1—билет Паразитологияның қысқаша дамуы


Гельминтоздардың иммунитеті



бет51/73
Дата22.04.2023
өлшемі2,15 Mb.
#175165
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   73
Байланысты:
Паразит жауабы

Гельминтоздардың иммунитеті

Гельминтоздың иммунитеті әлі толық зерттелмеген. Иммунитеттің негізгі механизмі және жалпы заңдылықтары инфекциялық аурулардың иммунитетіне ұқсас. Негізгі ерекшеліктері иммунитеттің белсенділіктерінің төмен болғаны және ауру жұқтырғанға бейімділігінің жоқтығы. Гельминтоздарда иммунитет толық емес болып саналады.
Э.А.Давтян, Р.С.Шульцтің мәліметтері бойынша гельминтоз ауруларының иммунитеті үш түрлі болады:



  1. Абсолюттік иммунитет – бұл түрде аурудың ешқандай клиникалық белгілері байқалмайды, жануарлар гельминттерге толық бейім болады. Гельминттердің инвазиялық сатылары ішектердің шекарасынан өтпей, транзиттік жолымен сыртқы ортаға, ауруды тудырмай түседі.

  2. Тосқауылдық иммунитет – бұл түрде жануарлар гельминттерді жұқтырады, бірақ олардың балаң сатылары организмнің әр түрлі қорғаныс

тосқауылдарында (ішектің қабырғалары, тері, бауыр, лимфа түйіндері,
өкпенің ұлпасы және т.б.) тоқтап, сыртынан қапшығыменен оралып залалсыздандырады. Осы кезде жануарларда кейбір клиникалық белгілері байқалады, мысалы асқорыту жүйесінің бұзылуы, нәжісіне қан араласуы, пневмонияның белгілері және т.б.

  1. Шектеулі иммунитет – бұл түрде гельминттер барлық тосқауылдардан өтеді, бірақ организмнің белсенділігі жоғары

болғандықтан гельминттердің өсіп-өнуі тежеледі және олардың саны, өлшемі, көлемі, дамудың мерзімі, сақтануы төмендейді.
2 Жануарлар трихоцефалезы
Бұл жіті немесе созылмалы түрде өтетін антропозоонозды, жұмыр құрттар қоздыратын, бүлшық еттердің зақымдануымен сипатталатың гельминтоз ауруы. Бұл кұрт сүт қоректілердің 100-ден астам түрінен табылған.
Жіктелуі:
Тек тармағы: Trichocephalata Тұқымдасы: Trichinelidae Туысы: Trichinella
Түрлері: T. spiralis - шошқаларда
T. native – Орта Азиядағы жыртқыштарда
T. nelsoni – Африкадағы жыртқыштарда

  1. pseudospiralis – тауқтарда, ұйректерде, торғайларда,

еноттарда
Сырт құрылысы: Trichinella spiralis - өте ұсақ және шаш тәрізді нематодалар. Басы денесінің өзге жағымен салыстарығанда ол жіңішке болып, әсіресе өңеші ерекшеленіп көрінеді. Тұрқы: еркегі 1,4 -1,6 мм., ұрғашысы 3-4 мм. Олардың жатырының ішінде қаптаған майда балаң құрттар болады. Өйткені, ұрғашылары туады.
Мекен – жайы. Ересек трихинеллалар хайуанаттар мен адамның ащы ішегінде тоғышарлық тіршілік етеді. Ал, олардың балаң құрттары
қаңқа немесе көлденең жолақ еттерде мекендейді.
Даму айналымы: Биогельминттер. Бұл құрттардың ерекшелігі – бір организм, яғни адам немесе сол мақұлық, хайуан бірден ақтық та, аралық та иесі болып саналады. Шошқаның ащы ішегіндегі ұрғашы тоғышар ұрықтар салады. Бұлар лимфа тамырларына еніп, лимфаның ағысымен бірге әуелі қан айналысының кіші одан кейін үлкен шеңберіне келеді. Бұдан барлық органдар мен талшықтарға өтеді. Майда тамыршалар жүйеден ұрықтар шошқалардың көлденең жолақ бұлшық етіне еніп, өседі. Өз айналасына капсуланы қалыптастырады, спираль тәрізденіп инвазиялы
күйге айналады (25 жылға дейін сақталады). Шошқалар трихинелдардың қабықтары қарын шырынның әсерінен ериді және тоғышардың ұрықтары ащы ішектің қабырғаларына енеді. Мұнда олар өсіп, түлейді және 2-3 күннен кейін жынысы жетілген еркек және ұрғашы құрттарға айналады.
Шошқа ішіндегі жынысы жетілмеген ұрғашы трихинелдар тіршілігінің ұзақтығы 8 аптаға жуық. Бұдан кейін ұрғашылары ішектен
шығады, ал, еркектері жаңадан бірігуге қалып қояды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   73




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет