1—билет Паразитологияның қысқаша дамуы



бет60/73
Дата22.04.2023
өлшемі2,15 Mb.
#175165
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   73
Байланысты:
Паразит жауабы

Клиникалық белгілері. Аурудың бірінші, ары қарайғы және тұрақты белгілері қышу болып табылады. Жануарлар қышыған бөліктерді аяқтарымен қасиды, тістерімен кеміреді, қатты заттарға уқаланады. Зақымдалу ошақтары «сойыс» бойынша - жабағыланған ылғалды жүнді бөліктерде жеңіл анықталады. Ары қарай жүн осындай бөліктерде, шашты буылтықтармен байланысын үзіп, жүн беткейінде байламдар түрінде жоғарлайды; ұстаған кезде олар жеңіл қабатталады және өздігінен түседі. Аурудың даму шамасы бойынша қышу аллергиялық сипатқа ие болуы мүмкін, және қойлар кене жоқ сау бөліктерді қасиды.Қышу түнде, жаңбырдан кейін және құбылмалы ауа райында күшейеді (149-сурет). Қарқынды зақымдалу кезінде, терде патологиялық өзгерісі бар кең жүнсіз бөліктері тұзіледі. Жануарлардың жағыдайы нашарлайды, серпінді арықтау дамиды, және жеткіліксіз қоректену кезінде өлім түседі. Жазды қырқылған қойларда псороптозды үрдіс өшеді, тері патологиялық түзілулерден тазарады, жаңажүннің өсуі байқалады. Сауығу көріністері құрылады. Бірақ, осы уақыттарда да жануарлар қышуды сезінеді, әсіресе жаңбырдан кейін. Олар кене бүркемеленген жерлерді қасиды. Қышу біркелкі, қысқа уақыттық және тұрақты емес. Теріні жарақаттауға дейінгі қасу болмайды.
Паталогиялық-анатомиялық өзгерістері. Терінің патологиялық өзгерісі мальпиги қабатына дейін дистрофиялық өзгерістермен сипатталады. Эпидермис жасушалары қабатталған, гомогенезделген, жуандаған. Эпидермиске жабысып тұрған тері негізі ісікті, кей жерлерінде лейкоцттермен инфильтрирленген (көбінесе эозинофилдермен) және лимфоидты элементті болады, тамыр эндотелийлері десквамирленген.Майлы бездерде қоюланғанмайлар жиналады. Жасушалардағы шашты буылтығы шаштың түбіне серозды инфильтраттың жиналуы болатын дистрофиямен көрінеді. Генрализденген формасы кезінде (50 пайыз зақымдалғанда) бүйректердегі және бауырдағы өзгерісімн, өкпе эмфиземасы және ісігімен,миокард дистрофиясымен, васкулиттармен, эндартерииттермен,эозинофилиялармен сүйемелденетін гипоксия және токсемия дамиды.
Емі. Басқада саркөптоизды аурулардағы секілді, қойлардың псороптозына қарсы негізгі өңдеу әдісі, тері қабатын толықтай акарицидті сұйықтықпен қанықтыру болып табылады. Ол үшін жануарларды акарицидті эмульсиялы ванналарға жуындырады. Инвазионды үрдіс таралу орнына және қарқындылығына тәуелсіз тоқталады, себебі жуындыру кезінде барлық тері қабаттарының жаппай дезакаризациясы қамтаммасыз етіледі. Ваннадағы жуындыру технологиясы келесідей жасалады: қойлардың аздаған тобын жуындыру алдындағы базадан ваннаға салаын қашаға айдайды. Жануарларды малтыту кезінде екі реттен кем емес басымен суға батырады. Ваннадан қойлар тұндырғыш аумаққа кіреді, оларды бұл жерден сұйықтықтың толық ағуына дейін ұстайды. Ең қиыны қойларды ваннаға айдауы. Әр түрлі тәсілдер мен мүмкіндіктрі, техникалық заттары белгілі. Сондықтанда, жуындыру қондырғысының қағидаттарын лақтыур жән батыру деп бөледі. Лақтыруға транспортерлер, итергіш қалқандар, еңкейтілген және жылжитын платформаларды жәнет.б қолданады.
Суық кездерде ауру жануарларды жуындыру жағыдайлары болмаған кезде дустотерапияны қолданады, жүйелік әсерлі акарицидтермен немесе аэрозольді баллондардағы препараттармен өңдейді. Дустармен өңдеуді желден қорғалған аумақта, бұлыңғы ауа райында – шатыр астында жүргізеді; бір қырқылмаған қойға 300 г дейін дуст кетіреді. Жүйелік әсерлі препараттарды тері асты инъекциясын жасап (ивомек, цидектин, аверсект және т.б) немесе омыртқа жотасының маңындағы теріге төгіп(себацил, эктопор, байтикол және т.б.) қолданады. Жылы ауа райының түсуімен, дустармен немесе аэрозольді препараттармен өңдеуге ұшыраған жануарларды қырқып болған соң ваннада өңдейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   73




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет