HREF атрибутының мәні болып, “polyn.net.kiae.su” машинасында “index.shtml” құжат адресі табылады, оған рұқсат HTTP протоколы арқылы беріледі. Осы адрестің жазу формасы универсалды локаторлық ресурс (Universe Resource Locator) деп аталады және WWW технологиясының құрама бөлімі болып табылады.
А контейнерінің мазмұны, тег басы және тег соңы аралығында қосылады, мәтінде контекстік гипермәтіндік сілтемеге арналған түспен бөлінеді.
Web-серверді құрұдың ерекшелігі, онда көрсетілген ақпаратты жеке бөліктерге бөлуге болады. Жеке бөліктер арасындағы байланыс ұйымдары гипермәтіндік сілтеме арқылы анықталады.
Өзін тексеруге арналған сұрақтар:
1. html-құжатының құрылымы. Беттің құрылымдық элементтері.Элементтер типі.
2. WWW-сервисінің жұмыс тәртібі. Сервер және клиент арасында мәлімет алмасу. Формалар.
серверде де, клиентте де жұмыс істейтін активті бейнелер.
Графика Webтегі ең кең таралған графикалық форматтар болып GIF және JPEG форматтары болып табылады. Web – бетке бейне қою үшін ең алдымен оны салып алу қажет немесе дайын бейнені алуға болады. Сурет салудың кез-келген программасында қарапайым бейнені салу және оны қажет етілген форматқа сақтау қиынға түспейді. Егер программа бұл форматты қабылдамаса, онда файлды өңдеу қажет. Бір графикалық форматтың басқа форматқа өңделуіне арналған бірнеше программалар бар. Суреттерді әртүрлі программалық пакеттерден немесе Internet Web – беттерінің бірінен алуға етуге болады. Егер браузер Web – бетті бейнемен бірге шығарса, сәйкес графикалық файл компьютер жадысында уақытша сақталады. Браузердің көпшілігінде файлды үнемі локальды дискіде сақтауға рұқсат беретін командалары бар.Графикалық файлды алудың бірнеше басқа да варианттары бар:
Бейнелер өзінің ақпараттылығымен пайдалы болуы мүмкін және Web – бетке көз тартар түр береді. Бейнелерді қолдануда кең таралған жағдайларды қарастырайық:
әдемі маркерленген тізімдерді құруға арналған графикалық маркерлердің қолданылуы.
Енді Web – бетке бейнені қалай қою керек екендігін қарастырайық. HTML тегі болып браузер бейнені шығаруды талап ететін келесі ортақ форматы табылады:
Тұйықтаушы тег талап етілмейді.Мұндағы SRC – (SouRCe)бастауды білдіреді, ал файлдың аты шығарылған графикалық файлдың атын білдіреді. Web – беттегі бейнелер қарапайым мәтін сияқты гипермәтінді сілтемелер ретінде қолданылуы мүмкін.. Бетті оқушы бейненің үстінен шертеді де, басқа бетке немесе бейнеге ауысады. Гипермәтінді белгі сияқты бейнені белгілеуде, мәтінде де қолданылатын тегі қолданылады, бірақ және арасына бейнесінің тегі қойылады.
Бұндай бейненің гипермәтінді сілтеме ретінде қолданылуы қосымша рамка ретінде.
Шектелген тікбұрыштар және ALT= атрибуттары
Графика бетінің жүктелу уақытын азайту үшін HTML – кодында бейненің өлшемін анықтау пайдалы. Егер ол беттің жүктелгенінен бұрын белгілі болса, онда браузер ең басында суретке рамканы апарады, содан кейін бетке мәтінді жүктей алады. Егер графикалық бейненің өлшемі анықталған болса, онда оған браузер шектелген тікбұрыш түріндегі орын резервтейді. Графика жүктеліп жатқан кезде бетті оқушы мәтінді оқи беруіне болады. Бұндай жұмыстың методикасы - өз оқушыларына деген жұмсақ мінезді қарым – қатынасын білдіреді.