1.Қазіргі заман тарихы курсының пәні, мақсаты мен міндеттері, дереккөздері, тарихнамасы және кезеңдері


Көшпелі және жартылай көшпелі қазақ шаруаларық ожалықтарын күш пен отырықшылыққа көшірудің зардаптары.Көшпелі және жартылай көшпелі қазақ шаруаларын отырықшыландыру



бет27/94
Дата15.06.2020
өлшемі218,7 Kb.
#73471
түріСабақ
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   94
Байланысты:
Тарих 90сурак сессия

27.Көшпелі және жартылай көшпелі қазақ шаруаларық ожалықтарын күш пен отырықшылыққа көшірудің зардаптары.Көшпелі және жартылай көшпелі қазақ шаруаларын отырықшыландыру – Кеңестік жүйенің қазақ қоғамын дәстүрлі даму жолынан тайдыру үшін жүзеге асырған саяси-шаруашылықтың шаралары. Алғашқы жылдардан бастап-ақ Қазақ өлкесінің табиғи-климаттық және әлеуметтік ерекшеліктерін ескере қоймаған кеңестік әміршіл-әкімшіл жүйе 20-жылдардың ортасына қарай көшпелі қазақ шаруаларының отырықшыландыру мәселесіне назар аудара бастады. Бүкілресейлік ОАК пен РКФСР ХКК 1924 жылы 17 сәуірдегі ережесі бүкіл елде шаруалар қожалықтарын күшпен ұжымдастыру науқанына ықпал жасады. Жаңадан құрылатын колхоздар көшпелі және жартылай көшпелі бола алмайтын еді. Оның үстіне бүкіл одақтағы барлық көшпелі және жартылай көшпелі шаруалар қожалықтарының 80 %- ға жуығы осы қазақ жерінде болатын. Мемлекеттік жоспарлау бойынша Қазақстандағы көшпелі және жартылай көшпелі шаруашылықтар сандары 706 мыңды, жұмыс істеуші 7 млн-нан астам адам құрады. Қазақстан өлкелік партия комитетінің бюросы 1929 жылы 6-қарашадағы мәжілісінде 1929 – 1930 жылдар, яғни отырықшыландырудың алғашқы жылында, осы шарамен кем дегенде барлық қожалықтардың 12 %-ын қамтуды ( 84000-нан астам) жергілікті органдарға міндеттеді. Қаулыда көшпелі тұрмыстың «социалистік құрылыспен үйлесе алмайтындығы» тағы да атап көрсетілді. Өлкелік партия комитетінің 1930 жылы 19 –қаңтардағы қаулысы бұл жұмысты жаппай ұжымдастыру негізінде күшейте түсу қажеттігіне баса назар аударды.

Көшпелі және жартылай көшпелі қазақ шаруаларын отырықшыландыру туралы мәселе Қазақ АКСР ОАК-нің 1930 жылы қаңтарда болып өткен 2-сессиясында жан-жақты әңгіме болып, онда «Қазақ халқын отырықшыландыру жолдары туралы» арнайы қаулы қабылданды. Онда қабылданған шешімдері орындау үшін Қазақ АКСР ХКК-нің жанынан Отырықшыландыру жөнінде тұрақты комитет құрылды. 1930 жылға арналған отырықшыландыру аудандарын анықтау туралы мәселе осы комитеттің ақпанда болған мәжілісінде арнайы қаралды. Бірінші бесжылдықта 380 мың қазақтың көшеплі және жартылай көшпелі қожалықтарын отырықшыландыру көзделді. Алайда, шын мәнінде, осы кезеңде нақты отырықшыланғандар 70,5 мың ғана қожалық болып шықты. Бұл отырықшыландыруға тиісті қазақ қожалықтарының 17,6 % ғана еді. Қазақстан басшылығы отырықшыландыру үрдісін Бүкілодақтық екпінді шараға айналдыруға барынша күш салды. Осы мақсатпен жергілікті жерлерде Қазақстан одақтағы көшпелі халықтар арасындағы отырықшыландыру пионері болуы тиіс ұсыныс та белең алды. Алайда, мұның ешқайсысы да одақтық үкімет тарапынан қолдау таба қойған жоқ. Орталық бұл жылдары жаппай ұжымдастыру шараларын жүргізуді алғашқы орынға қойды. Республика басшылығының ұжымдастыруды отырықшыландыру негізінде жүргізу туралы ұсыныстары қабылданбай, керісінше «жоғарыдан» отырықшыландыру ұжымдастыру негізінде жүзеге асыру талап етілді.

 1930 жылдан бастап қазақтардың қоныстарынан ауа көшулері үдей түсті. Көп кешікпей-ақ босқын қазақтар Қазақстанның өз ішінде шұғыл көбейді және олар көрші республикалар аумағына қоныс аударды. Олардың саны 1 млн. адамнан асып түсті. Осылайша отырықшыландыру саясаты шын мәнінде сәтсіздікке ұшырады, Қазақстанда 1931-1933 жылдары қолдан жасалған алапат аштықтың кең өріс алуына зор ықпал жасады. Зорлап отырықшыландыру науқанында орын алған өрескел кемшіліктер жаңа шаруашылықтық-саяси науқанда босқындарды орналастыру барысында бірітіндеп жойылды. Алайда, қазақтар эволюциялық өркендеудің табиғи, дәстүрлі шаруашылық жолынан тайдырған зорлап отырықшыландыру шаралары демографиялық және рухани тұрғыдан қазақ халқының өмірінде қасіретті ауыр іздер қалдырды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   94




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет