22 билет
1 Академик К.И.Скрябиннің девастация түралы оқу, девастация түрлері
2 Жануарлар диктиокаулезы
3 Протозойлық аурулардың эпизоотологиясы
1. Академик К.И.Скрябиннің девастация түралы оқу, девастация түрлері
1925 ж. К.И Скрябин гельминтологиялық ғылым мен тәжірибеге дегельминтизацияның жаңа әдісін енгізді, онда терапия мен балаудың элементтері анық байқалған. 24 Дегельминтизация – ағзадағы гельминттерді клиникалыққа шығару немесе клиникалыққы ортадағы гельминттерді (жұмырқаларды, ересек формалар мен дернәсілдерді) жоюға бағытталған кешенді шаралар. Дегельминтизацияның 3 түрін ажыратады: емдік, алдын алу және диагностикалық. Егер дефинитивті иенің ағзасында қоздырушы ұзақ уақыт тіршілік ететін болса, ал жұмыртқа сатысы қысқа уақытта болса сол уақытта дегельминтизация әсерін көрсетеді; Егер дегельминтизация жоспарлы, салмақты және міндетті, ал антигельминтік препараттардың әсері жоғары болатын болса, олар адам мен жануарларға улы емес және қол жетімді болады. Л. А. Лосев преимагинальді дегельминтизация терминін ұсынды – дефинитивті ие ағзасындағы гельминттердің жыныстық жетілуіне дейін шығарып жіберу. Дегельминтизация тек қана ересек паразитті құрттардың жоюын ғана қарастырмай, сонымен қатар адам мен үй жануарлары дегельминтизациясын, топырақ, су, қоршаған орта, көкөністер, тұрмыстық заттар мен т.б. нысандарды кешенді шаралар арқылы қарастыруы қажет. Дегельминтизацияның қағидалары адам мен ауыл шаруашылық жануарлардың гельминтоздарымен күресу шараларымен тығыз байланысты. Академик К.И Скрябинмен табылған халық гельминтоздарымен күресу шаралары, оның нұсқауларына негізделген. Кейін гельминтоздармен күресу шараларының жиынтығын талдау жүргізгеннен кейін, К.И Скрябин сол гельминтозды ликвидациялау үшін оның қоздырушысын жою қажет деп қорытынды шығарды. Бұл жаңа қағиданы 1944 ж. К.И Скрябин девастация (лат. devastate - ойрандау, қыру) деп атады. Девастация ауру қоздырушысының тез жойылуын және оның барлық даму сатыларын қыруды, механикалық, физикалық, химиялық және биологиялық әдістермен жоюды талап етеді. Ауру қоздырушыны жою шаралары сол аймақтағы талаптармен сәйкес болуы қажет, яғни кейін бұл қоздырушылардың биологиялық тіршілік ету мүмкіндігі болмауы қажет. Девастация мақсатында паразиттік және мезгілінде гельминттердің жойылу әдісі қолданылады, бұл әдістер гельминттердің клиникалыққы ортасын өзгертеді (иенің ішінде және иенің клиникалықында), оның тіршілік етуіне қолайсыз болады. Сонымен қатар, инвазияның бөлек ошақтарында девастационды кешенде барлық әдістер арқылы адам және жануар ағзасының резистенттілігінің жоғарылау (толық азықтану, медикаментозды препараттар, жасанды иммунизация т.б.) шараларын жүргізеді. Резистенттілігі жоғары ағзада паразиттердің дамуына қолайсыз талаптар пайда болады, олардың көбісі имагинальді сатысына жетпей өліп қалады. Кейбір жағдайда ауру малдардың карантинін немесе девастационды изоляция шаралар кешенінде өткізілуі мүмкін, себебі олар паразиттердің дамуын тоқтатады. Девастация тек иесінің ағзасында онтогенезі бар және эпидемиология мен эпизоотология ауруларында белгілі ерекшеліктері болатын гельминтоз қоздырушыларында ғана болады. Девастациялық шаралар кешеніне ауруларды 25 емдеу, барлық сатыда өтетін сау қоздырушыларды алдын алу және қоздырушыларды жою жатады, сондықтан девастацияны іске асыру үшін нақты анықталған диагностика, емдеу және алдын алу шаралары болуы қажет.
2. Қүйістілердің диктиокаулезі
Қой және ешкі диктиокаулезі - Dyctiocaulus filaria нематода қоздырады, олар қойдың, ешкінің және жабайы күйістілердің кеңірдегінде және бронхтарында тіршілік етеді. Қоздырушысы – ірі жіп тәрізді нематода. Аналығының ұзындығы 3-5 см, аталығының – 5-10 см. Гельминттердің түсі әкшіл келген, ішегі қара сызық сияқты болып көрінеді. Паразиттерде 4 кішкентай ауыз қуысы болады. Спикулалары қысқа, қарақоңыр түсті, пішіні етікке үқсас келеді. Аналықтың вульвасы дененің ортасында ашылады. Жұмыртқалардың мөлшері 0,112 - 0,038 × 0,069 - 0,090 мм және шыққан кезде ішінде дамыған дернәсілі болады. Қоздырушысының даму биологиясы. Жөтелген кезде жұмыртқалар ауызға түседі, оларды малдар жұтады. Дернәсілдер жұмыртқадан өқпеде шығуы мүмкін, бірақта бұл процесс иенің асқорыту жолында өтеді. Dyctiocaulus filaria-ның I сатылы дернәсілдеріның ұзындығы 0,55 - 0,58 мм, олар нәжіспен бірге клиникалыққы ортаға шығады. Еркін өмірсүретін түрлері клиникалыққы ортада көректенбейді, ішектегі азық гранулары арқылы өмір сүреді. 1-2 күннен кейін бірінші рет, ал 4-5 күн өткесін – екінші рет түлейді. III сатылы дернәсілдері клиникалықынан қабықпен қапталған. Дернәсілдер даму үшін дымқылдық керек, 27º С олар тез инвазиялық сатысына 6-7 күн ішінде жетеді. Температура 5 - 10º С төмендегенде даму кезені 15 – 17 күнге созылады. Инвазиялық дернәсілдердің белсенділігі және жылжымдығы төмен боп келеді. Құрғақ жағдайларда олар бірнеше күн өмір сүреді, бірақта дымқыл жерде бірнеше ай өмір сүреді және температура төмендеуіне тұрақты келеді. Жануарлар инвазиялық дернәсілдерді азықпен жұтып зақымдалады. Дернәсілдер үш күн ішінде ішек қабырғасына еніп, лимфа тамырлары арқылы мезентериальді бездеріне жетіп дамиды, сол жерде төрт күннен кейін үшінші рет түлейді. Дернәсілдер лимфа және қан тамырлар арқылы өқпеге барады да, капилляларда тоқталып олары бұзады, содан кейін альвеола, бронхиола және бронхтарға шығады. Толық жыныс сатысына 4 апта ішінде жетуі мүмкін, кейбір кезде 3 – 4 айға созылады. Диктиокаулюстар қой организмінде бірнеше айдан 1,5 – 2 жылға дейін тіршілік етеді. Эпизоотологиялық деректері. Диктиокаулезбен әсіресе бір жасқа жетпеген қошақандар аурады. Ересек малдар диктиокаул – тасымалдаушылар 102 және инвазияның көзі болып есептеледі. Ересек малдың төлдерімен бірге үстағандықтан ауру тез таралады. Қошақандар диктиокаулезбен жайлауда ауру малдан зақымдалады. Патогенезі. Диктиокаула дернәсілдері және ересек паразиттер зақымдалған малдың организміне механикалық, токсиқкалық және инокуляторлық әсер етеді. Әсіресе дернәсілдер ішектен лимфа жүйесіне миграция жасағанда. Өқпеге түскең паразиттер бронхтардың жаңа-жаңа бөлімдерің зақымдайды. Қабыну процесстер организмнің резистенттігін төмендетеді. Жиі паразиттер бронхтарды бекітіп тастайды, сол арқылы аллергиялық реакциялар пайда болады. Клиникалық белгілер аурудың басында дұрыс білінбейді. Зақымдалғаннан кейін 1-2 айдасын құрғак, ауырсыну жөтел, дем алу пайда болады, әсіресе бүл белгілер көшақандарда жақсы білінеді. Мұрыннан кілегейлі серозді сүйықтық бөлінеді. Дене температурасы 40,5-41ºС дейін көтеріледі. Инвазия биік кезінде қан аздық, арығу, ісінулер байқалады. Жиі іш өту, тәбеті төмендейді немесе бүкіл жойылады. Бағу және азықтандыру жақсы кезінде күйістілердің бүкіл ауру жасырын өтеді. Паталогиялық-анатомиялық өзгерістері. Негізгі өзгерістер өкпеде байқаладыжәне бронхиолиттермен,бронхит және перебронхитпен сипатталады.Өкпенің клиникалықын қарағанда зақымданған бөліктердің консистенциясықамыр (тесто)сияқты, түсі бозғылт және “мраморность”байқалады.Бронхтың ішінде паразиттің көп санын табуға болады. Балау. Жануарлардың тірі кезінде гельминтоларвоскопиялық әдістерің өткізеді ол үшін Берман - Орлов немесе Вайда әдістерің қолданады. Тағыда аурудың негізгі белгісін - жөтелді еске аламыз. Өлгенкезде кеңірдекті және бронхтарды ашып диктиокаулез паразиттерін табамыз.Өкпе ұлпасында орналасқан жас диктиокаулездерді ұсату және Берман әдісімен зерттеген соң таба аламыз. Емі. Ірі қара малды емдеу үшін нилверімді ішке 1 пайыздық су ерітіндісі түрінде,дозасы 0,015 г/кг жеке басқа береді.Топқа бергенде жемге қоспа 0,01 г/кг препаратын екі мезгіл арасына 24 сағат салып береді.Тағыда тетрамезолгрануляты қолданады,дозасы 0,05-0,075 г/кг тірі салмағына малдың жасына қарай береді.Дәрі-дәрмекті беру алдында 12 – сағат аш ұстайды. Левамизолды тері астына бір рет дозасы 0,017 г/кг 1 мл 50 кг тірі салмағына. Алдын алу шаралары жалпы және арнайы шаралар кешенінен тұрады.
3) Протозоидгық аурулар негізінен еліміздің оңтүстігінде таралған. Олар көбінесе энзоотия түрінде кездеседі, бірақ таралуында инфекциялық ауруларға тән динамикалық қасиеттер жоқ. Кейбір қарапайымдылар паразит болып қалыптасу барысында екі немесе үш иеде тіршілік етуге бейімделген. Олардың бір иесі әдетте омыртқалыларға жатады, ал екіншісі омыртқасыздар. Бір иеден екінші иеге ауысу қан сорғыш жәндіктер немесе кенелер арқылы жүзеге асады. Трансмиссивті протозоидгық аурулардың таралуында бірыңғай эпизоотиялық тізбек бары байқалады. Бүл тізбекте үш буын бар: «бірінші буын — донор (беруші) — ауру мал немесе паразит тасушы, екінші буын — тасымалдаушы, қоздырғышты инвазияланған малдан алып, сау малға беріп отырады, үшінші буын - реципиент (қабылдаушы)- ауруға бейім мал. Ауруға бейім мал барлық географиялык аймақтарда кездесуі мүмкін. Сол себебті тарнсмиссивті аурулардың эпизоотологиясы екінші буын - тасымалдаушьшарға байланысты. Сондықтан трансмиссивті аурулардың таралу аймағы (ареалы) әдетте буынаяқтылардың таралған аймағымен дәлме дәл келеді. Екінші буынды жойған жағдайда, трансмиссивті ауру өздігінен жойылады. Трансмиссивті ауруларды жою үшін, олардың тасымалдаушыларын мүқият зерттеп, олардың қоздырғыштардан арылу жолдарын, сондай-ақ химиялық терапия көмегімен қоздырғыш-тасымалдаушы малды аурудан айықтыру мүмкіншіліктерін қарастыру қажет. Кейбір трансмиссивті аурулардың қоздырғыштары механикалық жолмен тасылады. Мысалы, су-аурудың қоздырғышытрипаносомаларды жәндіктер ауру мал қанынан сау мал қанына механикалық жолмен жүқтырады. Трансмиссивті емес аурулар әртүрлі климатты аймақтарда кездесуі мүмкін, олардың эпизоотиялық тізбегінде екі немесе үш буын бар. Үш буынды тізбек - донор немесе паразит тасығыш мал, екінші буыны - қоздырғыштың өсіп-дамуы аяқталатын қоршаган орта, ал үшінші буыны - реңипиент (қабылдаушы) - ауруга бейім мал болады. Мүндай аурулар (балантидиоз және т.б.) негізінен паразиттің өсіп-дамуының аяқталуьгаа қоршаған ортаның қолайлы жағдайлары бар жерлерде кездеседі. Транссмиссивті емес аурулардың эпизоотологиясына эпизоотиялық тізбектің үш буыны да қатысады. Ауруды тоқтату үшін осы тізбектің үшеуіне бірдей әсер ету қажет: ауру малдарға химиялық терапия қолдану, қоршаған ортада қоздырғыштың инвазиялық сатыға дейін дамуына дезинвазия арқылы кедергі жасау және малға химиялық дәрілерді қолданып, инвазияның алдын алу. Эпизоотиялық тізбеғінде екі буын бар трансмиссивті емес аурулар аз, олар: тақтүяқтылардың киеңкісі, ірі қара мал трихомонозы. Оның бірінші буыны — донор (беруші) — ауру мал болса, екінші буыны реңипиент (қабылдаушы) - ауруға бейім мал. Бүл әртүрлі географиялық аймақтарға таралған, ауру малдан сау малға жанасу арқылы жүғатын жыныс ауруларына жатады. Ауру малды оқшаул ап, дүрыс емдеу, оның тоқталуын қамтамасыз етеді. Протозоидтық аурулардың көпшіліғі ауыл шаруашылық мал түліктеріне тән, бірақ бірқатар қоздырғыштар үй жануарларымен қатар, жабайы аңдарды да зақымдайды. Табиғи ошақтары бар протозоидтық аурулар елімізде аса көп емес. Оларға қой бабезиозы, шошқа, жылқы пироплазмозы, токсоплазмоз, лейшманиоз және т.б. жатады. Протозоидтық аурулардың эпизоотологиясына жабайы аңдардың әсері өте зор.
Достарыңызбен бөлісу: |