ЕСКЕРТУ! Т, РS, АҚ деректерін дұрыс енгізу үшін шкаланың бөлінулерінің бағасын есептей білу қажет. Ауруханада алған күн графасын екіге бөледі:- "У" - таңертеңгі және "В" - кешкі. Таңертеңгі деректер "У" графасында нүктемен белгіленеді. "В" графасында кешкілік деректер белгіленеді. Нүктелерді бір-біріне қосқанда температуралық кисық пайда болады. Қызба Қызба - бұл дене қызуының 37°С-тан жоғары болуы. Түрлі сыртқы және ішкі тітіркендіргіштерге жауап ретінде дамитын ағзаның белсенді, қорғану - бейімделу реакциясы. Ондай тітіркендіргіштер пирогендік заттар (грек тілінен аударғанда Руr- от, ыстық, gепеs - туғызатын) деп аталады. Оларға микробтар, олардың улары, сары сулар, вакциналар, жарақаттануда, ішкі қансырауларда, некрозда, күйіктерде пайда болатын ағза тіндерінің ыдырау өнімдері жатады. Пирогендік заттар терморегуляцияның өзгеруін тудырады. Жылу беру бірден төмендейді (тамырлар тарылады, жылу жасау жоғарылайды). Ол дене ыстығының жиналуына және дене қызуының көтерілуіне әкеледі. Осы кезде дамитын қызба, алмасу процестерінің жылдамдығының жоғарылауына әкеледі. Инфекция және баска пирогенді факторлармен күресуге қажетті ағзаның қорғану күшін жұмылдыруда маңызды рөл атқарады. Қызба кейде неврогенді түрде орталық жүйке жүйесінің функционалды және органикалық зақымдалуынан дамиды. ЕСКЕРТУ! Жоғарылау дәрежесіне қарай температура субфебрилді қызба (38°С-тан жоғары емес) орташа, біркелкі қызба (фебрилді) (38-39°С-қа дейін), жоғары немесе пиретикалық қызба, (39-41°С) өте жоғары немесе гиперпиретикалық қызба (41°С-тан жоғары) болып бөлінеді. Қызба дамуы үш кезеңнен түрады: Бірінші кезең – дене қызуының көтерілуі: жылу өндіру жылу бөлуден басым болады. Жылу бөлу тері тамырларының тарылу салдарынан бірден төмендейді. Дене температурасының жоғарылауына қарамастан тері суық "қаз терісіне ұқсас" болады. Науқас бас ауруына, сүйектердің сырқырауына, қалтырауға шағым жасайды да, көпке дейін жылына алмайды.