1—билет Паразитологияның қысқаша дамуы


Инвазияның экстенсэффективность және интенсэффективность түралы түсінік



бет45/73
Дата22.04.2023
өлшемі2,15 Mb.
#175165
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   73
Байланысты:
Паразит жауабы

1Инвазияның экстенсэффективность және интенсэффективность түралы түсінік

Инвазиялық аурулардың барысы көптеген факторларға – паразиттiң түрiне, биологиясына, инвазияның интенсивтiгiне, жануардың физиологиялық жағдайына тәуелдi болады. Сондықтан, осы көрсетiлген себебтерге байланысты паразитарлық аурулардың жiтi айқын клиникалық белгілерін және субклиникалық (белгiлерi айқын көрiнбейтiн) Клиникалық белгілерін анықтауға қиын. Күйiстiлердiң iшек нематодоздары кезiнде инвазияның латенттiк (latentis - жасырын) түрі орналасқан. Осылай, семiздiгi жақсы қозылардың күзде диктиокаулюс дернәсілдерімен зақымдалуы шажырқай, сөл бездерiнде паразиттiң тоқтауымен аяқталады. Бiрақта, ерте көктемде сапалы азықтың жоқтығынан, өтпе желдің әсерінен және тағыда басқа терiс факторлардың дернәсілдер иесiнің нақты барьерлері арқылы еркiн өкпеге өтiп диктиокаулез ауруын тудырады. Биязы жүндi қойларда қышыма күз-қыс кезеңiнде жiтi түрде дененiң үлкен бөлiктерiн зақымдаумен өтедi, бiрақта жазда жақсы жайлау болғаннан және күн сәулесi молшылығынан бұл инвазия жасырын өтеді. Көптеген паразиттарлық аурулар айқын емес, клиникасы белгiсiз, созылмалы түрде өтедi. Жануарлардың паразиттермен зақымдалуы туа біткен немесе жүре пайда болған иммунитетке, табиғи резистенттiлігiне, түрiне, тұқымына, жасына, бағу және азықтандыру жағдайына байланысты болады. Жануарлар бiр жайлауда әрбiр мерзiмде паразиттiк организмдерiмен бiрдей емес және солардың түрiмен зақымдалады. Сол үшiн паразитологияда келесi тусiнiктердi қолданады. Инвазияның экстенсивтiгi (ИЭ) – бүкiл зерттелген мал басынан зақымдалған жеке организм санын пайзбен есептеп көрсету, мысалы, гельминтокопрология кезiнде 100 мегежiннiң онында ғана аскарида жұмыртқалары табылады, ендеше ИЭ 10 % тен болады. Инвазия интенсивтiгi (ИИ) жануарды сойып ашып паразиттiң белгiлi түрiнің санын айқындау және данамен бағалау. Осылай, iрi қараның бауырын сойып ашып қарағанда 10 фасциола табылса, ИИ 10 % болады.




2 Шошқа аскаридозы
Шошқа аскаридоз ауруы - Ascaridae тұқымдасына, Ascaridata подотрядына жататың дөңгелек құрттармен шақырылады. Қоздырушы ащы ішекте және бауырдың өт жолдарында мекеңдейді. Қоздырушы – Ascaris suum – ірі ұршық тәрізді нематода. Аталықтардың ұзындығы 10-25 см, аналықтардың 20-40 см жетеді. Ауыз қуысының үш еріні болады шеттері өткір тістерімен қапталған. Аталықтарының екі қысқа бірдей спикуласы болады. Жұмыртқалары сопақша келген, мөлшері (0,06-0,08)х(0,04- 0,05)мм, қабығы жуан, бұдырлы, қоныр түсті. Қоздырғышының даму биологиясы. Аскаристар - геогельминттер, иенің ағзасында тік жолмен дамиды. Толық жынысты аналықтар бір тәулікте 200 мың жұмыртқаға дейін салады, олар нәжіспен бірге клиникалыққы ортаға шығады. Температура 24-26ºС және дымқыл болған кезінде жұмыртқада 21-28 тәулікте инвазиялық сатысына дейін дернәсіл дамиды. Шошқалар инвазиялық жұмыртқаларды азықпен немесе сумен жұтып зақымдалады. Шошқаның ішегінде жұмыртқалардан дернәсілдер шығып қан тамырларға енеді. Қақпақ вена арқылы бауырға, содан кейін қуысты вена арқылы – оң жақ жүрекшеге түседі. Оң жақ жүрекшеден өкпеге, ұсақ капиллярларға, альвеолаға, бронхиолаға, бронхтарға барады да, кілегеймен қосылып ауыз қуысына түсіп жұтылады. Ішекке түскең дернәсілдер 1,5-2,5 ай ішінде толық жыныс гельминттерге жетеді. Нематодалардың тіршілік ұзақтығы 4-10 айға тең. Эпизоотологиялық деректері. Аурудың тарату көзі – уақытында дегельминтизацияны өтпеғен ересек шошқалар. Негізінен зақымдалу залалсызданған шошқа қорасында өтеді, шошқа торайлары аскарида жұмыртқаларын азықпен және сумен жұтып зақымдалады. Дұрыс азықтандырмау (әсіресе витамин А және В жетіспеуі) торайлар ауруларының 95 таралуына әкеп соқтырады. Аскарида дернәсілдеріның көп саны олардың организмінде жиналады, сондықтан жауын құрттар резервуар болып саналады. Аскарида жұмыртқалары клиникалыққы ауа райының шарттарына өте тұрақты және өмір қабілеттігін 2 жылға дейін сақтайды (адамның аскарис жұмыртқалары 6 жылға дейін сақталады). Шошқа аскаридозымен зақымдалуы жылдың мерзіміне де байланысты. Патогенезі және иммунитеті. Патогенезі аскаридоз кезінде паразиттің даму биологиясына байланысты. Дернәсілдер ішек-бауыр-жүрек-өқпе-ішек схема бойынша миграция жасаған кезде ұсақ тамырларды, мүшелерді және ұлпаларды зақымдап, қабыну процесстерді және қан құйылуды тудырады. Миграция жасаған кезде дернәсілдер ұлпалық паразиттер болып саналады, бірнеше рет түлейді, өсіп дамиды, метаболизм өнімдерін бөліп шығарады, паразиттердің жартсы өліп қалады. Осы нәтижеден аллергия дамиды. Толық жетілген аскаристар ащы ішектің кілегейін механикалық зақымдап, кейбір кезде бекітеді немесе қабырғасын жарады. Аскаридалар бауырдың өт жолдарына жылжиды да өттін ағымын қинатады. Осы арқылы зат алмасудың, орталық жүйке жүйесінің жұмысы бұзылады, жартылай салдану және тырысу байқалады. Жануардың жасы қосылуымен жүре пайда болған иммунитет төмендейді. Клиникалық белгілері. Паразиттің даму сатысына қарай аурудың жіті (миграциондық) және созылмалы (іШектеук) түрі болады. Аурудың жіті түрінде аллергия және бронхопневмония, жүйке құбылыстары (жартылай салдану, тырысулар), тіс қайрау, аяқтардың, қарынның бөлек бүлшықеттерінің дірілдеуі, тепе-тендік бұзылуы, жөтел (басында құрғақ, содан кейін дымқыл), жиі бетті дем алу белгілері білінеді. Дене температурасы көтеріледі. Торайлар төсеніш астына тығылып өлімге бас тартады. Торайлардың терісінде 5 - 6 тәуліктен кейін ұсақ, шеттері қара немесе қоныр бұртпелер, папулалар пайда болады. Инвазияның созылмалы түрінде тәбеті төмендейді, ішек-қарын жолының қызметі бұзылады, жануарлар тез жүдейді (заморыш теп атайды). Ересек шошқаларда Клиникалық белгілері көзге көрінбейді. Паталогиялық-анатомиялық өзгерістері. Ларвальді аскаридоз кезінде өзгерістер бауырда әқ дәкті түрінде және өқпеде қан құйюлылар білінеді. Аурудың бірінші күндерінде өқпеде ұсақ әқ дақтар және нүкте қан құйюлылар пайда болады. Сонында өқпе қара-қызыл түсті болады. Инвазияның имагинальді түрінде бекітілу және жарылуы байқалады. Ащы ішекте катаральді энтерит және ішек қабырғасының атрофиясы байқалады. Өлекселер арық, ісінген және терісінде бөртпелер бар. Балауды кешенді түрде инвазияның барысын есепке алып қояды. Жіті аскаридозға соңғы балауды қою үшін өлексенің өқпесің кесіп жылы суда ұсақтап Берман әдісімен зерттейді. Аскарис дернәсілдерін табады. Аскаридоздың созылмалы түрің анықтау үшін нәжисті Фюллеборн әдісімен зерттейді. Ашып қараған кезде гельминттерді және ащы ішектің катаральді қабынуын байқайды. Емдеу үшін пиперазин, нилверм, фенбендазол (панакур), фебантел (ринтал) және т.б. қөлданады. Алдын-алу және қүресу шаралары. Аскаридозға қарсы шошқаларды қүту технологиясын және ауру барысының ерекшеліктері ауа райыгеографиялық жағдайларына байланысты есепке алып шараларды өткізеді. Таза емес шаруашылықтарда мамыр айынан желтоқсан айына дейін 35 күн жасынан бастап торайларға преимагинальдік дегельминтизация өткізеді: бірінші рет 33- 40 тәулік жасында; екінші рет 50-55 тәулікте және үшінші рет 90 тәулік жасында: желтоқсаннан бастап мамыр айына дейін: бірінші рет 50-55 тәулікте, екінші рет -90 тәулікте. Әрбір төлдеудің алдында шошқа аналықтарының қораларына дезинфекция жасайды, ол үшін ксилонафтың 10-%-тық (70-80º) су эмульсиясың (экспозициясы 3 сағат), едкий натрдың немесе калидың 5-%-тық ерітіндісің (70- 80º) қолданады, (экспозициясы 6 сағат).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   73




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет