленді.
ЖОО-ның инновациялық қызметке көшу тетігін қалыптастыру;
Білім берудің сапасын арттыру және қолжетімді ету;
Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі ипотекалық құрылыста жүзеге асырып отырғанға ұқсас жинақтау жүйесін әзірлеу;
Қазақстандықтарда мемлекеттен пайыздық бонустар ала отырып балаларын оқытуға қаржы жинаудың жаңа мүмкіндіктерін қарастыру;
бизнес-қауымдастықтар мен жұмыс берушілерді қатыстыра отырып кәсіптік-техникалық кадрлар дайындау жөнінде ұлттық кеңес құру;
Мектепке дейінгі білім берумен және тәрбиемен қамтылған балалардың үлесі 2015 ж. қарай 74 % , 2020 ж. қарай 100 % құрайтын болады.
Достарыңызбен бөлісу: |