3-билет Қазақстан ғылымдарының паразитология дамуына еңгізген еңбегі Біздің елімізде паразитология ғылымының дамуы тікелей Ресеймен байланысты болды. Бұрынғы Кенес Одағы құрамында болған Қазақстанда 1925 жылы өлкелік мал дәрігерлік-бактериологиялық институты жанынан гельминтология зертханасы ашылды. Мұнда көптеген паразитолог-ғалымдар қызмет істеп, гельминттерді және оларды қоздыратын ауруларды жан-жақты зерттеп, ғылымғы өз үлесін қосты. Академик С.Н.Боев, профессор Р.С.Шульц, ветеринария ғылымдарының кандидаты Ж.Қ.Қарабаев, кейіннен профессорлар Г.И.Диков, В.Т.Рамазановтар елімізде кең таралған гельминтоздарды жете зерттеп, олармен күресудің бағытын анықтады. Одан кейінгі жылдары да елімізде кең тараған протозооздары, гельминтоздарды жан-жақты зерттеп, олардың күрес шараларын жетілдірген профессорлар М.В.Хванның, М.С.Сабаншиевтің және ғалымдар М.Ж.Сүлейменовтың, М.Шальменовтың ж.т.б. еңбектерін атауға болады.
Токсокароз - бұл ауру Anisakidae тұқымының, Ascaridata подотрядының нематодасымен қоздырылады. Токсокарлар жіңішке ішектің қуысында, кейде 97 бауырдың өт жолдарында және сирек қарын асты безде паразиттейді. Қоздырушысы. Toxocara canis — сұр – сары түсті, аталықтардың ұзындығы 5—10 см, құйрықтың ұшы майысқан, онда екі бірдей спикула болады, аналықтардың ұзындығы 10—18 см. Бас ұшында кутикул ярлы қанаттар болады. Анап (пищевод) пен ішектің арасында асқазан болады, ол бұл түрдің ерекшелігі болып табылады. Жұмырқалар (0,068—0,075 мм) доңгелек, сұрлау (19 сурет). Қоздырғышының даму биологиясы. Токсокаралардың дефинитивті иелер — ит, ақ түлкі, түлкі және кейбір басқа ет қоректілер, олар клиникалыққа гельминттердің жұмыртқаларын шығарады. Нематодалар аскарида типі бойынша дамиды. Жануар алиментарлы жолмен зақымдалады. Бұл паразитінің биологиясының ерекшеліктері бар, оларда Эпизоотологиялық мәні болады. Ол мынада, ит зақымдалғаннан кейін 8 күні токсокара дернәсілдеріның бір бөлімі бауырда, өкпеде, бүйректе, бұлшық етте және т.б. органдарда болады, бірақ олар онда дамымайды. Және де дернәсілдер ересек иттердің организімінде көп өмір сүреді. Анадан плацента және қан арқылы күшікке беріледі. Қалған дернәсілдер келесі буаздыққа дейін сақталады. Бұл процесс ішкі секреция бездерінің гормондарын реттейді деп санайды. Күшіктерде токсокарлардың дернәсілдерін өкпе мен бауырда табады. Трахея арқылы миграция жасағанда дернәсілдер 20 – 21 тәуілікте жынысты жетілу сатысына жетеді.Т. canis және Т. cati даму биологиясы бірдей. Эпизоотологиялық деректері. Дернәсілдер жануарда өмір қабілеттілігін зақымдағаннан кейін 385 тәуілік сақтайды. Іштегі төлдер тек қана буаздықтың 42 тәуілігінде зақымдалады. 98 Патогенезі және клиникалық белгілері. Организмде дернәсілдердің көп болуы ішектің кілегей тамырларын, басқа органдарын және де плацентаны бұзады. Ішектің, өт жолдарының және қарын асты безінің бітелуі болады. Дернәсілдер иенің органдарына микроорганизмдерді енгізіп, содан кейін гельминттердің метаболизмінің өнімі аллергиялық және токсикалық әсер тигізеді. Тәбеті төмен, жүдеу және т.б. белгілер байқалады. Дернәсілдер адам организмінде ауыр аллергиялық реакцияны тудыруы мүмкін, соның салдарынан пневмония, бұлшық ет аурулары, астма, бауырдың ұлғайуы, кейде жүйке жүйесінің бұзылуы болуы мүмкін. Патологиялық-анатомиялық өзгерістері. Токсокаралар геморрагиялық энтерит, язва, кілегей қабықшасының атрофиясын, ал кейде ішектің жарылуын тудырады. Балау. Тірі кезде Фюллеборн әдісі бойынша гельминтоовоскопияны өткізеді. Өлгенде іШектеу ашып қарайды. Емдеу, алдын алу және күресу шаралары токса