35-билет
1.Түраралық өзара қарым-қатынастарға сипаттама беріңіз
Жануарлардың әрбір түрі табиғатта жеке-жеке тіршілік ете алмайды. Өзін қоршаған басқа түрдің өсімдік, жануарларымен тығыз байланысып қауымдастық құруының нәтижесінде тіршілігінің тұрақтылығын сақтай алады. Осылайша әр түрге жататын ағзалар қауымдасып тіршілік ету барысында түраралық қатынастар пайда болып қалыптасады. Өзара байланысқан екі түрдің жануарлары үшін түраралық қатынастың маңызы әр түрлі: кей жағдайда екі түрлі жануардың екеуіне де пайдалы, кейде біреуіне пайдалы екіншісіне пайдасыз, кей жағдайда біреуіне пайдалы, екіншісіне пайдасы да зияны да жоқ т.с.с. болуы мүмкін. Осыған сәйкес түраралық қарым-қатынасты бейтараптық немесе нейтрализм, бәсекелестік немесе конкуренция, өзара тиімділік немесе мутуализм , жатыпішерлік (яғни арамтамақтық) немесе комменсализм , жыртқыштық, тоғышарлық (паразитизм) қатынас деп жіктейді.
Мутуализм(латын тілінде mutuus – өзара) – әр текті жануарлардың өздерінің сыртқы ортамен байланысын бір-бірінсіз атқара алмауы; симбиоздың бір түрі. Мутуализм кезінде екі жануардың бір-бірімен тығыз байланыста болатыны соншалық, олар бір-бірінсіз тіршілік ете алмайды. Мысалы, термиттер организміне келіп түскен қоректік зат – клетчатканы, өздерінің ішегінде, тіршілік ететін талшықтылар болмаса, қорыта алмайды.
Комменсализм (лат. commensalіs – табақтас, масыл) - дастархандас, симбиоздың бір түрі. Коменсализмде екі жануарлардың бірі, (коменсал) өзінің сыртқы ортамен қарым-қатынасын реттеуді басқа жануарға, (иесіне) толығымен жүктеп, өзі сыртқы ортамен тікелей қарым-қатынасқа түспейді. Мысал ретінде қарапус балықтарын келтіруге болады. Голотуриялардың ішек қуысына еніп, олар оны бас пана ретінде пайдаланады
Паразитизм (гр. parasіtos) — белгілі бір организмнің (паразиттің) екінші бір организмді (иені) тіршілік ортасы ретінде пайдаланып, сонда өсіп дамуы, қоректенуі.
Н.В. Павлов бойынша шикізатты өсімдіктер классификациясына талдау жасаңыз
Н.В. Павловтың классификациясындағы барлық пайдалы және техникалық өсімдіктер 22 топқа біріктірілуі
Дәрілік өсімдіктер
Коксағызды (каучук) өсімдіктер
Құрамында гуттаперча бар өсімдіктер
Шыны майлы өсімдіктер
Эфир майлы өсімдіктер
Тоқымалық өсімдіктер
Щеткалық өсімдіктер
Ірі- талшықты өсімдіктер
Қағаз целлюлозалы өсімдіктер
Тағамдық өсімдіктер
Крахмалды өсімдіктер
Қант-инулинді өсімдіктер
Сергітуші ынталандырушы өсімдіктер
Витаминді өсімдіктер
Балды өсімдіктер
Илік затты өсімдіктер
Сабынды немесе санонинді өсімдіктер
Қарамайлы өсімдіктер
Бояуы бар өсімдіктер
Мал азықтық өсімдіктер
Уландырғыш заты бар өсімдіктер
Сәндік немесе гүлдік өсімдіктер
Каучук, камеди, смола, клей, илік заттар алынатын және щетка жасауға қажетті өсімдіктер.Каучук–Табиғи каучукты кейбір тропикалық – бразиль гевеясы, каучук фикусы және т.б. өсімдіктердің сүтті шырындарынан (латекс) алады. Қазақстанда каучук өсімдіктері – көк сағыз және тау сағыз өседі.
Илік заттар алынатын өсімдіктер. Қазақстандағы ерте кезеңдегі жүргізген жұмыстардың тағы бір бағыты ол илік өсімдіктерді жан-жақты зерттеу. Қазақстанда оларды зерттеуді алғаш бастаған 1917 жылы В.П. Марков болды. Марковтың зерттеген илік өсімдіктерінің ішіндегі ең маңыздысы Алтайда өсетін Бадан (Bergenі) Тасжарғандар (Saxifragaceae Камнеломковые) тұқымдасынан.
Щетка жасауға қажетті өсімдіктер.Ақ селеу (Arіstіda pennata) – селеу туысына жататын көп жылдық шөптесін өсімдік. Қазақстанның барлық облысында, әсіресе, оңтүстік аймақтарда жиі кездеседі
Эфир майлары алынатын өсімдіктер.Пайдалы өсімдіктердің ішінде эфир майлы өсімдіктер маңызды орын алады. Өйткені олар косметикада, парфюмерияда тағамдық және фармацефтикалық өндірісте, яғни медицинада кеңінен пайдаланылады.Эфир майлы өсімдіктер шикізатына сұраныс тұрақты өсуде. Қазақстанның ботаник-ресурстанушылары эфир-майлы өсімдіктерді зерттеуде үлкен жетістіктерге жетті Эфир майлы өсімдіктер тізімі жасалды.
Тамақ өнімдерін беретін өсімдіктер. Алқалар тұқымдасы негізінен аса бағалы тағамдық (баклажан, қызыл бұрыш, қызанақ, картоп, т.б.). Асқабақ, қарбыз, қауын, қияр - бақшала өсірілетін тағамдық өсімдіктер. Қазір бақша өсімдіктерінің 900 түрібелгілі. Қазақстанда 9 түрі бар. Асқабақ тұқымдастар азықтық, дәрілік және техникалық мақсатта өсіріледі. Қауын - жылу мен жарықты сүйетін өсімдік. Сондықтан сазды-құмдауыт, құмды жерлерде жаксы өседі.Тамақ өндірісін беретін көкөністер.Ол – негізінен шырынды өнімдер, жапырақты өсімдіктер, тамыр – жемісті өсімдіктер, баданалар, т.б.
Достарыңызбен бөлісу: |