1—билет Паразитологияның қысқаша дамуы


Гельминтологиялық бөлшектеп жарып тексеру (ГБЖТ)



бет57/73
Дата22.04.2023
өлшемі2,15 Mb.
#175165
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   73
Байланысты:
Паразит жауабы

Гельминтологиялық бөлшектеп жарып тексеру (ГБЖТ) әдісін мал ағзаларының көп мөлшерін немесе ірі мал ағзаларын зерттегенде пайдаланған қолайлы. Оның көмегімен көптеген мал ағзаларын жарып қарап, ірі гельминттерді іздестіріп оның бар, жоғын шамалауға болады. Мал денесінен табылған құрттардың түрін, мөлшерін есептеп, инвазияның интенсивтілігіне байланысты гельминтозға нақты диагноз қоюға немесе паразит тасымалдаушы малды анықтауға болады.


Жеке мүшелерді ГТЖТ әдісі мал ағзаларын жоғарыда баяндал-ғандай толық жарып зерттеу арқылы жүргізіледі. Бұл әдіс жеке ағзаларда мекендейтін гельминттерді толық жинап, зерттеп, түрлерін ажыратып алу үшін пайдаланады. Кейде гельминтозға нақты диагноз қою мақсатымен керекті ғана ағзаны жарып толық гельминтологиялық тексеру жүргізеді.


Жеке мүшелерді ГБЖТ әдісі кейбір көзге ілінер гельминттерді табуға негізделген. Тірі малды немесе өлексені сойысымен, олардың жекелеген мүшелерін жоғарыда көрсетілген әдістермен бөлшектеп жарып тексереді.


Ішқурттарды (гельминттерді) жинау, бекіткіш сұйықта сақтау және тасымалдау. Жинап алған гельминттердің түрлерін ажыратып, зерттегенге дейін бекіткіш (консервант, фиксатор) сұйықтарға салып сақтайды.

Жалпақ құрттарды сумен, жұмырларын су немесе ас тұзының физиологиялық ерітіндісімен жуып, жабысқан кілегейлі шырыш, қыл-қабыр, шөп-шалаңнан тазартып, өздеріне лайықты бекіткіштерге орнықтырады. Сорғыштар мен таспа құрттарды 1%-тік формалин ерітіндісіне немесе 700-тік шарап спиртіне, нематодалар мен тікенбасты-ларды Барбагалло сұйығына (ас тұзының физиологиялық ерітіндісіне 3%-тік мөлшерде болатындай етіп формалин қосып дайындайды). Таспа құрттардың ларвоцисталарын: бүдірленген ұсақ ларвацисталарын (цистицерк), көпіршіктерін (ценур), беріштерін (эхинококк) т.б. осы сұйықта сақтайды. Құрттарды бекіткішке орналастырған соң жұмсақ қара қарындашпен ағзалардан жиналған гельминттердің табылған күнін, малдың түрін, жасын, жынысын, ақ қағазға жазып, ыдысқа жапсырады немесе сұйық ішіне салады. Кейіннен бұл мәліметтерді арнайы жорналға тіркейді.


Әзірленген гельминтологиялық материалдарды шыны түтіктерге, банкаға салып, ағаш жәшіктерге нығыздап орналастырады, шынылар сынбас үшін араларын мақта салып, қымтап, малдәрігерлік лаборато-рияға жібереді.


Зерттеу орнының қашықтығына байланысты және тасымалдау мерзімін есептеп, қажет болған жағдайда гельминттермен зақымданған мал ағзаларын 10%-тік формалин ерітіндісінде 2-3 күндей ұстап, сұйы-ғын төгіп тастайды да өздерін дәкеге орап, ыдысқа немесе қатты қорапқа салып жөнелтеді. Мал нәжісін ұзақ сақтау үшін оны форма-линнің 2-5%-ті ерітіндісінде ұстайды. Мұндайда ішқұрттардың жұмырт-қалары бүлінбей, сақталады.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   73




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет