1—билет Паразитологияның қысқаша дамуы


Алдын – ала сақтандыру шаралары



бет63/73
Дата22.04.2023
өлшемі2,15 Mb.
#175165
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   73
Байланысты:
Паразит жауабы

Алдын – ала сақтандыру шаралары:


  1. Жылқылардың үстіне қан сорғыш гематобия шыбындар қонбас үшін үркіткіш дәрілер – репеленттерді шашады.

  2. Жаздың ыстық айларында жылқыларды күндіз көлеңкелі жерде, қорада ұстап, түнде жаяды.

3) 3 Жануарлар энтомоздары мен күресу шаралары


Жылқы гастрофилезі. Жылқылардың ауыз қуысына қоныстанған дернәсілдерді жою үшін бөгелектердің бірінші фазасының дернәсілдерін 2 пайыздық хлорофос ертінідісімен шайады. Гастрофилдердің үшінші фзаның дернәсілдерімен күресуде жануарларға 0,24%-дық хлорофос ертінідісін қолданады. Дернәсілдері 20 сағаттан кейін кете бастайды. Емін тағайындау алдында осы әдіс бойынша дозасын 2-3 жылқыға сынама жолымен бүтіндей тексеріп отыру қажет.
Қой эстрозы. Қойлар мен ешкілер эстрозбен күресуде химиотерапия жолымен хлорофос және ДДВФ аэрозольдері немесе ерітінділерін қолданады. Мұрын қуысындағы қой бөгелектерінің дернәсілдерін 20-25 мл дозада 4%-қ хлорофос ерітінділермен суармалау әдісімен құртады. Жұмысы аз және тиімді әдісі қойларды аэрозольді дезинсекция болып табылады. Герметикалық қой қораларында ерте эстроз терапиясында топтық әдіс жүзеге асырылады. Қойларды өңдеу үшін ветеринариялық дезинфекциондық машина қолданылады, онда әртүрлі бүріккіштерді (ПВАН және ТАН), зауытта дайындалған аэрозольді балондарды қолданады. Қой қораларында бір баллон «Эстрозоля» мен 400 м3 –ты өңдйді. Айрозольдермен жұмыс істеген кезде газқағар киген жөн, себебі олар улы болып келеді.Эстрозға қарсы қойларды бір рет өңдейді: орташа тілмесінде – қыркүйек – қазан, оңтүстікте – 193 қазан – қараша. Қойларды ДДВФ аэрозольдерімен өңдеген кезде жануарларға 5 күннен кейін, хлорофос аэрозолімен 7 күннен соң, ал интраназальді суландыруда 3 күннен кейін жануарларды союға рұқсат етеді.


21-билет
1.Нематода класының жалпы сипаттамсы
Нематодаларда негізінен ұзынша ұршық тәрізді денесі болады. Нематодалардың ұзындығы 1 миллиметрден 1 метрге дейін болады. Клиникалықынан нематоданың денесі кутикуламен қапталған, оның астынғы эпителиальді және бүлшықетті қабаттары тері-бүлшық қапшықты құрайды, соның қуысында барлық ішкі мүшелері орналасады. Кутикуланың беті тегіс емес, әртүрлі бағытты сызықтар білінеді, нематодалардың кейбір түрлерінде кутикулярлы қосымшалар болады, солар арқылы бекітіледі. Нематодалар – бөлек жынысты гельминттер. Аталықтар аналықтармен салыстырғанда, ереже түрінде, кішкентай болады. Жұмыр құрттар имаго және дернәсіл сатыларында өз иелерінің әртүрлі мүшелерінде және ұлпаларында мекеңдейді. Оларда төрт: жүйке, бөлу (экскреторлық), асқорыту және жыныс жүйесі болады.Жүйке жүйесі құрделі және көп санды ганглийлардан турады, өңештің манында жүйке сакинасын құрайды, сол жерден алға және артқа қарай жүйке бағанасы басталады.Бөлу (экскреторлық) жүйесі дененің артқы жағында екі латеральді каналдардарымен білінеді және вентральді бетінде экскреторлық тесікпен бітеді.
Асқорыту жүйесі өңештен, ол ауыз тесігімен басталады және дененің бойына созылған ұзын ішектен тұрады, ішек анус пен бітеді. Нематодалардың мөлшері, пішіні, еріндердің саны әртүрлі: аскаридата тұқымдасында үш ерін, ал спирурата тұқымдасында - екі ерін болады. Кейбір гельминттерде ерін бүкіл болмайды, ал ауыз тесігі сезімдік емізіктермен қапталған (стронгилята, филяриата). Ауыз тесігі ауыз қуысына ашылады, онын ішінде кескіш пластинкалары мен тістері болады. Әртүрлі нематода өңешінің пішінінде және құрылысында айырмашылығы бар. Өңештің артқы жағында шар тәрізді кенею – бульбус болады. Аталықпен аналықтың жыныс жүйесі трубка тәрізді. Аналық жыныс мүшелері екі иілінген жұмыртқалықты екі жатырмен трубка тәрізді яйцепроводпен бірлестіреді. Шағылысқан жұмыртқалар жатырға түседі, соның ішінде жұмыртқаның қабығы құрылады да эмбрион дамиды. Жатыр вагина мен бірігеді. Вульва дененің алдынғы, ортанғы немесе артқы жағында ашылады. Аталықтың жыныс жүйесі бір енімен (жінішке иілген трубка).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   73




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет