Клиникалық белгілері. Қышыма қотырдың жасырын кезеңі 15-20 күн. Саркоптоздың алғашқы Кдиникалық белгілері малдың басында, көз маңында, тұмсығында байқалады. Жылқы мен шошқаның алдымен мойнында, жауырынында, сонан соң төс жағына тарап және құйрығының түбіне жайылады. Түйенің қотырға мойны, сандарының ішкі жағы, бас терісі, аяқтарыныңь жұлығы, бақайларының арасы шалдығады. Алғашқыда қотыр ошақтары қатты қышиды, сонан соң онда кішкене түйіншектер және іріңді бөртпелер пайда болады. Қышыған жерлерін мал қасиды, сондықтан зақымданған терісі жарылып кетеді. Терісі қатпарланып жүні түсіп қалады, мал арықтайды. Ірі қара мен қойда саркоптоз өте сирек кездеседі. Саркоптозға негізінен қойдың бас терісі, ал мүйізді қараның бас және мойын терісі шалдығады. Саркоптозды анықтау тәсілдері псороптоздағыдай. Бір ескертетін нәрсе Sarcoptes кенелері өте ұсақ және терінің ішін, яғни эпидермис қабатында мекеңдейді. Сондықтан теріден микроскопиялық зерттеу үшін қырынды алғанда, теріні қанды-сөл шыққанша тереңірек қыру керек. Саркоптоздың емі мен дауа шаралары да псороптоз ауруындағыдай.
18 билет
1 Гельминтоздар кезіндегі патогенезі және иммунитеті
Гельминтозооноздар (фасциолез), (трихинеллез), (эхинококкоз) түрлері белгілі. Гельминтоздарға қарсы арнайы дәрілер – антгельминттер қолданылады.Гельминтоздар ауыл шаруашылығы малдарында көп кездеседі, қазір оның 2000-нан астам түрі белгілі. Мыс., қойларда мониезиоз, эхинококкоз, протостронгилез, т.б. ірі қара малда – фасциолез, эхиноккоз, т.б.; жылқыда – стронгилятоз, құстарда – аскаридиоз, полиморфоз, т.б.; балықтарда – ботриоцефалез, диплостомоз, т.б. кездеседі.
Гельминттер иесінің организміне көптеген зиян келтіреді. Патогендік зияны мынандай түрлерден тұрады:
Механикалық зияны – құрттар әр түрлі мүшелер мен ұлпаларда мекендегенде, сол ағзаларда бекітілгенде және иесінің денесінде орын ауыстырып жүрген кезде механикалық әсерін келтіреді. Бауырда, өкпеде, талақта, бүйректе, мида, бұлшық етте және т.б. мүшелер мен ұлпаларда мекендегенде құрттар сол жерде атрофияны туғызады.
Құрттар ішекте, т.б. паренхиматоздық мүшелерде өздерінің ілмектері мен сорғыштарымен бекітілген кезде механикалық зақым, қабыну
процесстерін тудырады.
Кейбір құрттар даму айналымында организмде жүзіп орын ауыстырып тұрады, мысалы, фасциолалардың, дикроцелиялардың, эуритремалардың балаң құрттары ішектен бауырға, талаққа, ценуроз қоздырушысының балаң құрты қойдың ішегінен миға, деляфондиялардың балаңдары күре тамырына, аскаридтердің балаңдары бауыр, өкпе, жүрекке орын ауыстырады. Сол кезде жүзіп жүрген жолдарында механикалық әсерін тигізеді, қабыну процестерін тудырады, дененің ішкі қуыстарын бекітеді және сапрофиттік микрофлораға жол ашады.
Достарыңызбен бөлісу: |