Лабораториялық зерттеулер:
1. Гельминтоовоскопиялық әдістер – малдың нәжісің зерттегенде Фюллеборн немесе Дарлинг әдістерін қолдануға болады. Бірақ, осы аталған әдістер арқылы, тек қана жалпы стронгилятоздар бар деп диагноз қойылады, ұйткені барлық стронгиляталардың жұмыртқаларының құрылысы барлық түрлеріне тән, бір-біріне өте үқсас болады. Олар сопақша келеді, ақсұр немесе бозғлыт өңді болып келеді, көлемі 0,07 - 0,1 х 0,04 - 0,045 мм, қабықшасы екі қабаттан құрылған, ішінде 8 - 32 ұрық бластомері бар. Овоскопиялық әдістермен жылқылардың стронгиляттармен залалдану денгейін, яғни инвазияның интенсивтігін (ИИ) микроскоптың бір көз аумағындағы, яғни микроскоптың бір алаңыңда жұмыртқа санымен жобалауға болады. Мысалы, бір көз аумағында 10 жұмыртқа көрінсе – ауру жеңіл түрде өтеді, 10 – 30-ға дейін болса – арудың жітілеу түрі байқалады, ал саны 30-дан жоғары болса – ауру жіті түрде өтеді деуге болады.
Алдын – ала сақтандыру шаралары:
1. Жоспарлы сақтандыру дегельминтизация жылына екі рет жасалады: көктемде және күзде. Бірақта, фенотиазин дәрісімен дегельминтизациялауды қыста және ерте көктемде, мал жайылымға шықпас бұрын жүргізбейді. Жылқыларды түгелдей дегельминтизацияламай түрып, алдымен фенотиазинді малдың 5 - 10 басына ғана беріп, алдын–ала сынап алады. Егер 5 - 7 күн ішінде осы емделген жылқылардан дәріден улану белгілері білінбесе, қалған жылқыларды түгелдей дегельминтизациялайды. Емдеуден 8 - 10 сағат бұрын малды ашықтырады. Егер мал буаз болса, екінші жартысына аяқ басса, онда биелерге дегельминтизация жасауына тиім салынады. Дәріленгеннен 2 - 3 күн өткенге дейін жылқыларға берілетін құрама азық мөлшерін тәулігіне 2 - 3 килограмға дейін азайтады.
3.Протозооноздардың диагностикасы
Жануарладың мүшелерінде және ұлпаларында гельминттер табылған кезде ауруға нақты балау қою негізі болып саналмайды. Өйтrені паразиттердің әртүрлерімен зақымдалмаған «абсолютты таза» тірі организмдер табиғатта болмайды. Басқа жағынан, жануарлардың ауру және өлім болған жағдайларында гельминттер табылмайды, неге десеніз олар өз – өзімен организмнен шығады де немесе иенің мүшелерінде және ұлпаларында өліп қалады. Сондықтан, гельминттерді анықтау үшін клиникалық, паразитологиялық, патоморфологиялық және Эпизоотологиялық – критерийдің толық кешенің назарға алу керек. Гельминттердің көбісінде, ереже түрінде, клиникалық белгілері мінессіз өтеді. Өте жиі тыныс алу және асқорыту жолының қызметі бұзылуы, өсіп–өну тоқталуы, жүдеу, өнімділігі төмендеу байқалады. Бірақта, кейбір гельминтоздар, осындай: тауық сингамозы мен простогонимозы, қоян пассалурозы, шошқа аскаридозы сияқтылар кезінде, клиникалық белгілері жақсы білінеді. Сондықтан гельминтоздарға соңғы балау лабораторлық зерттеулеріне негізделінеді және ашып сою нәтиже арқылы қойылады. Паразитологиялық деректер малдың организмінде гельминттерін, немесе олардын бөліктерін, жұмыртқаларын және бөліндіде (нәжісте, қанда, кілегейде) дернәсілдерін табуына негізделінеді. Паразитологиялық деректерін алу үшін әртүрлі әдістерді қолданады: тірі және өлген, ларвоскопиялық және овоскопиялық (сандық және сапалық). Гельминтозға балау қою кезінде паразитологиялық деректерінің маңызы өте зор.
Ауыл шаруашылық және жабайы жануарлардың көптеген гельминтоздарында емдік – профилактикалық шараларын өткізу алдында ауруға балауын уақытында қою керек. Гельминтоздардың диагностика әдістерін екі топқа бөледі: тірі кезінде және өлгеннен кейінгі кездегі, одан басқа гельминтоздарды және инвазиондық жұқпалы ауруларды ажырату балауын білу керек. Диагностиканың негізгі әдістері – зертханалық зерттеулер. Жиі нәжісте, несепте, бөліндіде (өтте), ұлпаларда (қанда, бұлшық етте), мүшелерде (тері кесігінде), пунктаттың және абсцесстің сұйығында гельминтоздардың қоздырушыларын, жұмыртқаларын және дернәсілдерін табуға болады. Маңызына байланысты зертханалық зерттеулерді гельминтоовоскопиялық, гельминтоларвоскопиялық және гельминтоскопиялық зерттеу әдістеріне бөледі. Гельминтоовоскопиялық зерттеу әдістері арқылы экскретте, секретте және қарында көп паразиттік құрттар жұмыртқаларын табуға болады. Гельминттердің дернәсілдерін (диктиокаул, мюллерий және т.б.) табу үшін гельминтоларвоскопиялық зерттеу әдістерін қолданады. Осы зерттеулерді өткізу үшін Берман-Орлов және Вайда әдістерін пайдаланады. Нәжісте гельминттерді немесе олардың мүшелерін табу үшін гельминтологиялық зерттеулерді қолданады.
Достарыңызбен бөлісу: |