1ДӘріс тауартану пәні және мақсаттары Азық түлік тауарларын жіктеу Тауар сапасы және тауар сапасын анықтаудың әдістері Тауартану



бет8/64
Дата13.12.2021
өлшемі226,46 Kb.
#100134
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   64
Байланысты:
Tauartanu (1)

Фотометриялық әдістер тамақ өнімдерінің химиялық құрамын анықтауға және өнім балғындылығына баға беруге мүмкіндік береді. Оған фотоколориметрия, спектрометрия, люминесцентті анализ жатады.

Химиялық әдістер тамақ өнімдеріндегі әртүрлі заттарды, олардың қасиетін, өнімнің химиялық құрамын анықтауға мүмкіндік береді.

Биохимиялық әдістер жемістер мен жидектердің тыныс алу интенсивтілігін, сүттегі каталазаның ферментативті активтілігін, ет автолизін т.б. анықтауда қолданылады.

Физиологиялық әдістер тамақ өнімдерінің құндылығын, сіңімділігін, калориялығын анықтауда қолданылады.

Эксперттік әдіс - өнімнің сапа көрсеткіштерін эксперттермен шешім қабылдау негізінде анықтау әдісі. Эксперттік топқа бағаланатын өнім бойынша жоғары білікті мамандар кіреді - ғылымдар, конструктолар, дизайнерлер, технологтар, сонымен қатар тауартанушылар және басқа да сауда қызметкерлері.

Өлшеу әдісін сапа көрсеткіштерін әртүрлі аспаптар, құрал-жабдықтар, химиялық реактивтер мен ыдыстар көмегімен анықтау үшін қолданады.

Тіркеу әдісі көмегімен сапа көрсеткіштерін белгілі бір оқиғалады, заттарды, шығындарды бақылау және санын есептеу негізінде анықтайды. Әдіс тіркеу және белгілі бір мәліметтер санын есептеу арқылы алынған информацияға негізделеді, мысалы тауарларды қабылдау, тасымалдау, өткізу кезінде, тауарлы-материалды құндылықтарды инвентаризациялау кезінде партиядағы ақаулы өнім немесе ақаулы ыдыс санын анықтау.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   64




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет