1—билет Паразитологияның қысқаша дамуы


Алдын алу және күресу шаралары



бет56/73
Дата22.04.2023
өлшемі2,15 Mb.
#175165
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   73
Байланысты:
Паразит жауабы

Алдын алу және күресу шаралары. Пироплазмоз жыл сайын тіркелетін шаруашылықтарда, ауруға қарсы химиопрофилактикалық шаралар жүргізілуі керек. Ол үшін, ауруға бейім мал басын, азидин мен наганин араласқан дәрімен немесе басқа химиялық арнайы дәрілердің бірімен, тиісті нұсқау бойынша көктемде, кене шығардың алдында, егеді. 144 Керекті жағдайда, мал басын 10-15 күннен соң қайта дәрілейді. Шаруашылықтарда химиялық профилактика жүргізумен қатар, жоспарлы түрде кенелерге қарсы шаралар ұйымдастыру қажет.Кенелермен күрес шаралары «Арахнология» бөлімінде жазылған.
19-билет
1)Гельминтоздардың өлген кездегі диагностика әдістері
Гельминтология (грек сөзі: helmints – құрт, logos - ғылым) – бұл тоғышарлық күнелтетін құрттарды, олардың құрылысы мен өсіп-өнуін, келтіретін зиянын, тудыратын ауруларын және оларға күресу шараларын зерттейтін паразитология пәнінің бір саласы.
Паразит құрттар өздерінің өсіп-өну сатысында мал организмінің әртүрлі ұлпалары мен ағзаларында кездеседі. Ал, оларды іздеп табу үшін, өлген малды гельминтологиялық әдіспен жарып (керек жағдайды малды сойып), ішін жарып, ағзаларын патологоанатомиялық (өлекседегі өзгерістерді ескеріп), арнайы гельминтологиялық тәсілдермен зерттейді.


Гельминтологиялық толық жарып тексеру (ГТЖТ) әдісін алғаш ұсынған К.И.Скрябин. Бұл әдіс мал денесіндегі барлық құрттарды қалдырмай жинап алып, зерттеуге мүмкіндік береді. Алдымен малдың терісі алынады, оның шелін қарап шығады, сонан соң құрсақ және көкірек қуысын жарып ашады. Асқорыту мүшелерін жеке-жеке бөлшек-теп зерттейді. Сонан соң өкпе, көмей-кеңірдегімен бірге, жүрек қолқасымен, бүйректері несеп түтіктерімен, қуығымен және жыныс ағзалары толығымен алынып зерттеледі.

Әуелі ішек-қарынды мұқият тексереді. Ол үшін бұларды құрсақ қуысынан алып шығарады. Асқазан (ұлтабар), ащы ішек, бүйен, тоқ ішекті майлы шажырқайдан тазартқан соң, әрқайсысының бір-бірімен ұштасқан жерлерін жіппен немесе дәкемен байлап, пышақпен немесе қайшымен тіліп жарып, әрқайсын белгілі бір ыдысқа (шелекке, шылапшынға, астаушаға, табаққа, т.б.) салады.


Өңештің өзегін бойлап, арнаулы қайшымен (энтеротом) кесіп, ішкі қабығын айқара ашып, сумен бір екі рет шайып қарайды.


Асқазанды (ұлтабарды), ащы ішекті, бүйен, тоқ ішекті жеке-жеке қайшымен жарып, ішіндегі жынын дайындап қойған ыдыстарға аударып құяды. Оның үстіне су қосып, әбден араластырып сұйылтады, әрі тұндырады. Тұнба бетіндегі сұйықты төгіп тастап, үстіне су қосып тұнбаны тағы сұйылтады. Бетіндегі су мөп мөлдір болғанша тұнбаны шая береді. Суды соңғы рет төгіп тастайды, шөгіндідегі кесек жұмыр және таспа құрттарды имек инемен жиып алады.


Содан кейін тұнбаны аз-аздан қара түсті астаушаға (фотокюветка) құйып отырып, жарыққа тосып, үлкейткіш әйнекпен (лупа) немесе қәдімгі бинокулярлы лупамен тексеріп шығады. Тік ішекті және күйіс қайыратындардың қосымша қарындарын жарып, ішіндегі жынын төңкеріп тастап, сумен шайып, ішкі қабығын жай көзбен шолып, ірі гельминттерді жинап алады.


Бауырдың өтін сылып тастап, жалпақтау ыдысқа салады. Пышақ-пен өт өзектерін өз бағытымен көптеген майда бөліктерге бөледі, саусақтармен іреп, алақанмен мыжғылап езеді, үстіне су құйып, араластырып, бірнеше мәрте қайтара шәйіп, тұндырады. Бауыр бөлшектерін қолмен сығып, сығындысын жинап, ыдыс түбіне шөккен, гельминттерді теріп алады. Ұйқы безін де жоғарыда жазылған тәртіппен тексереді.


Өкпені қысып-сипап қарайды, көмейді, кеңірдекті екі ауа тармағы бойымен қайшымен артқы бөліктеріне дейін тіледі. Кездескен қыл-құрттарды жиыстырып алады. Өкпенің өзін саусақтармен жыртып, мыжғылап, үстіне су құйып, бірнеше қабат шайқап, тұндырып шөгіндіні лупамен қарайды.


Жүректі сыртқы қабынан ажыратып, сыртқы бетінен (эпикардтан) цистицерк бүршіктерін іздейді. Содан кейін, жүректі ұшынан бастап құлақшаларына дейін кездікпен қақ жарып екіге бөледі. Әр бөлігін ұзынынан екі, көлденеңінен бір тіліп еттерін (миокардты), ішкі жағын (эндокардты) мұқият қарап шығады.


Бүйректі қандауырмен (скальпель) үлкен доға бойымен айналдыра кеседі. Бүйрек түбегінен пышақ жүзімен тырнап қырында алады да, мүшенің өзін кескілеп қайта-қайта сумен шаяды. Несеп түтігі мен қуықты жарып, олардан қырынды алып, лупамен қарайды.


Бас сүйекті жарып, миды және омыртқа ұңғылынан жұлынды суырып қарайды. Миды жұқалап кескілеп, бинокуляр лупа немесе микроскоппен зерттейді. Екі көзін ойып алып, су бүріккішпен көз шарасының ішін шайып, астаушадағы шайындыны қол лупасымен тексереді. Қабықтың кілегейі қабығы мен конюнктива қалтасынан алынған қырындыны қарайды. Бұлшық еттер мен тарамыстары өз алдына жеке тексеріледі (қар.: сиыр мен доңыздың цистицеркозы, адам мен аңдардың трихенеллезі). Ұсақ хайуанаттарды ГТЖТ әдісімен қара-ған жөн, өйткені денедегі барлық құрттарды жинауға мүмкіндік туады.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   73




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет