1.Қазақстандық патриотизм және азаматтық, құқықтық тәрбие Мақсаты



Дата11.01.2017
өлшемі87,86 Kb.
#7498
1.Қазақстандық патриотизм және азаматтық, құқықтық тәрбие

Мақсаты: Жаңа демократиялық қоғамда өмір сүруге қабілетті азаматты және патриотты; тұлғаның саяси, құқықтық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін; балалар мен жастардың құқықтық санасын, оларда балалар мен жастар ортасындағы қатыгездік пен зорлық-зомбылыққа қарсы тұру даярлығын қалыптастыру.

Міндеттері: Отанға, мемлекеттік құрылысқа, мемлекеттік саясатқа, мемлекеттік идеологияға;

  • ҚР Конституциясы мен заңнамасына, мемлекеттік рәміздерге (елтаңба, әнұран, ту), құқықтық тәртіпке;11 елдегі ұлтаралық және конфессияаралық келісімге, халықтар достығына; өз елінің экономикалық және әлеуметтік-мәдени даму саласындағы жетістіктеріне;

  • басқа адамның құндылықтарына, құқықтары мен бостандығына;

  • өз өлкесінің (ауыл, қала, шағын аудан) табиғатына, мәдени-тарихи өміріне;

  • құқықтық білімге және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлқына;

  • заң талаптарына, құқықтары мен міндеттеріне; әлеуметтік құндылықтарға құрметпен қарау, мақтаныш сезімін және жауапкершілік таныту.



Іс – шаралар атауы

түрі

уақыты

1

Менің Отаным –Қазақстан



танымдық

1.09


2

Өз құқығыңды білгенің-дұрыс өмір сүргенің

Саяхат сабақ

25.01

3

Туым - теңдігім, Елтаңбам - елдігім, Әнұраным - айбыным



Саяси сабақ

7.12.


4

Біз Тәуелсіз Қазақстан ұланымыз

Саяхат сабақ

14.12


2.Рухани – адамгершілік тәрбие

Мақсаты: Тұлғаның қазақстандық қоғам өмірінің жалпыадамзаттық құндылықтарымен, нормаларымен және дәстүрлерімен келісілген рухани- адамгершілік және этикалық ұстанымдарын, моральдық қасиеттерін және көзқарастарын қалыптастыру.

Міндеттері:

  • мораль мен этиканың көпшілік мақұлдаған нормаларына; өзінің қасиетіне, арына және парызына; ішкі бостандығына және адамгершілік шешім қабылдауына;

  • өзінің және өзге де халықтардың мәдениетіне, дәстүріне, әдет ғұрпына;12 діни құндылықтарға; ой, сөз және іс бірлігіне; өзінің мінез-құлқын жетілдіруге; ар-ұжданымен орындалған қылықтарға;

  • түрлі мәдениет пен нанымның бірлігіне; адамдарға риясыз қызмет етуіне; өз ата-анасы, Отан, қоғам алдындағы парызына адамгершілік сезім білдіру.



Іс – шаралар атауы

түрі

уақыты

1

Әдеп және әдет



танымдық

28.09


2

Жақсыдан үйрен,жаманнан жирен

кеңес

11.01.


3

Мейірімділік бала жүрегінде

танымдық

28.12


4

Сыйласаң сыйлы боласың

әңгіме

14.09


5

Қонақ келсе-құт келеді

әңгіме

2.05


3.Ұлттық тәрбие

Мақсаты: Тұлғаны ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарға, ана тілін және мемлекеттік тілді, қазақ халқының, Қазақстан Республикасындағы этностар мен этникалық топтардың мәдениетін құрметтеуге бағдарлау.

Міндеттері:

  • этникалық өзіндік санаға, этникалық сәйкестікке; мемлекеттік тілді және ана тілін меңгеруіне; өз халқының мәдени мұрасына;

  • қазақ халқының және өз халқының дәстүрлері мен әдет-ғұрпына;

  • Қазақстанның этномәдениетіне; этносаралық бейбітшілік пен келісімге мақтаныш сезім және жауапкершілік таныту.



Іс – шаралар атауы

түрі

уақыты

1

Ана тілім ардағым



Ақпараттық-танымдық

21.09


2

Ою-өрнек әлемі

шығармашылық

18.01.


3

Ата-баба дәстүрі-ұрпаққа өнеге

өнеге

30.11


4

Ұлттық ойын-халық мұрасы

танымдық

18.04


5

Ұлттық аспаптар

танымдық

15.02


4.Отбасы тәрбиесі

Мақсаты: Ата-аналарды оқыту, бала тәрбиесінде олардың психологиялық- педагогикалық құзыреттіліктерін және жауапкершіліктерін арттыру. Міндеттері:

  • этноәлеуметтік рөлдерге; өз отбасына және ұрпақ жалғастыруға; адамгершілік қағидаларын қолдау арқылы отбасы және неке құндылықтарына құрметпен, ұқыпты қарау



Іс – шаралар атауы

түрі

уақыты

1

Отбасы бақыты



өнеге

7.09


2

Ал,қанекей,қыздар

сайыс

7.03


3

Әр отбасы-бір әлем

Сыр-сұхбат

1.02


4

Әке отбасы діңгегі

әңгіме

5

Қарияларды қадірлейік



5.10


5.Еңбек, экономикалық және экологиялық тәрбие

Мақсаты: Тұлғаның өзін кәсіби анықтауына саналы қарым-қатынасын қалыптастыру, экономикалық ойлауын және экологиялық мәдениетін дамыту Міндеттері:.



  • мемлекеттің экологиялық даму саласы бойынша саясатына, атап айтқанда «Жасыл экономика» бағдарламасына;

  • экологиялық сауаттылыққа, табиғатқа, қоршаған адамдарға және өзіне; «адам-қоғам-табиғат» жүйесіне; табиғатты пайдалану және қоршаған ортаны қорғау саласындағы әр түрлі қызметке;

  • кәсіби білім мен өнімді еңбекке; нарықтық экономика заңдарына құнтты және позитивті көзқарас қалыптастыру; экологиялық қауіпсіздік тәртібінің нормаларын сақтауға;

  • еңбек қызметінде мақсатқа қол жеткізуге; мамандық таңдауына; үздіксіз білім негізінде кәсіби жинақылыққа саналы қатынас таныту.



Іс – шаралар атауы

түрі

уақыты

1

Экономика адам өмірінде



Ақпараттық-танымдық

12.10


2

Табиғаттан нәр алып

өнеге

4.04


3

Еңбекқорлық пен еріншектік

Ашық сынып сағаты

8.02.

6.Көпмәдениетті және көркем-эстетикалық тәрбие

Мақсаты: тұлғаның жалпымәдени мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру, тұлғаның өнердегі және болмыстағы эстетикалық нысандарды қабылдау, меңгеру және бағалау әзірлігін дамыту, білім беру ұйымдарында көпмәдениетті орта құру.

Міндеттері:.

  • толеранттық және ғаламдық пікірге; көпмәдениеттілік және көптілділікке; мемлекеттік тілді, орыс, ағылшын және өзге тілдерді білу; мәдениетаралық әрекетке; қоғамда және қоғамдық орындардағы жалпыға ортақ мінез-құлық нормаларына;

  • қарым-қатынас мәдениетіне; эстетикалық мұраттарға, көркемөнер құндылықтарына; шығармашылықпен ойлауға және қиялға, шығармашылық-эстетикалық қызметті қалыптастыруға қызығушылық, ұмтылыс таныту



Іс – шаралар атауы

түрі

уақыты

1

Адам бойындағы асыл қасиеттер



Өнеге

19.10


2

Қадыр Мырза Әли балалар жазушысы

Әңгіме сағаты

22.02.


7.Зияткерлік тәрбие ,ақпараттықмәдениет тәрбиесі

Мақсаты: Әрбір тұлғаның зияткерлік мүмкіндігін, көшбасшылық қасиеттерін және дарындылығын, сондай-ақ ақпараттық мәдениетін дамытуды қамтамасыз ететін уәждемелік кеңістік қалыптастыру.

Міндеттері:.

  • өмір бойы білім алуына; өздігімен білім алуы және алған ақпаратты пайдалану біліктілігіне;

  • сыни тұрғыдан ойлау, талдау және алған ақпаратты тиімді пайдалану қабілетіне;

  • зерттеушілік және жобалық қызмет біліктерін, инновацияға қабілеттілікті меңгеруіне; пікірталас жүргізу дағдыларына; жасампаз қызметке; топтағы жұмысқа, корпоративтік рухты нығайтуға; ақпарат көздерін сыни іріктеуге;

  • Интернет-қауымдастығына қосылу дәрежесіне; Интернеттегі девиантты мінез-құлыққа қарсылық білдіру;

  • Интернет-сауаттылық қалыптастыруға; ақпараттық қызметте және байланыс жасауда этикалық нормаларға; жоғары ақпараттық мәдениет қалыптастыруға ұмтылу және қызығушылық білдіру.





Іс – шаралар атауы

түрі

уақыты

1

Интернеттің, ұялы телефонның пайдасы мен зияны.



Ақпараттық-танымдық

26.10


2

Кім білгір,кім алғыр?

сайыс

2.11


3

Кітап-ақылшың ,әрі досың

Рухани-ақпарат

23.11.


4

«Бақытты сәт» білімділер сайыс

Топтық сайыс

16.05.


5

«Зерде»зияткерлік ойыны



сайыс

14.03


8.Дене тәрбиесі,салауатты өмір салты

Мақсаты: Салауатты өмір салты, дене дамуы және психологиялық денсаулық сақтау дағдыларын, денсаулыққа зиян келтіретін факторларды анықтау біліктілігін ойдағыдай қалыптастыру үшін кеңістік орнату.

Міндеттері:.

  • денсаулық жағдайының скринингіне; әлеуметтік мақсаттар мен рухани қажеттіліктерге; теріс ықпалдарға қарсы тұрудың тиімді тәсілдерін меңгеруге; табиғи қабілеттерді орынды пайдалануға;

  • денсаулық сақтауға және нығайтуға, қауіпсіз және жауапты мінез- құлыққа; өмірдегі жаңа жағдайларға сабырлылыққа; қауіпсіздік және өмір сүру әрекетін қамтамасыз етуге; денсаулық сақтау ортасын құруға тілегі және даярлық білдіру.

Каталог: uploads -> doc -> 0210
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0210 -> Фонетика Фонетика Лексика Синтаксис Морфология дегеніміз не? III. Үй жұмысын тексеру
0210 -> Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа әзірлік. ІІ. Өткенді пысықтау


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет