Ауруханада жатқан науқастарды тамақтандыруды ұйымдастыруда медицина қызметкерлері және тамақ дайындайтын жердің қызметкерлері қатысады. Емдеуші дәрігер науқасқа белгілі бір емдәм тағайындап, сырқатнамаға белгілейді. Бақылаушы мейірбике мөлшерлік-мәзір құрастырады. Онда қанша науқасқа қандай емдәмдік мәзір тағайындалғаны көрсетіледі. Барлық мөлшерлік-мәзірдің деректерін қосу негізінде талап етілген тағамдардын қажетті мөлшері дайындалады. Әдетте ірі ауруханаларда науқастарды тамақтандыруды дәрігер-дитетолог басқарады. Тамақ дайындайтын жердің жұмысын бақылау аурухананың диетолог мейірбикесіне жүктеледі. Дайын тамақты тарату тек кезекші дәрігер сапасын тексергеннен кейін ғана жүргізіледі. Тамақты бөлімшенің дәмханасына әкелгеннен кейін жылытып, содан соң дәмхананы мен бақылаушы мейірбике тарата бастайды. Тамақты таратар алдында арнайы халат киген жөн. Халінің ауырлық деңгейіне байланысты науқастар тамақты асханада немесе палатада қабылдайды. Ауыр халдегі науқастарды тамақтандыру бақылаушы мейірбикенің міндетіне жатады. Халі ауыр науқастарды төсекте жатқан қалпында, төсегінің бас жағын көтеріңкілеп, тесек үстіне қойылатын үстелшені қолдану арқылы, ал ол болмаған жағдайда науқастың кеудесі мен мойнын сүлгімен жауып касықпен немесе шүмекті ыдыспен тамақтандырады. 20 - 30 минуттан қейін босаған тамақтың ыдысын алып кету керек. Домхана мек асхана үшін арнайы белгіленген тазалау кұралдары болады. Үстелдер мен еденді зарарсыздандырғыш ерітіндіні қолданумен ылғалды тазалау әр тамақтанудан кейін жүргізіледі. Ыдыстарды майды кетіретін заттарды қолданумен арнайы ванналарда жуылады, ыдыс жуатын аспаптар ыстық сумен шайылады, содан кейін 0,5% хлорамин ерітіндісіне батыру арқылы зарарсыздандырылады да ағынды сумен шайып, кептіреді. Жөке зарарсыздандырғыш ерітіндіге салынады. Ауыр халдегі, әлсіреген науқастарды кейде қасықпен немесе шүмекті ыдыспен тамақтандырады. Бұл тамақтандырудың табиғи тәсілі. Кейбір жағдайларда, науқастар өздігінен тамақтана алмаса немесе кей себептердің салдарынан табиғи жолмен тамақтандыру мүмкін болмаса жасанды тамақтандыру қолданылады.