1—билет Паразитологияның қысқаша дамуы



бет13/73
Дата22.04.2023
өлшемі2,15 Mb.
#175165
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   73
Байланысты:
Паразит жауабы

Ірі қара гиподерматозы

Гиподерматоз – етті және сүтті өнімділікті төмендетіп, жануарлардың тері қабаттарын, ұлпаларын, өмірлік маңызы бар ағзаларын жаралайды, ағзада паразиттеледі, 6 – 9 ай ішінде ұзақ уақыт бойы тері асты балаңқұрттарымен, бөгелектерімен туындайтын ірі қара малдың созылмалы өтетін қауіпті ауруы.


Ірі қара малда паразиттенетін қоздырғыштар: Hypoderma bovis қарапайым тері асты бөгелегі және Hypoderma lineatum оңтүстік тері асты бөгелегі. Ірі қара мал бірден-бір иесі болып табылады. Тері асты бөгелегі солтүстік жарты шардың барлық аумағында кездеседі.
Морфологиясы. Қанатталған бөгелекте 13 – 17 мм ұзындыққа жетеді. Олардың денесі шаштармен қалың жабылған, аналықтарының құрсағының соңында ұзын жұмыртқа салатын болады, ол тыныштық жағыдайда құрсаққа тартылған. Антеннасы үш мүшелі, ауыз аппараты рудиментарлы. Ауыз саңылауы жарғақшамен бүркілген. Кеудесіне ақшыл-түтін түсті қос кең қанаттары мүшеленген.
Эпизоотологиялық деректері. Жануарлардың гиподерматозбен зақымдалуы тек жазғы уақыттарда болады. Инвазия көзі гиподерматозбен ауратын жануарлар болып табылады. Жануарлардың дернәсілдермен зақымдалғыштығына және бөгелектердің көбеюіне малдардың тығыз орналасуы, сондай-ақ, бөгелектердің өмірінің ұзақтығына және дамуына әсер етуші климаттық жағыдайлар маңызды факторлары болып табылады. Үлкең жануарларда нәзік ұлпаларының аз болуына және терінің үлкең жуандықта болуына байланысты жас жануарларға қарағанда, бөгелек дернәсілдерімен аз дәрежеде зақымдалады. Үлкең жануарлардың зақымдалуының аз пайызына пайда болған иммунитетте әсер етеді.
Патогенезі. Жануарлардың тері астына еніп, кейін жұлын каналына, өңешке және басқада ішкі ағзаларға теріасты бөгелегінің дернәсілдері регрессивті-экссудативті түрдің қабыну құбылыстарымен сүйемелденетін ұлпаның механикалық зақымдалуын тудырады және нітежиесінде ауыр созылмалы аурулар, сауын мөлшері мен салмақтың төмендеуін тудыратын жалпы токсинді әсер көрсетеді. Жыл сайын әр зақымдаған дернәсілден сиырлар 80 – 200 л сүт кем береді (жылдық сауынның 4,5% - ы), бұзаулар орта есеппен 13 – 18 кг ет аз береді.

Клиникалық белгілері. Жануардың терісінің астына дернәсіл кірген кезде пайда болады: қышу, тері асты клетчаткасының ісінуі, пальпация кезінде дернәсілдердің көшіп-қону орнында ауырсыну байқаймыз. Клиникалық белгілері бел терісіне дернәсілдердің жақындау кезеңінен және бөгелек бұлтықтарының қалыптасунан бастап айқын көрінеді.


Гиподерматозбен ауратын жануарларды емдеу сәуір - мамыр айларында тексеру кезінде анықталған гиподерматозбен ауратын жануарларды белгілі бір тәртіпте қолдануға рұқсат етілген препараттармен өңдейді. Гиподерматозбен ауратын жануарлар анықталған барлық топтар өңдеуге ұшырайды. (п. 6.4 в ред. РФ АШМ бұйрығы 29.12.2005 No 239).


Жанурларды бөгелекке қарсы препараттармен өңдеуді ветеринариялық дәрігер немесе ветеринариялық фельдшер жүргізеді. Ветеринариялық маман әр өңдеуді өңдеу жүргізу әдістері, күні, препараттарды шығындау нормасы, атауы көрсетілген эпизоотияға қарсы нөмірленген журналға тіркейді. Препараттармен өңделген жануарларды шарасыз сойған кезде, етін тағм үшін қолдану сұрақтары сойыс өнімдерінің ветерианриялық-санитарлық сараптамасының нәтежиелері мен қолдану нұсқаулықтары бойынша
шешіледі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   73




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет