Сабақтастықты жүзеге асыру түрлері
Балалармен жұмыс: мектепке экскурсиялар; мектепке дейінгі балалардың метепалды даярлық сынып мұғалімдерімен және оқушыларымен танысуы және өзара әрекеттестігі; бірлескен білім беру қызметіне, ойын бағдарламаларына қатысу; суреттер мен қолөнер бұйымдарының көрмелері; балабақшаның бұрынғы тәрбиеленушілерімен кездесулер және әңгімелесулер бірлескен мерекелер мен спорттық сайыстар; театрландырылған қызметке қатысу; мектепке дейінгі балалардың мектеп жанында ұйымдастырылған сабақтардың бейімдеу курстарына қатысуы.
Педагогтар әрекеттестігі:
бірлескен педагогикалық кеңестер;
семинарлар, шеберлік сыныптары;
МДҰ педагогтары мен балабақша тәрбиешілерінің дөңгелек үстелдері;
балалардың мектепке дайындығын анықтау бойынша диагностика өткізу;
МДҰ мен мектептің медициналық қызметкерлерінің, психологтарының әрекеттестігі;
МДҰ-ғы білім беру қызметі мен мектептегі ашық сабақтардың ашық көрсетілуі;
педагогикалық және психологиялық қадағалаулар.
Ата-аналармен ынтымақтастық:
бірлескен ата-аналар жиналыстары; дөңгелек үстелдер, пікірсайыстық кездесулер, педагогикалық "қонақ бөлмелер"; ата-аналар конференциялары, сұрақ-жауаптар кештері;
МДҰ және мектеп педагогтарымен консультациялар;
ата-аналардың болашақ мұғалімдермен кездесулері;
ашық есік күндері; мектепалды жастағы балалардың ата-аналарына арналған білім беру-ойын тренингтері және практикумдері, іскерлік ойындар, практикумдер;
отбасылық кештер, тақырыптық ойын-сауықтар; қарым-қатынастың визуалды құралдары (стенд материалы, көрмелер, сұрақ-жауаптардың пошта жәшігі және т. б.);
– тәрбиешілер мектеп талаптарын, балаларды оқуға дайындау міндеттерін нақты түсінеді және оны сәтті шешеді;
– мектепалды даярлық мұғалімдер балабақша жұмысының міндеттеріне, мазмұны мен әдістеріне тереңірек енеді, ол тәрбиелік әсер ету әдістерінде сабақтастық орнатуға септігін тигізеді.
Баланы мектепке дайындау – оның оқу-танымдық уәждерін (оқу ниетін) белсенді қалыптастыруды және оның өмірдің жаңа кезеңіне жеңіл бейімделуін қамтамасыз етуші қызметтің өзіндік құрамдастары мен психикалық үдерістерді дамытуды білдіреді.
Достарыңызбен бөлісу: |