ТАУАРТАНУ ҚЫЗМЕТІНІҢ ОБЬЕКТІЛЕРІ ЖӘНЕ СУБЬЕКТІЛЕРІ
Тауартанулық қызметінің обьектісі
Тауар сипаттамасы
Тауартанулық қызметінің субьектілері
Тауартанулық қызметінің обьектісі
Обьект (латын тілінен objektum – зат) қандай да бір іс-әрекетке бағытталған құбылыс.
Тауартану және коммерциялық іс-әрекеттің обьектісіне тауар жатады. Осы көрсетілген іс-әрекет түрлерінің арасындағы айырмашылық обьекттілердің қамту кеңістігіне негізделген. Тауартану іс-әрекеттері коммерциялық бөлімнің құрамы ретінде тауарлар мен соған байланысты іс-әрекеттерге бағытталған. Сондықтан обьект ретінде тек тұтынушылық тауарлар ғана емес өндірістік бағыттағы тауарлар да сатуға беріледі (шикізат, жартылай дүмбіл, қосалқы өнімдер, құралдар және тағы басқалары).
Коммерциялық іс-әрекеттер обьектіні қамту ауқымдылығымен ерекшеленеді, ол өзінің құрамына тек тауарларды ғана емес, құнды қағаздар, интелектуалды өнімдерден тұрады, сондай–ақ тауар қозғалысын ұйымдастыру жұмыстары жатады. Тауар – тауартану іс-әрекетінің 4 негізгі сипаттамасы бар: өнімді, сапалық, сандық және бағалығы болып бөлінеді. Алғашқы үш сипаттамасын тауартану деп атауға болады, тұтынушылардың нақты сұранысын (физиологиялық, әлеуметтік, психологиялық және тағы басқа) қанағаттандырады. Осы сипаттамаларға байланысты тұтынушылардың нақты сегменттері үшін пайдалы болып, тауар болып саналады.
Көп факторларға байланысты адамдардың сұранысы үнемі өзгерісте болады: табиғи, әлеуметтік-экономикалық, ғылыми-техникалық және т б. Өзгерген потенциалды сұраныстар өз кезегінде жаңа тауарларды және оларды қанағаттандыратын іс-әрекеттерді реттейді. Бұл жаңа тауарлар шикізаттарды және материалдарды өңдеу өнеркәсібінің саласындағы ғылыми-техникалық прогресстің жетістіктерін қолдану арқылы модифицирленген тұтынушылық құнына ие болады.
Бірақ, модифицирленген тұтынушылық құнға тек жаңа тауарлар ғана емес, құрамын жаңартқан бұрыннан белгілі дәстүрлік тауарларда иемдене алады.
Тауардың тұтынушылық құны пайдалану жолын белгілеуіңе сәйкес тұтынуына негізделген.
Адамның сұранысын қанағаттандыру оңай емес. Кез-келген тағамдық азықтар адамның талғамын толығымен қанағаттандыра бермейді. Мысалы: кейбір тағамның энергиялық қуаты күшті болса, оның органолептикалық бағасы адамның талғамына сай емес. Сол үшін адамның сұранысы мен талғамын толығымен қанағаттандыру үшін тағамның алдымен биологиялық құнды заттары басым болуы керек, сосын органолептикалық бағалауын жоғарылатуымыз керек. Сұранысты қанағаттандыру дәрежесін анықтау тауардың тұтынушылық құнын бағалаумен, адекватты және нарықтық конъюнктураны есепке алмай іске аспайды. Нарықтық конъюнктураның өзін- тауарлардың нақты өнімдік топтары мен нарықтық сегменттердің маркетингтік зерттеулер көмегімен анықтайды.
Осыған байланысты тауардың тұтыну құны тауартанудың негізін қалаушы сипаттамалар мен оның пайдалылығы арқылы анықталады. Сипаттамалар – ерекшелендіретін құрамдардың, құбылыстардың немесе заттар белгілерінің жиынтығы. Осы терминдік анықтама бойынша тауардың тауартанушылық сипаттамаларының негізін қалаушы құрамаларды бөліп айтсақ болады.
Достарыңызбен бөлісу: |