1—билет Паразитологияның қысқаша дамуы


Алдын алу және күресу шаралары



бет61/73
Дата22.04.2023
өлшемі2,15 Mb.
#175165
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   73
Байланысты:
Паразит жауабы

Алдын алу және күресу шаралары. Шаруашылықтарда псороптозбен ауырмайтын қойларда, тері асты кенелерінің енуіне қарсы алдын алу шараларын жүргізеді. Шаруашылыққа түскең қойларды ең бірінші карантиндейді, кейін акарицидті эмульсияларда жуындырады. Қойларға арналған жайылым көрші шаруашылықтың жануарларымен араласып кетпеуі керек. Ауру жануарлар болған ғимараттар, қоралар, сондай-ақ құрылғыларды және күтіп-бағу заттарын тас көмірлі фенольді креолиннің 5%-дық сулы эмульсиясымен (эмульсия температурасы 80-85°С), клиникалыққы ортадағы гидролизге жоғары төзімді басқада акарицидтермен дезакаризацияға ұшыратады. Өңделетін 1м2 аумаққа акарицидтерді шығындау нормасы 400 мл.


20 билет
1)Бір бастан табылған балаңқұрттар саны - инвазиялық интенсивті-гін көрсетеді (ИИ). Ал табындағы мал басының оқырамен зақымда-
лынған процентін инвазияның экстенсивтігі (ИЭ) дейді.



2)Жылқы парафиляриозы (Бекі)


Бұл тері астында тоғышарлық тіршілік ететін, Filariata тек тармағына жататын, жұмыр құрттың әсерінен туындайтын ауру.


Жіктелуі:


Тек тармағы: Filariata Тұқымдасы: Filariidae Туысы: Parafilaria
Түрі: P. Multipapi
Құрылысы: Жіңішке, ақ, жіп тәрізді құрт. Оның басында сыртқы кутикула қабығы әр қилы бұдырлана өрнектелген. Ұзындығы 3 - 7 см. Оның басының құрылымы аса күрделі. Ол қап – қатты көптеген бүртіктермен көмкерілген. Еркегінің екі тең емес спикуласы бар. Ұрғашысының жыныс тесігі дененің бас жағында, ауыз тесігінің қасынан ашылады.
Мекен жайы: Жылқылардың тері астындағы шелде өмір сүреді.
Даму айналымы: Биогельминт. Аралық иелері – қансорғыш шыбындар Haematobia afripalpis.
Ұрғашы құрт тері астында кезіп жүріп, басын бұрғыдай қимылдатып, терінің шелін теседі. Сөйтіп, осы арадағы қан тамырларын зақымдайды,
жарақаттау салдарынан аққан қанға, кұрт көптеген жұмыртқалар салады. Бірнеше сағаттан кейін, ұрықтар жұмыртқаның ішінде пісіп-жетіліп,
жұмыртқаны жарып, терінің сыртына шығады. Аралық иесі – қан сорғыш гематобиа шыбындар жылқының терісінен сорғалап аққан қанды сорады да, сол қанмен бірге құрт ұрықтарын жұтып жібереді. Шыбынның ішегіне барып түскен ұрықтар, таяу уақытта сол жәндіктің дене қуысына ауысып, 10 - 15 күн өтісімен бас пен тұмсыққа барып жетеді, екі рет түлеп, ауру
тудыру қабілеті бар үшінші сатыдағы ұрықтарға айналады. Жылқыны шыбын шаққан сәтте, құрт ұрықтары өзінің тұрақты иесі – жылқының денесіне енеді де, 9 ай бойы дамып, ересек құртқа айналады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   73




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет