1—билет Паразитологияның қысқаша дамуы



бет65/73
Дата22.04.2023
өлшемі2,15 Mb.
#175165
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   73
Байланысты:
Паразит жауабы

2.Жануарлар стронгилоидозы
Бұл Strongylata тек тармағына жататын, жұмыр құрттардың ұрықтары, яғни балаңқұрттары және ересек сатылары қоздыратын, асқорыту жүйесінің, қан тамырларының, ішкі мұшелердың, сірі қабаттарының, ұйқы безінің зақымдауымен, іш өтуімен, түйнеу пайда болыумен сипатталатын бір топ гельминтоз аурулар. Онымен жылқы, қашыр және есектер ауырады. Бұл ауруларды екі топқа бөледі:
1. Құрт ұрықтары қоздыратын, ларвалды стронгилятоздар.
2. Ересек құрттар қоздыратын, имагиналды стронгилятоздар.
Бірінші топқа жататын аурулар:
- қан тамырлары мен ішкі ағзаларының деляфондиозы – түйнеу;
- көк шандыр және ішкі ағзалар альфортиозы немесе сіріқабық альфортиозы;
- ұйқы безінің стронгилезі;
- тоқ ішек трихонематозы (түйіншікті трихонематозы).
Екінші топқа жататын аурулар:
- Осы құрттардың ересек сатыларының мекендеунен, олардың организмге тігізетін әсерінен пайда болатын бір топ аурулар. Тақтұяқтыларда асқорыту жүйесінде мекендейтін 45 түрге дейін стронгиляталар тіркелген. Олар Тrichonematidae деп аталатын тұқысдасқа кіреді.

Жіктелуі:


Тек тармағы: Strongylata
Тұқымдасы: 1. Strongylidae 2. Тrichonematidae
Туыстар: 1. Delafondia 2. Alfortia 3. Strongylus 1.Тrichonema
Түрлері: D.vulgaris A. edentatus S. eguinus Т. sp. (екі тісті ) (тіссіз) (төрт тісті) (тістері жоқ)
Құрылысы:
- Барлық жылқы стронгиляттардың ұзындығы 0,5 - 5 см шамасында.
- Бас жағы шорт кесілген.
- Ауыз тесігін бір немесе екі қатар тізілген жапырақшалар қоршап алған.
- Еркек құрттардың құйрық жағында шағылысу буылтығы бар, ол өте жақсы дамыған және екі жіңішке, қысқа, тең спикуласы бар.
- Ұрғашы құрттардың құйрығы үшкір келеді, жыныс тесігі денесінің артқы жағында орналасқан.
- Ауыз қуысы жақсы жетілмеген хитинді капсулаға ұласады. Осы аталған құрттарды бір–бірінен ауыз капсуласының құрылысы арқылы ажырату болады. Мысалы:
- Delafondia vulgaris құртының ауыз капсуласы шар тәрізді, ішінде жоталы өзек өтеді, түбінде екі құлақ тәрізді, үлкен тісі бар.
- Alfortia edentatus құртының ауыз капсуласы тостаған тәрізді, ішінде жоталы өзек өтеді, тістері жоқ.
- Strongylus eguinus құртының ауыз капсуласы шар тәрізді, терең, ішінде жоталы өзек өтеді және түбінде 4 тісі бар: екеуі жіңішке де ұзын, екеуі қысқа.
- Trichonema құрттардың ауыз капсуласы шағын, цилиндр пішіндес келеді, тістері жоқ.
Мекен – жайы:
- Ересек сатылары тақ тұяқтылардың бүйенінде, тоқ ішегінде мекендейді.
- Ал, балаңқұрттары дененің әртүрлі мүшелерін: қан тамырларын, шажырқай артериясын, көк етің, шарбы–шажырқайын, ұйқы безін, ішектердің кілегей қабатың зақымдайды; 5 - 6 ай бойы сонда болып, жеке дара ауруларды туындатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   73




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет