1—билет Паразитологияның қысқаша дамуы


Емі: Малдарда емі жоқ. Адамдарға тиабендазол және басқа бензимидазол тобына жататын дәрілер пайдаланады. Алдын – ала сақтандыру шаралары



бет53/73
Дата22.04.2023
өлшемі2,15 Mb.
#175165
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   73
Байланысты:
Паразит жауабы

Емі: Малдарда емі жоқ.
Адамдарға тиабендазол және басқа бензимидазол тобына жататын дәрілер пайдаланады.
Алдын – ала сақтандыру шаралары:

  1. Шошқаның ұшаларын міндетті түрде трихинеллоскопиядан өткізу керек. Егер малдың үшасында трихинеллалардың бір ғана балаңқұрты кездессе, онда ветеринариялық-санитарлиялық береже, заң бойынша, сол үша түгел утилге жібіледі, етті пайдалануға тиім салынады.

  2. Ферманың айналасын таза ұстау, қоқырсықтан және ұсақ малдың

өліктерінен үнемі тазартып отыру қажет.

  1. Трихинеллезге шалдыққыш келетін, аң аулаған кезде өлтірілген түлкілердің, қасқырлардың және иттердің, ұсақ жыртқыштардың ж.б аңның ұшаларын шошқаға жегізуге болмайды.

3 Ірі қара пироплазмозы


Пироплазмоз - анемиямен, кілегей қабаттарының сарғаюмен, жүрек жұмысының зақымдануымен, малдың күйзелуімен, тәбетінің жоғалуымен, дене қызуының жоғарылауымен, сондай-ақ аурудың ауыр кезеңінде кілегей қабығының, ағзалардың қанталауымен, гемоглобинуриямен ерекшеленетін трансмиссивтік ауру.
Қоздырғышы. Pіroplasma bіgemіnum Романовский әдісімен бояғанда пироплазмалардың цитоплазмасы көкшіл, ядросы қызғылт түске боялады. Әдетте эритроцит ішінде бір, екі, кейде одан да көбірек паразит болады. Паразит пішіні алмұрт, дөңгелек, сақина тәрізді және ұзынша сопақ. Қосарланған алмұрт тәрізділері жіңішке жақтарымен жалғасып, эритроцит ішінде сүйір бұрыш түзейді. Жалғыз орналасқандарының тұрқы 2,2-ден 6 мкм дейін, қосарланған алмұрт тәрізділерінің тұрқы 4,5 мкм-ге дейін. Аурудың бас кезінде дара, кейіннен жұптасқан түрлері көбірек кездеседі. Аурудың әрі дамуына байланысты, зақымданған эритроциттердің саны тез көбейіп, 5-15 % -ке жетеді (сирек жағдайларда 40 %-ке дейін) (I, XVІІ суреттер).
Қоздырғыштың даму биологиясы. Эритроцит ішіндегі пироплазма жыныссыз екіге бөліну арқылы немесе бүршіктену арқылы көбейеді. Пироплазмалар кене денесінде шизогония әдісімен көбейеді. Пироплазмалардың тасымалдаушысы – бір иелі Boophіlus calcaratus, екі иелі Rhіpіcephalus bursa және үш иелі-Haemophysіalіs punсtata кенелері. Ріroplasma bіgemіnum паразитін кенелер трансовариалдық жолмен тасымалдайды. Boophіlus calcaratus кенелері пироплазмаларды, әдетте, нимфа сатысында, ал H.punctata, R.bursa кенелері имаго сатысында тасымалдайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   73




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет