1.Қазақстанның өсімдік ресурстарының қазіргі жағдайына сипаттама беріңіз


-билет 1.Түрішілік қарым-қатынастарға талдау жасаңыз



бет50/72
Дата16.02.2023
өлшемі1,31 Mb.
#169056
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   72
Байланысты:
биоррр

36-билет
1.Түрішілік қарым-қатынастарға талдау жасаңыз
Күрестің бұл формасы бір түр дарақтарының арасында өтеді. Мұндай күреске бұғылардың немесе өзге жануарлардың күйлеу бәсекелестігі; қарағайлы немесе шыршалы ормандардағы өсімдіктердің бір түрінің жарық үшін бәсекелестігі мысал бола алады. Күрестің бұл түрі өте шиеленіскен форма, оның барысында көбінесе дарақтар өледі. Шынында да көптеген сүтқоректілерде күрестің бұл түрі тууға дейін басталып кетеді. Көп ұрпақ беретін андардың (тышқандар, иттер) бір ұяласында салмағы мен мөлшері біркелкі емес күшіктері болады. Бұл ұрықтық деңгейден-ақ туыстас еркек және ұрғашы күшіктер қағанақ арқылы анасының ағзасынан түсетін қоректік заттар үшін бәсекеге түсетінін дәлелдейді. Сөйтіп қоректік заттарды мол пайдаланатын, дамуы тезірек жүретін күішктердің дені сау, күштірек болады да бірінші болып тууға мүмкіндігі көбірек болады. Туу соңынан бәсекелестік үдерісі күшейе түседі. Бір ұядағы балапандар ата-енесі әкелген қорек үшін бәсекелеседі. Жануарлардың бір жұбында бір маусымда ұрпақтары неғұрлым көп болса, олардың арасында тіршілік үшін түрішілік күрес соғұрлым күштірек болады.
Жыныстық көбеюге арналған бәсекелестік Бір түрдің даралары репродуктивті маусымда болған кезде, жыныстық серіктестерге қатысты бәсекелестік оқиғалар, әсіресе бір әйелге арналған еркектер арасында болуы өте қалыпты жағдай.


2.Жамбыл обылысының табиғат жағдайы және табиғат ресурстарына сипаттама беріңіз
Облыстың айтарлықтай аумағын Бетпақдала және Мойынқұм алады, тек оңтүстік-батыс, оңтүстік және оңтүстік-шығыс шеті таулармен шектелген (Қаратау, Қырғыз және Шу-Іле Алатау таулары). Рельефтің бұл ерекшелігі облыс климатына әртүрлілік ендіреді.
Табиғи ландшафтардың флорасы мен фаунасы кең және әртүрлі. Облыста өсімдіктердің 3 мыңнан астам түрі бар. Аң аулайтын өңірдің жалпы алаңы 13,9 мың га құрайды, онда жануарлардың 40-тан астам түрі мекендейді.
27,8 мың га алаңды құрайтын балықшаруашылық қоры 74 су айдынынан тұрады, оның ішінде 73 су айдыны балық шаруашылығына жарамды. Ірі бөгендерден Тасөткел және Теріс-Ащыбұлақ бар. Балық аулау кәсібінде толстолобик, ақмарқа, карп, сазан, көк серке, тыран балық, краль, торта балықтарын аулау кең таралған.
Облыс аумағында 3 мемлекеттік табиғи (кешенді) қаумалы бар:
• Мемлекеттік (кешенді) қаумал «Берікқара шатқалы» — 17,5 мың га алаңды алады, онда қызыл кітапқа енгізілген аса бағалы ағаш бұтасының және шөп өсімдігінің 50-ден астам түрін, ал жануарлардан – арқарды, үнді жайрасын, жұмақ шыбыншыны кездестіруге болады;
• Жалпы алаңы 3,07 мың га құрайтын мемлекеттік табиғи (кешенді) қаумал «Қарақоңыз шатқалы» (ботаникалық), Зайлы Алатаудың батыс сілемінде орналасқан. Алма, шие, алша, жүзімағаштарының жемісті көшеттері үйеңкі орманның, боз қарағанның, тұт ағашының, түйе жаңғағының алаңдарымен ауыстырылады;
• Жалпы алаңы 1000 мың га құрайтын Андасай мемлекеттік (кешенді) қаумал(зоологиялық) Мойынқұм ауылынан батысқа Шу өзенінің жағасының бойында орналасқан. Өсімдік қабатында селеу шөбі, бетеге, қара сексеуіл, талдың ну бұтасы басымды. Жануарлар әлемінде арқарлар, құландар, жайрандар, еліктер, қабандар, қояндар, қырғауылдар, құрларбасым.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   72




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет