1.Әлеуметтану ғылым ретінде. Объектісі және пәні


Әлеуметтік зерттеуді ұйымдастыру



бет6/7
Дата29.03.2020
өлшемі158,9 Kb.
#61016
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
ALEUMETTANU


56. Әлеуметтік зерттеуді ұйымдастыру.

Социологиялық зерттеу жоспарының құрылымдық компоненттері бұл оның кезеңдері және түрі мен формасы бойынша әртүрлі ғылыми зерттеулік және ұйымдастыру техникалық процедуралар мен операциялар болып табылады. Бұлардың бәрі жоспардың 4 блогында құрылымданады.

Бірінші блок. Зерттеудің инструментарий мен бағдарламасы бекітіледі және талқыланады; алғашқы социологиялық ақпаратты жинау тобын құрастыру мен дайындау; сыналатын зерттеу жүргізу; сыналатын зерттеу қорытындылары бойынша бағдарламаға түзетулер енгізу; инструментарийды көбейту; смета дайындау және зерттеу шығынын есптеу.

Екінші блок. Зерттеуді жүргізу, социологиялық ақпаратты жинақтау. Сұраудың уақыты мен орны құрастырылады, социологиялық зерттеудің мақсаты мен міндеті жөнінде сұрастырушылардан алдын ала сұрастыру.

Үшінші блок. Алғашқы ақпаратты ЭВМда өңдеу дайындығымен байланысты операциялар жиынтығын қамтиды.

Төртінші блок. Өңделген нәтижелерді талдау, тәжірибелік ұсыныстарды құрастыру мен есеп дайындау.
57.Айқындама мазмұны. Терминдерді анықтау.

Ғылыми және практикалық іс жүзінде қарастырылып отырған затты өзге заттармен шатастырмай, терминдер мен сөздердің мағыналарын дәл ажырату үшін пайындалатын ұғымдардың мазмұнын ашу кажеттігі үнемі туындап отырады. Ұғымның мазмұны мен мағынасын тілмен өрнектеп ашық беретін логикалық операция айқындама (дефиниция — defintio — айқындау) деп аталады. Мазмұнын ашу қажет болып тұрған ұғым — айқындалушы ұғым, айқындалушы ұғымның мазмұнын ашып беретін ұғым — "айқындаушы ұғым деп аталады. Айқындаудың түрлері номиналды және реалды болып екіге белінеді. Номиналды ( лат. потеп— есім ) айқындау деп, сол айқындаудың өзіне сүйеніп, белгілі бір заттың сипаттамасының орнына жаңа термин (есім) енгізуді айтамыз. Сонда айналымды айқындау жазықтықтағы бір нүктеден бірдей қашықтықта орналасқан нүктелердің геометриялық орны ретінде айқындау номиналды болып табылады. Заттың мәнді белгілерін ашатын айқындама "реалды" деп аталады. Қылмыс үстінде кінәланушының кінәсінің дәлелі ретінде айғақ ұғымының анықтамасы реалды болады. Айқындамалар айқын және айқын емес болып бөлінеді. Айқын анықтамаға затқа тән мәнді белгілерді тура көрсететін анықтамалар жатады. Олар екі анық көрініс беретін — анықтаушы және анықтаушы ұғымдардан тұрады.
58.Қажетті ақпараттар мен гипотезаларды анықтау.

Зерттеудің жалпы бағыты тұжырымдалған гипотезалармен белгілену керек. Гипотеза – бұл ғылыми ұсыныс,қандайда бір фактілерді,құбылыс пен үрдістерді түсіндіруге, оларды мойындау немесе жокка шығарудан тұрады. Ғылыми гипотеза, тек зерттеу объектісін алдын ала талдау нәтижесінде ғана тұжырымдалуы мүмкін болады. Ғылыми негізделген гипотеза бірқатар талаптарға жауап беруі керек: 1. Әлеуметтік үрдістердің ғылыми танымының теоретико-әдістемелік негіз болатын, жалпы социологиялық қағида принцептеріне сай келуі керек. 2. Әлеуметтік фактілерді түсіндіретін гипотезалар, бірқатар салада ақиқаттылығы берілген салада дәлелденген қағидаларға қарама-қайшы келмеуі керек. Бірақ жаңа қағидалар ескі қағидаларға қарама-қайшы келуі мүмкін. Гипотезаның дәйектігін өсіру үшін, келесі ережелерді жетекшілікке алу жөн: өзара байланысты гипотезалардың мүмкін біршама көп санын қоюға ұмтылу және әр гипотеза үшін мүмкін эмпирикалық көрсеткіштерді белгілеуге тырысу керек. Әлеуметтік объекті зерттеуде бейнелеу және түсіндірмелі гиоптезаларды ажыратады. Бейнелеу – бұл зерттеу объектінің құрылымдық және функционалдық байланыстары жқнінде ұсыныстар. Олар әлеуметтік объектінің классификациялық сипаттамаларына жатқызыла алады. Түсіндірмелі гипотезалар – зерттеу объектісінің себеп-салдар байланыстары жөнінде ұсыныстарды белгілейді. Маңызы мен сипаты бойынша гипотезалар негізгі және қосымша болып ажыратылады.
59.Cұрақтардың жазылуы

Сүрау жүргізу - 2 негізгі түрде жүргізіледі: сүхбат пен анкеталық сүрау. Сүхбат стандартталған пішінде жүреді. Шынында бүл да анкета, тек кана сүхбат береді. Осылай ол сүралатын адамның реакциясына карай езі дәл түсіністікке ие болуы үшін сүрақты апьщтайды. Осыған қоса, сүранатын адамның жауаптарыньщ барльщ нюансьш ескеруі қажет. Бүның бәрі сүхбаттьщ әлеуметтік ақпаратгың дәлдігінін жоғары болу әдісі ретінде әсерлі болуына жагдай жасайды Сүрау жүргізу әдісі, ең бастысы жаппай анкетальщ сұрау жүргізу әдісі -бүл әлеуметтік ақикатты түсінудің қуатты аспабы. Онда, бір жағынан, типтік кездейсоқ емес әлеуметтік қүбылыстардьщ бекітілуін, үлкен сандар заңын, ьщтималдьщты статистика ақпараттарьш тольщ пайдалануға мүмкіндік беретін жаппайльщ болады. Екінші жағынан, нәтижелердің математикалық дәлдігі мен мәнерлілігі, оларды қатар қою мүмкіндігі, әр түрлі статистикалык операциялар жүргізу. Осы жағдайда анкетальщ сүрау жүргізу анонимдікті, сүралынатын адамның тәуелсіздігін сақтауға мүмкіндігін жасайды, зерттеушінің тура әсерін, қысьгмньщ мүмкіндігін шектейді.Анкета күрылымыа) Кіріспелік белім (мүнда сүраудың кім жүргізіп жатқандыга, анкетаны

толтыруға арналған нүсқаулар көрсетіледі).б) Төлқүжат (респонденттердің әлеуметтік-демографияльщ сипаттамасына

арналған сүрактар: жынысы, жасы, білімі, мамандығьт, жанүялык жағдайы).

в)Негізгі белімг) Сұрақтардың бөлігі - қарапайым, байланыстық сүрактар.Олардын мақсаты - респондентті қызықтыру, мәселеге тарту. Сүрақтар шешімде карапайым, ал жауаптар жеңіл болуы керек.д)негізгі сүрақтар. Олардың мазмүны зерттеулердің мақсаттары және шарттарымен анықталады. Күрделі сүрақтар, ойлауды, анализді, естің

белсенділігін талап етеді.3-бөлім - қорытынды сүрақтар.Анкетаны толтыруға 35±10 минут кетеді, өйткені респонденттің ықыласы төмендейді.Практика сүрақ қоюдың бірненіе қаранайым ережелерін жасап шығарады:

"аса ащы" сүрақтарды қоймау;

көңілге тиетін сүрақтар қоймау;

адамдар біле алмайтын сүрақтар қоймау;

сүрак нақты, анық, екінші рет айтуды талап етпейтіндей болуы керек; сүрақ оны түсінетіндей "есуасқа" есептеле отырып шешіле алатын болуы

сүрак сүралатын адамға түсінікті тілде (кәсіби жаргонда) болуы керек;



сүрақ қандай да бір жауапқа итермелеу керек. Сүрақтарды жіктеу Сүрақтар піпгіні бойынша жабық, жартылай жабық және жартылай ашъгк болуы қажет.Тандамалы сүрақтың бір түрі ретінде шкалальщ сүрауды айта аламыз. Мысалы: "Сіз өз клубыңыздын өткен жолғы жүмысьга қалай бағалар едіңіз?" -әте жақсы - 5жақсы - 4 орташ- 3нашар – 2 өте нашар - 1 Ашық сүрақтар – респондентке епщандай жауаптар варианты берілмей, өз қалауынша жауап бере алатын сүрақтар. Мысалы: "Өз жүмысыңызда сізді не кызықтырады, тартады?"Жартылай жабық сүрақтар - үсьшылған жауаптар санында "басқа" немесе "тағы не" позициялары болады.Тура сүрақ - бүл респонденттен тура акпарат алуға мүмкіндігін беретін сүрақ. Мысалы, "Сіз өз жү'мысьщызға коңіліңіз бола ма?"Жанама сүрақтар - қажетті ақпаратты тура емес, сүрақтар сериясы кемегімен алуға көмектесетін сүрақтар.Сүрақтарды жіктеу Мазмүны бойынша Окиғалар, фактілер Жайындамотивтер Бағалар, ойлар Жайында
60. Социологиялық зерттеу бағдарламасы туралы ұғым.

Социологиялық зерттеу бағдарламасы – ғылыми құжат, әдістемелік тәсілдердің жан-жақты теоретикалық негізделуін және барлық бөлімдері бір тұтасқа біріккен, әлеуметтік үрдіс немесе құбылысты зерттеуде әдістемелік амалдарды қолданудан тұрады.

Зерттеу бағдарламасы екі бөлімнен тұрады – әдістемелік және әдістік. Әдістемелік бөлім мәселенің негізделуі мен тұжырымдауын, зерттеу мақсаты мен міндетін суреттеу, зерттеудің обьекті мен пәнін анықтау, негізгі ұғымдардың логикалық талдауын жасау, жұмыс гипотезаларын тұжырымдаудан тұрады. Бағдарламаның әдістік бөліміне зерттеу жиынтығын анықтау (сұрыптау), бастапқы ақпарат жинауда қолданылған әдістерге сипаттама беру, ақпарат жинаудағы инструментариялардың логикалық құрылымы, логикалық кестелер және оның ЭВМ-да өңдеу элементтері кіреді.

Бағдарлама жұмыс жоспарымен толықтырылады. Онда жұмыс кезеңдері, зерттеуді жүргізу уақыты, ғылыми, ұйымдастыру және қаржы шығындарының көлемі реттеледі.

Тәжірибенің белгілеуі бойынша, бағдарламаны құрастыруға зерттеуді жүргізуге қарағанда көп уақыт қажеттілігін белгіледі. Мұқият құрастырылған социологиялық зерттеу бағдарламасы оның жоғары ғылыми дәрежеде іске асыруының кепілдеме шартының бірі есептеледі. Бағдарламаның негізгі элементтері ұсынылатын оқулықтарда (4,5,6) жеке-жеке қарастырылатындықтан, ерекше назар талап ететін, бағдарлама бөліктерінің сипаттамасына тоқталайық.
61.Бағдарламаның құрылымы.

Социологиялық зерттеу түрін таңдаудан кейін, социологиялық зерттеу бағдарламасын құрастыруға көшеді. Бұл құжаттың ғылыми негізделу дәрежесінен жүргізілген социологиялық зерттеудің сапалық деңгейі айқындалады.

Социологиялық зерттеу бағдарламасы – ғылыми құжат, әдістемелік тәсілдердің жан-жақты теоретикалық негізделуін және барлық бөлімдері бір тұтасқа біріккен, әлеуметтік үрдіс немесе құбылысты зерттеуде әдістемелік амалдарды қолданудан тұрады.

Зерттеу бағдарламасы екі бөлімнен тұрады – әдістемелік және әдістік. Әдістемелік бөлім мәселенің негізделуі мен тұжырымдауын, зерттеу мақсаты мен міндетін суреттеу, зерттеудің обьекті мен пәнін анықтау, негізгі ұғымдардың логикалық талдауын жасау, жұмыс гипотезаларын тұжырымдаудан тұрады. Бағдарламаның әдістік бөліміне зерттеу жиынтығын анықтау (сұрыптау), бастапқы ақпарат жинауда қолданылған әдістерге сипаттама беру, ақпарат жинаудағы инструментариялардың логикалық құрылымы, логикалық кестелер және оның ЭВМ-да өңдеу элементтері кіреді.

Бағдарлама жұмыс жоспарымен толықтырылады. Онда жұмыс кезеңдері, зерттеуді жүргізу уақыты, ғылыми, ұйымдастыру және қаржы шығындарының көлемі реттеледі.

Тәжірибенің белгілеуі бойынша, бағдарламаны құрастыруға зерттеуді жүргізуге қарағанда көп уақыт қажеттілігін белгіледі. Мұқият құрастырылған социологиялық зерттеу бағдарламасы оның жоғары ғылыми дәрежеде іске асыруының кепілдеме шартының бірі есептеледі. Бағдарламаның негізгі элементтері ұсынылатын оқулықтарда (4,5,6) жеке-жеке қарастырылатындықтан, ерекше назар талап ететін, бағдарлама бөліктерінің сипаттамасына тоқталайық.
62. Зерттеудің негізгі әдістері, олардың сипаттамасы.

Социологиялық зерттеу - методологиялық, методикалық және ұйымдастырмалы – техникалық процедуралардың логикалық жалғастырмалы жүйесі, бір-бірімен ортақ мақсатпен байланысты: зерттеу құбылысы немесе үрдісі жөнінде мәлімет алу және оны әлеуметтік басқару тәжірибесінде қолдану.

Социологиялық зерттеу төрт өзара байланысқан кезеңнен тұрады: - зерттеуге дайындық; - бастапқы ақпаратты жинақтау; - жиналған ақпаратты өңдеу және ЭВМда өңдеуге дайындау; - өңделген ақпаратты талдау. Зерттеу нәтижелері бойынша, есеп дайындау, қорытындыларды және кепілдемені тұжырымдау.

Барлау зерттеу – социологиялық зертеулердің ең қарапайым түрі. Ол шағын зерттеу жиынтығын қамтиды және қарапайым бағдарлама мен көлемі қысылған инструментарийге негізделеді. Барлау зерттеу терең және көлемді зерттеудің алдын ала сатысы ретінде қолданылуы мүмкін (егер қиындық аз немесе мүлде зерттелмеген жағдайда). Бастапқы ақпарат жинаудың ең қарапайым әдісі қолданылады (әдейі әдебиеттің анализі, эксперттерді сұрау).

Суреттеу зерттеу. Мақсаты мен міндеті бойынша, ол зерттеу құбылысы және оның құрылымдық кезеңдері жөнінде біршама тұтас түсінік беретін эмпирикалық мағлұматтарды алуды көздейді. Толық өңделген бағдарлама бойынша жүргізіледі. Суреттеу зерттеу түрі талдау объектісі - үлкен адамдар қауымдастығы (қала, аудан, облыс, аумақ халқы) болған кезде қолданылады.

Аналитикалық зерттеу – зерттелетін құбылыстың құрылымдық элементтерін бейнелеуді ғана мақсат қоймайды, сондай–ақ тәжірибелік құндылығы жоғары болып келетін негізінің себептерін айқындауға бағытталған, социологиялық зерттеудің тереңдетілген түрі болып табылады. Аналитикалық зерттеу дайындығы біршама уақыт талап ететін, мұқият құрастырылған бағдарлама мен инстументарийды талап етеді. Зерттеу объекті жөнінде көрініс алу үшін, барлау және бейнелеу зерттеу түрлерін қолданады.

Қолданылған әдістер негізінде бұл зерттеу жиынтық сипатқа ие болады. (зерттеудің әртүрлі әдістері қолданылады).
63.Отбасының негізгі белгілері және зерттеулердің негізгі бағыттары.

Көптеген ғасырлар бойы отбасындағы балалар негізінен үлкендердің орнын басатын білімдерді, кәсіптерді үйренген. Кейіннен, жалпыға орта білім беру жүйесі және әйелдерді өндіріске баулығаннан кейін, отбасының кейбір қызметтері мектептерге, бала-бакшаларына берілді, бүлар отбасымен қатар балаларды өмірге, еңбекке дайындайды. Акырында отбасы күрылымы да өзгерді. Дәстүрлі үжен отбасы кішіхірім екі үрпақ өкілдерінен түратын нуклеарлы отбасыларға орын бере бастады. Нуклеарлы отбасылары ата-ана және балалардан түрады. Біртіндеп туыстық қатынастар бұзылады, туу күрт төмендейді. Ата-аналар мен балалар арасьшдағы қарым-катынас озгерді. Өзгерістер жьшыстық қатынастарға да әсерін тигізді, стандартты емес отбасылар саны көбейді.

Отбасының ең маңызды міндеттерінің бірі - балаларды тәрбиелеу (әлеуметтендіру процесі). Отбасыньщ балаға ықпал болғаны жақсы. Отбасы тәрбиесі ата-аналар ықпалымен жүзеге асады. Отбасы өміріндегі туысқандық карым-қатынастар мен түрмыс жәйттер балаға үздіксіз ықпал етуші тәрбиелік күш болып табылады.. Отбасыньщ спецификалық кызметі отбасыньң негізінен және оның рскшеліктерін әлеуметтік қүбылыс ретінде сипаттаса, спецификальщ кызметі п іасыньщ тарихи өзгерістерге байланысты еріксіз істеуге мәжбүр болғандықтан гуындайды. Сонымен, отбасьшьщ спецификалык қызметі, яғни олар балаларды іүниеге әкелу қамтамасьгз ету және әлеуметтендіру қоғамда қандай өзгеріс боламасьш сол қалпында қалса да, оның мінездемелік қатынастары тарихи взгерістер барысында езгеруі мүмкін. Уильям Огборн осы факторлардың барлығьга іріктеп, кинақтап отбасылық қызметтерді "алып қалу" теориясында байланыстырған Квне бүл процестің "прогрессивті" сипаттамасын бекітеді. Осы сияқты прогрессивті пікірді бәрі қолдаған жоқ. Питирим Сорокиннін ПІКІрінше бүндай отбасыньщ әлеуметті мәдениеттік кызметінің азаюы, қоғамның імідустриялды урбанистік дамуы отбасын баласыз отбасына айналдырып және еркек пен әйелдің жьшыстык қатынас арқылы тіл табысатын орынға айв алдырады деп жазған.
64. Социологиялық зерттеудің міндеттерін анықтау.Міндеттердің түрлері.

 Социология – тарихи қалыптасқан әлеуметтік жүйелердің дамуының, өмір сүруінің өзіндік заңдары мен заңдылықтары, жекелеген адамдардың, әлеуметтік топтардың, таптардың, халықтардың өміріндегі осы заңдардың әрекет ету механизмдері мен көріну формалары туралы ғылым.



Социология ғылымының пайда болуы мен дамуы өмірлік тәжірибеден алынған мағлұматтарды талдаумен тығыз байланысты. Социологиялық зерттеулер дегеніміз зерттеліп отырған нысан туралы объективті мағлұматтар алу мақсатындағы бір-бірімен өзара байланысты жүргізілетін логикалық, методологиялық, тәсілдік және ұйымдастырушылық-техникалық амалдар жиынтығы. Нақтылы социологиялық зерттеулердің мақсаты:

- қоғамдағы әлеуметтік құбылыстар мен процестердің шынайы сипатын білуге жағдай жасайды;

- әлеуметтік байланыстарды дамытудағы қайшылықтар мен  тенденцияларды айқындауға мүмкіндік береді;

- экономикалық, саяси және әлеуметтік дамудың бағдарын айқындауға көмектеседі;

- қоғамдық прогресс жолдарын анықтауға жағдай жасайды.

Социологиялық зерттеулер теориялық сипаттағы методологиялық тұжырымдамаларды және нақтылы әлеуметтік құбылыстарды немесе процестерді зерттеуге арналған әдістерді қамтитын бағдарламалар жасаудан бастау алады.

Социологиялық зерттеулер біздің қоғамды тану мүмкіндіктерімізді арттыра түсетін, объективті мағлұмат алудың маңызды құралы.

Социологияның зерттеу нысаны – қоғам және оның өмір сүру, даму заңдылықтары, яғни индивидтердің қауымдастығы, олардың өзара қарым-қатынастарының ортасы түрінде қарастырылатын қоғам.

Нысан ретінде әлеуметтік өмірдің бір бөлшегін социологияның зерттеу пәні етіп алу проблемалық жағдайдан, яғни кейбір әлеуметтік қайшылықтарды бөліп қарастыру қажеттілігінен туындайды. Проблемалық жағдай зерттеу пәнін құрайды, ал әлеуметтік өмір құбылыстарындағы проблемалық жағдайды шектеу - зерттеу нысанын бөліп алуға онтологиялық негіз болады.

Әлеуметтік нысандардың даму және өмір сүруінің объективті заңдылықтарын анықтау мақсаты алға қойылған теориялық - бағдарлық әлеуметтік зерттеулердің пәні эмпириялық шындықтың елеулі қасиеттері мен өзара байланыстарын теориялық анықтамалар мен ұғымдар түрінде түсіндіреді, ал мақсаты әлеуметтік жүйелер мен процестерді іс жүзінде басқару болып табылатын қолданбалы социологиялық зерттеулердің пәні ұғынылған нысаннан  өмір шындығына жету түрінде болады.

Социология қоғамдағы жеке адам, әлеуметтік топтар, жіктер мен қауымдастықтар, институттар мен процестер тіршілігі мен қызметінің барлық проблемаларын түгел қамтуға тиіс.

Қолданбалы социологиялық зерттеулер әлеуметтік теориялардың тәжірибелік негізін құрайтын деректерді немесе тапсырыс берушілердің (мекемелердің, қоғамдық ұйым өкілдерінің, партиялар мен қауымдастықтардың, мемлекеттік басқару органдарының, бұқаралық ақпарат құралдарының) нақтылы практикалық қажетін қанағаттандыра отырып, дербес нақтылы-қолданбалы ұғымға ие болатын мәлімет жүйелерін  алуға бағытталған. Ол теориялық  болжамдарды дәлелдеу немесе жалған екенін анықтау мақсатында жүзеге асады.
65.Еңбек ұжымы-әлеуметтік институты. Еңбек - қоғам мен адам емірініц негізгі шарты. Еңбек адам мен табиғат арасында жасалынатын жүйе және осы жүйеде адам ез әрекетімен өзінің табиғат пен карьгм-қатынасьш бақылайды, реттейді. ОсЫ еңбектің аркасында адам өз өміріне бөлінді және адам болып қаланды. Еңбек нағыз адамды, адамдық қоғамды жасады, сондыктан еңбек адамньщ басқа нәрселер әрекетімен ғана іске асады. Сол себепті, еңбек әрқашанда ұжьшдьЕҚ әрекетретінде көрінеді. Еңбек және өндіріс жүйелерінде адамдар белгілі бір байланыс пен карым-қатынасқа түседі, тек қоғамдық байланыс аумағында және олардың табиғаттағы қарым-қатынасында ендіріс белгілі бір орын алады Еңбек - адамның табиғатпен қарым-қатынасын көрсететін және барлық қоғамдық формалар үшін, күші бар адамдардың бір-бірі мен қарым-қатынасын көрсететін абстракция, бірақ, бүл көптеген еңбек түрлері толығымен дамығанда және еңбектіц нақты бір түрі адамзаттық әрекеттердің әр түрлілігіне бегеу бола алмағанда корінеді. Ірі машиналарды өңдеу нәтижесінде еңбектің нақты түрлерініц жиынтығы дамығаны көрінеді. Тек қана адам еңбектің нағыз субъектісі бола алады, ал машиналар, жануарлар жүмыс істейтін табиғаттың бір бөлігі болып табьшады, бірақ та еңбек дегеніміз бүл пайдалы қоғамдық қызмет. Бүл үғым әлеуметтік тарихи әлемді түрлевдіріп, адам осы түрлендіру жүйесінде жаца максаттар қойып, көптеген қиын мәселелерді шешеді. Ецбек бай адамдар ғажайып заттар келтіреді, бірақ та ол жүмысшылардьщ кедейленуіне әкеліп соктьфады. Еңбектің мақсаты адамдардың түрмыс жағдайын көтеру үшін мумкііішіліктер күру больш табьшады.

Адам еңбегі дамуынын бірінші сатысы - бүл дәстүрлі немесе индустрияга дейінгі коғам. Бүл кезде қолмен істелінетін өндіруші еңбек толығымен үстемдік жасаған, және үстемдік жасаған элита әзінің қойған шағын талаптарына канағаттанып отырған. Еңбек физикалык ауыр және тартымсыз тек адамды тамактандыруға арналған болды (ауыл шаруашылығы). Сонымен катар, бұл кезде экономикадан тыс итермелеу (қүлдық, крепоснойлық) болды: әйтпесе адамдар жүмыс істемеді, өнеркәсіп жаңадан өсе бастаған жагдай да болды. Екінші сатысы - машина ендірумен сипатталатын индустриалды қоғам. Шаруашылық күрылымында өнеркәсіп басым болды. Ецбек аздап ауырлау және тартымсыздау болды: бүл кезде материалдық қызығушылык түрінде экономикалық итермелеу болды. Ауыл шаруашылығы және өндіріленетін өнеркөсіптер екінпіі жоспарға қалды, бірінші кезекте - индустрияны өндеу. Бірінші сатьгға қарағанда өнімділік жоғары, негізгі материалдық қажеттіліктер жеткілікті өлшемде қанағаттандырарлыктай болды.

Қоғамның дамуының үшінші сатысы қазір тек мьша елдерде дамыған: Жапония, АҚПІ, Германия. Бүл - постиндустриялды қоғам, ол тек автоматты еңбекке негізделген. Негізгі салалары: білім, ғылым және қызмет керсету. Өнеркәсіп үшінші орынға қалды, бірінші кезекте - ақпаратты оңдеу. Еңбек материалдьщ реттеуді қажет етпейді. Постиндустриалды қоғамда еңбекке ынтаны еңбекке қозғайтын іпгкі себептер алмастырады (мысалы, берілген жүмысқа қызығушылық). Еңбектің енімділік шегі өте жоғары. Капиталистерде жоғары пайда, ал жүмысшыларда жақсы еңбек ақы . Қоғамдық өндіріс жүйесінде негізгі рел материалдық өндіріске жатады. Материалдық өндіріс - ендіруші және жеке қажеттіліктер үшін материалдьщ игілікті өндіру тәсілі. Материалдық - ондірістік әрекет адамдардың материалдық талантарын қанағаттандыруға бағытталған: тамақта, киімде, үйлерде.Қоғамдьщ өндірістің негізгі элементтерінің бірі рухани өндіріс.
66.Зерттеудің негізгі әдістері, олардың сипаттамасы.

Социологиялық ақпараттар жинаудың негізгі төрт әдістері бар. Олар:

1) сұрақ алу әдісі;

2) бақылау әдісі;

3) тәжірибе жүргізу әдісі.

4) құжаттарды талдау әдісі;

Сұрақ алу әдісі. Эмпириялық ақпараттар сұрақ алу арқылы алынады. Бұл әдіс ұйымдастыру жағынан артықшылығымен, арзандығымен, ақпараттың мазмұндылығы және әмбебаптылығымен, алынған ақпаратты өңдеуге техникалық құралдарды барынша мол пайдалану мүмкіндігімен ерекшеленеді.

Сұрақ әдісінің негізгі түрлеріне анкеталық сұрау мен әлеуметтік сұхбат (интервью) жатады.

Сұрақ алу тәсілінің өзіндік ерекшелігі «сұрақ-жауап» жүйесі логикалық көзқарас тұрғысынан жүзеге асып, алынған жауаптар кейіннен сапалық және сандық өңдеулерге түсуінде жатыр.

Бақылау әдісі деп – зерттеу барысында бақылаушының болып жатқан оқиғаларды ағымдық процесіне қарай тікелей тіркеп отыру әдісін айтамыз. Бақылау әдісінің ерекшелігі: зерттеу объектісін тікелей өз көзімен көріп, құлағымен есту арқылы мағлұмат жинау, мәліметтерді сұралушының еркіне қарамай алуына мүмкіндіктер беру, зерттеуші мен объектінің арасында тікелей байланыстың болуы арқылы шапшаң ақпараттар алып тұру мүмкіндігі. Бақылау бақыланушының түрлі жағдайлардағы іс-әрекеттерін, мінез-құлқын дәл және кеңірек ұғынуға, олардың болып жатқан оқиғаларға реакциялары мәнін түсінуге көмектеседі. Бақылаудың түрлері:

Жеке бақылау – зерттеушінің зерттеу объектісін өзінше жеке бақылауы;

Топтық бақылау – зерттеу объектісін бақылауға құрылған арнайы топ;

Іштей  бақылау – зерттеушінің зерттеу объектісіне қатысу арқылы мәлімет жинауы;

Сырттай бақылау – зерттеушінің зерттеу объектісіне араласпай сыртынан бақылауы;

Табиғи бақылау – табиғи ортада, табиғи жағдайларда жүргізілетін зерттеу;

Зертханалық бақылау – арнайы құрылған, жасанды жағдайдағы бақылау. 

Тәжірибе (эксперимент) – бақыланып және басқарылатын жағдайда жаңа білімдер алудың ғылыми әдісі болып табылады. Тәжірибеде зерттелетін оқиғаның жағдайын жоспарлы түрде басқару арқылы себепті байланыстары туралы болжамдар тексеріліп, сыни тұрғыдан қарастырылады. Ол қарастырылып отырған құбылыстың белгілі бір гипотетикалық моделін жасауға негізделіп, оның негізгі параметрлері, өзара және басқа құбылыстармен байланыстары, сол байланыстарының себепті салдарлы бағыттары айқындалады. Тәжірибеде зерттелетін осы модельдің көмегімен құбылыс өзгермелі жүйе ретінде сипатталады; оның ішінде іс-әрекеті басқаруға бағынып, тәжірибенің бақылауындағы тәуелсіз өзгермелісі ерекшеленеді.

Құжат деп – адамның белгілі бір материалға түсірген мәліметтерді сақтап, керек кезінде алып қолдану үшін құрған арнайы затын айтамыз. Құжат қолжазба, тасқа басылған мәтін, баяндаманың стенограммасы, магнитофон жазбасы, фотосурет, сурет, кинофильм, видеожазба күйінде болуы мүмкін. Мәліметті жазып алу, беру және сақтау үшін микрофильм, микрофиша, компьютер дискеті, лазер дискасы жиі қолданылады.

Құжаттарды түрлі белгілеріне қарай жүйелеуге болады. Мәліметтерді тіркеу тәсіліне қарай төмендегідей бөлінеді:

1. Жазба құжаттар 2. Фонетикалық 3. Иконографиялық.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет