Лекция 7 Тауарлық хабарлама
1. Тауар хабарламасының формасы мен түрi.
2. Тауар хабарламасына қойылатын талаптар.
3. Тауар хабарламасыныңнегiзгi заттары.
4. Тауарды штрихтап кодтау.Тауардағы бақылау сандарын шешу алгоритмi.
Тауарлық хабарлама – қолданушы үшiн арналған мағлұматтар, яғни коммерциялық iс-әрекеттiң субьектiсi. Тауар хабарлаамасының белгiленуiне байланысты негiзгi түрлер мен формаларға бөлiнедi.
Түрлерi:
негiздеушi
коммерциялық
тұтынушылық
Формасы:
сөздi
санды
көркемдiк
символикалық
штрихтық
1. Негiздеушi хабарлама - барлық сауда қатынастары үшiн арналған және идентификацияда тауар туралы мәндердi шешуге негiзделген.
Осы хабарламаға тауар аты, түрi, сорты, массасы, шығарушы кәсiпорын аты, шығу күнi, сақтау мерзiмi жатады.
2. Коммерциялық хабарлама – шығарушу, жеткiзушi, тауар туралы мағлұматтар бередi. Тауар сапасы туралы нормативтi құжаттар,өнiм түрi туралы мағлұматтар берiледi.
3. Тұтынушылық хабарлама – нақты тауарды қолданып, тұтынушылық сұранысты құру үшiн мағлұматтар. Нақты хабарлама төмендегi мағлұматтардан тұрады: тағамдық құндылық, құрамы, функционалды белгiленуi, пайдалану және қолдану тәсiлi, қауiпсiздiк және сенiмдiлiгi жатады.
Достарыңызбен бөлісу: |