24 билет 1 Гельминтоздар кезіндегі патогенезі
2 Ірі қара малдың телязиозы
3 Арахноздармен жалпы күресу принциптері
1. Гельминттер иесінің организміне көптеген зиян келтіреді. Патогендік зияны мынандай түрлерден тұрады:
Механикалық зияны – құрттар әр түрлі мүшелер мен ұлпаларда мекендегенде, сол ағзаларда бекітілгенде және иесінің денесінде орын ауыстырып жүрген кезде механикалық әсерін келтіреді. Бауырда, өкпеде, талақта, бүйректе, мида, бұлшық етте және т.б. мүшелер мен ұлпаларда мекендегенде құрттар сол жерде атрофияны туғызады.
Құрттар ішекте, т.б. паренхиматоздық мүшелерде өздерінің ілмектері мен сорғыштарымен бекітілген кезде механикалық зақым, қабыну
процесстерін тудырады.
Кейбір құрттар даму айналымында организмде жүзіп орын ауыстырып тұрады, мысалы, фасциолалардың, дикроцелиялардың, эуритремалардың балаң құрттары ішектен бауырға, талаққа, ценуроз қоздырушысының балаң құрты қойдың ішегінен миға, деляфондиялардың балаңдары күре тамырына, аскаридтердің балаңдары бауыр, өкпе, жүрекке орын ауыстырады. Сол кезде жүзіп жүрген жолдарында механикалық әсерін тигізеді, қабыну процестерін тудырады, дененің ішкі қуыстарын бекітеді және сапрофиттік микрофлораға жол ашады.
Сполиартриялық немесе трофикалық әсері – құрттар организмінің сөліменен, қаныменен қоректеніп, организмнен қоректік заттарды өз денелеріне сіңіріп алады. Әсіресе, цестода тобына жататын, ұзындығы 5-10
2,Ірі қараның телязиозы Телязиоздар - конъюнктивит - кератитпен білінетің ірі қара малдың гельминтоздық аурулар. Бұл аурулар Thelazia тұқымына, Thelaziidae тұқымдасына, Spirurata подотрядына жататың нематода түрлерімен тудыруланады. Thelazia rhodesi – конъюнктивальді қапшығында және үшінші 103 қабық астында; ал Thelazia skrjabini және Thelazia gulosa – көз бузі және көзмұрын каналында тіршілік етеді. Қоздырушы – ұзындығы 21 мм ұсақ нематода. Thelazia rhodesi қоздырушысының дене клиникалықы көлденен сызылған. Ауыз тесігі кішкентай ауыз капсуласына ашылады. Аталығында екі бірдей емес спикуласы болады. Thelazia gulosa – кутикуласында көлденен келген сызықтар болмайды, ауыз қуысы кең емес, аталықтың спикулалары бірдей емес; Thelazia skrjabini – кутикуласының беті тегіс, ауыз капсуласы кішкентай. Аталықтың спикулалары бірдей. Аралық иелері – масалардың әр түрлері; Musca autumnalia (Украинада); Musca convexifrons және Musca amica (на Дальнем Востоке) жиі кездеседі. Қоздырушысының даму биологиясы. Телязийлардың аналықтары тірі жылжымалы дернәсілдердің көп саның туады, олар көз жасына түседі және масалармен – аралық иелермен жұтылады. 3 – 4 апта ішінде масалардың ағзасында дернәсілдер инвазиялық сатысына жетеді. Инвазиялық дернәсілдер масаның құрсақ қуысынан шығып тұмсығына жылжиды. Масалар көз аумағына көнған кезде дернәсілдер маса тұмсығынан шығып конъюнктивальдік қапшығына енеді. 15 – 20 күн өткесін толық жынысты аталық және аналықтарға өседі. Көзде телязийлар бірнеше ай бойы, кейбіреулері – бір жылдан аса өмір сүреді. Эпизоотологиялық деректері. Бүл мерзімді ауру, жазда әсіресе маусым – тамыз айларында білінеді. Жануарлар жайлауда немесе су қоймалары маңайында аралық иелермен кездесіп зақымдалады. Солтүстіктен басқа, барлық жерде таралған, әсіресе оң түстіктегі бұзауларда кең таралған. Осыдан басқа, телязийлардың қоздырушылары жылқыларда - Thelazia lacrimalis, шошқаларда -Thelazia erschovi, иттерде - Thelazia callipaeda паразиттейді. Патогенезі толық зерттелмеген. Телязийлар конъюнктиваға және көздің қаса қабағына механикалық әсер етеді, сондықтан микрофлора ену нәтижесінен серозды немесе ірінді конъюнктивит дамиды. Зақымдалған көздің қаса қабағы қабыршықтанады, ал қабынған конъюнктива ісінеді. Конъюнктивада эрозиялар пайда болады. Клиникалық белгілері 3 сатысымен сипатталады. Ең біріншіден конъюнктивит, жарықтан қорку, жас ағу, содан кейін аурудың ауыр барысы байқалады. Көзден ірін ағады, қабағы ісінеді. Аурудың соңғы сатысында көзі жараланады, көру қызметі бұзылады. Балауды мінезді клиникалық белгілеріне және жылдың мерзіміне қарап қояды. Нақты балау қою үшін көзд жуып – шайып сұйықтықты телязийларға зерттейді. Емі үшін 2-3 % - тік бор қышқылын, 3% - тік лизол эмульсиясымен немесе йодтың су ерітіндісімен шаяды. Thelazia gulosa және Thelazia skrjabini-мен тудырылған телязиоз кезінде 0,015 г/кг тірі салиағына дитразит-цитрат қолданады. Секундарлы микрофлорамен асқынған кезде симптоматикалық емдеу өткізеді, ол үшін пенициллин, сульфаниламид препараттарың қолданады. 104 Алдын алу және күресу шаралары. Қорада тұрған малдың бүкіл санына және көктемде масалар ұшу алдында дегельминтизация өткізеді. Бұл дегельминтизацияны 7-8 күннен кейін қайталайды. Жазда күннің ыстығында малды қорада ұстау керек.
м жететін құрттар: адамда Taenia solium, Taeniarhynchus saginatus; күйістілерде мониезиялар, иттерде тенииялар және т.б.
Токсикалық әсері – құрттар өсіп-өнген кезде өздерінің зат алмасу процесінде бөлінетін заттарды, яғни, метаболиттерді, иесінің ішкі ағзаларына, ұлпаларға бөліп тұрады. Сол метаболиттер улы заттар болып
саналады, ең бірінші организмнің орталық жүйке жүйесіне әсерін тигізеді. Сол себептен талма, салдану белгілері байқалады. Метаболиттер иесінің организмінің зат алмасу процесін бұзады, ас қорыту, тыныс алу, қан айналымының жүйелерінің жұмысы бұзылады.
Аллергиялық әсері – құрттардың құрамында ақ заттар көп болғандықтан, олар организмге енгенде бөтен себепкер ретінде
аллергиялық жауапты тудырады. Онысы екі түрде өтеді:
тез аралық типті, яғни анафилактиялық шок, безгек, теріде аллергиялық қышыма – есекжем, домбығу пайда болады. Бұл кезде организмнің ұлпаларына гистамин және гистамин тәріздес заттар бөлінеді.
кешеулі типті, яғни паразитарлық түйіндердің, фагоцитоздың, эозинофилияның, аллергиялық қабынуының, пролиферативтік процестердің пайда болуы.
Патогендік микрофлораның иенуімен және белсенділігінің жоғарылауы – құрттар организмге енген кезде микрофлора мен әр түрлі байланыстарға түседі:
құрттар сыртқы ортадан өзінің денесінде патогендік микробтарды жануардың денесіне кіргізеді.
иесінің организмінде орналасқан сапрофиттік микрофлораның
зардаптық қасиеттерін жоғарылатады.
иесінің организмінде орын ауыстыру кезеңінде өз денесінде сырттан әкелінген және ішектегі орналасқан микрофлораны мүшелер мен ұлпаларға таратады, яғни К.И.Скрябиннің айтуы бойынша «микрофлораға жол (есік) ашады».
гельминттер иесінің организмінің ауруға қарсы тұру қабілетін, яғни төзімділігін төменедетеді.
құрттар басқа аурулардың, әсіресе инфекциялық аурулардың өршуіне және нәжісіне зардаптық қасиетін тигізеді.