49.1960-1980 жылдардағы КСРО өнеркәсібінің дамуына Қазақстанның қосқан үлесі: 1960-1970 жж. экономиканы реформалау әрекеттері.1965 ж. басталған экономикалық реформа бастапқы кезде экономикалық дамуға белгілі дәрежеде серпін берді. Тоғызыншы бесжылдықта жоспарлау жүйесі бойынша Қазақстанда 1578 кәсіпорын жұмыс істеді. Тоталитарлық жүйе оның өмір сүріп отырған экономикалық құрылымының шеңберінен шығуына жол бермеді. Осының салдарынан 1970ж. басында экономикалық реформаның қоғамдық өндірістің тиімділігін арттыруға бағытталған идеялары бұрмаланды. Реформаның негізгі мақсаты – кәсіпорындардың шаруашылық дербестігін жоспарлы кеңейту-тек көрсеткіштерді кемітуге және коллективтердің көтермелеу қорларын қалыптастыру болды. Көптеген кәсіпорындар пайда табудың қызығына беріліп, өз өнімдерінің бағасын қолдан жоғарлату жолына түсті. Бағаның өсуі есебінен алынған пайда жалақыны көбейтуге мүмкіндік берді, оның өсуі еңбек өсімділігінің өсуін басып озды, мұның өзі 1970ж. бас. ақпараттық процестердің басталуының себебі болды, бұл экономиканың дамуына теріс ықпал жасады. Кәсіпорындардың дербестігін кеңейте отырып, министрліктер мен ведомстволардың әкімшілік және экономикалық өкілеттілігін күшейтті.
Реформаның сәтсіздікке ұшырауының негізгі себебі саяси саладағы демократияландыру процесінің тежелуі болды. Ол тек экономикалық ұйымдық-техникалық саласымен ғана шектеліп, қоғамның саяси құрылымына, меншік қатынасына соқпады, мемлекеттік меншіктің монополиясын сақтады, нарықтық қатынастарды теріске шығарды. Л.И. Брежнев пен оның төңірегінділер реформа негізінде экономиканы терең қайта құруға қарсы болды. 70ж. бас. Реформаны жүргізу тоқтатылды.