1.Қазақстан Республикасының білім беру жүйесі.Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы


Дамудағы әлеуметтік орта мен тәрбиенің жетекшілік ролі



бет38/95
Дата26.01.2022
өлшемі158,56 Kb.
#114953
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   95
Байланысты:
гос 1 ЖАУАПТАРЫ
гос 1 ЖАУАПТАРЫ, 02.02.21 МТ-20-9 География 2, спирт досым, уй жумыс
18.Дамудағы әлеуметтік орта мен тәрбиенің жетекшілік ролі

Орта деген ұғымға стихиялы түрде балаға ықпал ететін әр қилы сыртқы құбылыстардың жиынтығы жатады. Орта адамның дамуына елеулі әсер етіп отырады, баланың дамуы үшін: 1) табиғи орта (тамақ, ауа,жылу,жарық), географиялық орта (климат, жыл мезгілдеріне байланысты өзгерісте, тау-тас, қырат, жазық, өзен, көл, оңтүстік, солтүстік, шығыс, батыс т.б.); 2) әлеуметтік орта қажет. Оған қоғамдық өмір, адамдар, олардың саналы іс-әрекеттері, қарым-қатынастары, мәдениеті, әдебиеті, саясаты, идеологиясы, т.б. Бұлар балалар өміріне, денесі мен жүйкесінің тарихи дамуына байланысты өзгеріп отырады. Әрбір жаңа ұрпақ аға ұрпақтың күшімен құрылған жаңа қоғамдық жағдайда туып, өседі. Адам әлеуметтік ортасыз адам болудан қалады. Адам – қоғамдық қарым-қатынастың жемісі.

Әлеуметтік  орта - жеке адамның мінез-құлқының дамуына ықпал жасайтын әлеуметтік қатынас, олардың көп қырлы іс-әрекеттері. Әлеуметтік ортаға мектептің ықпал жасауы нәтижесінде баланың дүниеге көзқарасы, құлықтық, эстетикалық және осы сияқты болымды қасиеттері дамып қалыптасады. Адам өзінің дамуы үшін қажетті материалдарды осы әлеуметтік ортадан жинайды.

Тәрбие бала денесінің дамуына да мәнді ықпал  етеді. Мысалы: күнделікті арнаулы жаттығулар, машықтанулар жүргізу арқылы балаланың  денсаулығын мықты етуге, шынықтыруға  болады. Ал күнделікті ақыл-ойды шынықтыру, жағдай жасау, еңбектену арқылы баланың дарындылығын дамытуға болады. Адамның дарыны ұшқын сияқты ыңғайлы мүмкіншілік болса, ол лаулап жануы да, мүмкіншілік болмаса, сөніп қалуы да ықтимал.

Тәрбиенің тиімділігі баланың жеке психологиялық ерекшеліктерін білуге байланысты. Өйткені әр жастағы баланың өзіндік даму заңдылықтары бар. Сонымен қатар әр баланы жан-жақты жете білу, зерттеу қажет. Белгілі бір жастағы балалардың бәрі бірдей емес. Әр балаланың қызығушылығы мен бейімділігін, қабілетін, талантын білудің мәні зор, бірақ оны асыра бағаламау керек.

Баланың дұрыс дамуына қоғамдағы халықтың материалдық тұрмыс жағдайының жақсаруы, хал-ахуалы мен мәдени дәрежесінің артуы жеткіліксіз, оған мақсатқа бағытталған педагогикалық байыпты қадағалау қажет. Педагог баланың бейімділігін танып, оған сүйене отырып, қызығушылығының, ынтасының нақты қабілеттілікке айналуына, жан-жақты дамуына жағдай жасайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   95




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет