1ДӘріс тауартану пәні және мақсаттары Азық түлік тауарларын жіктеу Тауар сапасы және тауар сапасын анықтаудың әдістері Тауартану



бет50/64
Дата13.12.2021
өлшемі226,46 Kb.
#100134
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   64
Байланысты:
Tauartanu (1)

12 дәріс. Құс жұмыртқасы

 

Жұмыртқа — ауыл шаруашылығы құстарынан алынған қауызы бар өнім. Жұмыртқа жұмыртқақабықтарымен (жұқа және сыртқы қатты қабық) қапталып тұрады. Жұмыртқаның сарыуызыақуыздан аз болады, оның түсі құрамындағы ксантофиль мен каротин пигменттерінебайланысты. Сарыуыздың құрамында 51% су, 16% ақуыз, 31,5% май, әртүрлі мөлшерде В1, В2, Д1, Е витаминдері мен минералдық заттар, т.б. бар. Ақуызда 85% су, 13% ақуыз бар, май, көміртек, минералды заттар өте аз, тек В витамині болады. Құс жұмыртқасы өзінің нəрлік жəне дəмдік қасиеті бойынша адамдардың азықтану өнімдерінің ішінде негізгі орындардың бірін алады. Əр



түрлігімен жəне құрамында азықтық заттардың толықтығымен ерекшеленеді.

Қазіргі кезде жұмыртқа меленж өндірісі кең ауқым алды. Олар азық кəсіпорындарында (кондитерлік, макарон жасауда, нан пісіру жəне т.б.) негізгі орын алады. Сонымен бірге жоғары қоректік қасиеті бар концентрленген азық – жұмыртқа ұнтағын үлкен көлемде шығарылып жатыр.

Ұрықтанған жұмыртқаларды адамдар мен жануарлардың кейбір ауруларына вакцина жасауда да қолданады. Құс жұмыртқасы көптеген өндірістерде азықтық өнімдер мен дəрілік препараттарды дайындау үшін бағалы шикізат болып саналады.

Жұмыртқа және жұмыртқа өнімдерінде соның салдарынан адам денсаулығына және қоршаған ортаға кері әсер етуші қасиеттер пайда болуы мүмкін неғұрлым ықтимал қауіп-қатерлерге мыналар жатады:

1) микробиологиялық көрсеткіштері;

2) құрамында улы элементтер, пестицидтер, радионуклидтер мен олардың қалдықтарының болуы;

3) құрамында құс шаруашылығында пайдаланылатын ветеринариялық препараттар қалдықтарының болуы;

4) өнімдерді химиялық заттармен, иондаушы сәулеленумен және ультракүлгін сәулелермен өңдеу тәсілдері;

5) пайдалануға тыйым салынған тағамдық қоспалардың, хош иістендіргіштердің, қосымша технологиялық заттардың, сондай-ақ гендік инженерия өнімдерінің болуы;

6) бөгде қосындылар мен қоспалар.

​Мынадай жұмыртқа және жұмыртқа өнімдері сатуға жіберілмейді:

      1) анық сапасыздық белгілері бар болса;

      2) олардың қауіпсіздігі мен шығу тегін растайтын құжаттары болмаса;

      3) жарамдылық мерзімі өтіп кеткен немесе анықталмаған болса;

      4) тұтыну орамасында, затбелгісінде, құлақшасында, қосымша парақтарында және (немесе) ілеспе құжаттарында қажетті ақпарат болмаса;

      5) бұзылған немесе герметикалық емес орамда болса (буып-түйілген өнім үшін).



Жұмыртқаны санатына қарай сұрыптау жəне сараптау. Жұмыртқаның жаңа екендігін анықтау үшін овоскопта жарықтандыру қажет. Овоскопия жасаған кезде жұмыртқаның тұнықтығына, мөлдірлігіне, сары уызының көрінуі мен жылжымалдығына, ауа камерасының өлшеміне назар аударады. Егерде əртүрлі ауытқыған жəне бүлінген жұмыртқаларды табатын болса, онда алып келінген жұмыртқаның барлық жиынын овоскопия жасайды жəне соның нəтижесіне қарай сапасы туралы қорытынды береді. Жұмыртқаны зерттегенде оның қабығының жағдайына, ауа камерасының өлшеміне, ақуыз пен сары уыз жағдайына жəне сыртқы қабығының тазалығына назар аударады. Кешенді құс шаруашылықтарында жұмыртқаларды арнайы қондырғы салмағына қарай сұрыптап, бес салмақ тобына жайғастырады, сағатына 4500 дана. Тауық жұмыртқасын – диетикалық, жас немесе жаңа, мұздатқыштағы жəне əктелген түрге сұрыптайды.

Жұмыртқаның сары уызы - қабылданған технологияларға сәйкес жарылған жұмыртқаның ішіндегі заттан сары уызды бөліп алу кезінде алынған гомогенді жұмыртқа өнімі.

Жұмыртқаның ақ уызы - қабылданған технологияларға сәйкес жарылған жұмыртқаның ішіндегі заттан ақ уызды бөліп алу кезінде алынған гомогенді жұмыртқа өнімі.

 ​Сұйық жұмыртқа өнімі - қабылданған технологияларға сәйкес табиғи арақатынаста немесе ақ уыз бен сары уыздың әр түрлі пропорциясында ақ уыз бен сары уыздың қоспасын білдіретін, жұмыртқаны жарып және қауызынан бөліп алғаннан кейін алынған жұмыртқа өнімі.

Құрғақ жұмыртқа өнімі - ұнтақ тәріздес немесе түйіршіктелген өнімді алуға дейінгі сұйық жұмыртқа өнімін кептіру жолымен алынған жұмыртқа өнімі.

Купаждалған жұмыртқа өнімі - тұтас жұмыртқамен, жұмыртқаның сары уызымен және жұмыртқаның ақ уызымен салыстырғанда жарылған жұмыртқаның ішіндегі құрамдастардың ара қатынастары өзгертіліп дайындалған жұмыртқа өнімі.

 ​Ферменттелген жұмыртқа өнімі - қасиеттерін өзгерту мақсатында және/немесе оның құрамындағы қанттарды алып тастау мақсатында ферменттермен әсер ету (мысалы, оның табиғи функционалдық қасиеттерін күшейту: көбік түзу, эмульгациялану және т.б.) нәтижесінде алынған жұмыртқа өнімі.

 ​Жуылған жұмыртқалар - ветеринариялық-санитариялық және санитариялық-гигиеналық ережелер мен нормаларға сәйкес санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау саласындағы уәкілетті орган қолдануға рұқсат еткен арнайы жуғыш және залалсыздандырғыш құралдармен өңделген жұмыртқалар.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   64




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет