1—билет Паразитологияның қысқаша дамуы


Эпизоотологиялық деректері



бет54/73
Дата22.04.2023
өлшемі2,15 Mb.
#175165
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   73
Байланысты:
Паразит жауабы

Эпизоотологиялық деректері. Пироплазмоз негізінен еліміздің Оңтүстік бөлігінде таралған. В.calcaratus кенелері негізінен Оңтүстік Қазақстанда кездеседі. Олар көбінесе ірі қараның қанын сорады да басқа түлікке сирек жабысады. Жайылымда олар 35-40 күн өмір сүріп, ұрғашылары мыңдаған жұмыртқа салады. Олардан 2-3 апта ішінде алты аяқты балаң кенелер дамып шығады. Олар жұмыртқадан шығысымен ірі қара денесіне жабысып, паразиттік өмір сүре бастайды да, 3-4 апта ішінде нимфа және имаго сатыларына жетеді. Жылы кезеңде В.calcaratus кенелері үш ұрпақ беріп үлгереді. Осыған орай Оңтүстік өңірінде ірі қара мал арасында пироплазмоз 3 рет байқалуы мүмкін. Бірінші рет көктемде-сәуір, мамыр айларында, пироплазмоздың бұл толқыны өлім-жітімсіз жеңіл түрде өтеді. Екінші рет жазда шілде-тамыз айларында ауру кең етек алып, өлім-жітім көбейеді. Үшінші рет күзде-тамыз айының аяғынан бастап, қазан айына дейін байқалады. Бұл кезде ауру мал арасына көбірек тарайды. Жасанды және 142 таулы жайылымдарда (теңіз деңгейінен 900-1200 м биіктікте) ірі-қара пироплазмозы болмайды, себебі бұл жерлерде жайылым кенелері жоқ. Boophіlus calcaratus кенелері тараған аймақтарда пироплазмоз көбінесе франсайеллезбен бірге кездеседі.
Клиникалық белгілері. Пироплазмоздың жасырын кезеңі 14-24 күн. Бір жасқа дейінгі төлде және жергілікті малда пироплазмоз әдеттегіден жеңілдеу өтеді.
Ауруға шалдыққан ірі қара малының ең алдымен дене ыстығы 41-420 дейін көтеріледі де, осы деңгейден төмендемей тұрып алады. Ауырған мал қатты күйзеледі. Жемге сылбыр қарап, қатты шөліркейді. Сауын сиырдың сүті азаяды.
Тамыр соғуы минутына 100-120-ға дейін шапшаңдап, жүрек соғуы, тыныс алуы жиілейді. Ішектің жиырылып-созылуы аурудың алғашқы 1-2 күндері күшейеді, көздің кілегей қабығы алғашқыда қызарады, сонан соң бозарып, сарғыштанады. Екінші күннен бастап-ақ ауру мал басын салбыратып, күйзеледі, көзінен жас жиі ағады. Жем мен суға сылбыр қарайды, кейде мүлде жем жемейді. Мес қарынның қозғалысы сирейді. Несеп алғашында сары түсті, аурудың жіті түрінде 2-күннен бастап-ақ қызыл түске боялады. Гемоглобинурияға несеп шығарудың жиілеуі қосылады, 3-4 күннен соң Клиникалық белгілері ең жоғарғы дәрежесіне жетеді. Бұл мезгілде мал қатты күйзеледі, жемсудан бас тартып, жатып алып тісін қайрайды. Мес қарын қозғалуын мүлде қояды немесе өте баяу қозғалады. Жүрек соғу ырғағы бұзылады. Несеп қоңырлау-қызыл түсті, жиі және аз мөлшерде шығады. Осы белгілері 5-7 күнге созылып, мал өлім-жітімге ұшырауы мүмкін. Егер күтімі жақсы болып, ауырған малға мезгілінде мал дәрігерлік көмек көрсетілсе, Клиникалық белгілері бірте-бірте қайтып, мал пироплазмоздан айыға бастайды. Бірақ ауырып сауыққан малдың қаны бірден толыға қоймай, 2-3 айдан кейін ғана бұрынғы қалпына келеді.
Малдың жалпы күйінің нашарлауы шыжыған күн көзінде көп тұрғанда, немесе алыс жерге айдағанда жиі кездеседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   73




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет