Тағайындау максаты: бүйректі аялауға мейлінше жағдай жасау. Тұзды шектеу арқылы көтерілген қан қысымына және ісіктерге әсер ету. Тамақтану тәртібі: күніне 4-5 рет
Тағайындау максаты: бүйректі аялауға мейлінше жағдай жасау. Тұзды шектеу арқылы көтерілген қан қысымына және ісіктерге әсер ету. Тамақтану тәртібі: күніне 4-5 рет. №8 емдәм. Семіздік кезінде, арнайы тамақтануды қажет ететін қосымша асқорыту мүшелерінің, бауырдың және жүрек қан тамыр жүйесінің аурулары болмағанда тағайындалады. Тағайындау мақсаты: майдың көп мөлшерде жиналуын болдырмау және жою мақсатында зат алмасуға әсер ету. Көмірсулар мен майлардың есебінен тағамның құндыльнынң шектеу.Тамақтану тәртібі: жиі-жиі аз құнарлы тағам қабылдау. Аптасына 1 - 2 рет ашығу күндері тағайындалады. №9 емдәм. Қан диабетінде, қосымша аурулары болмаған жағдайда, Тағайындау мақсаты: көмірсу алмасуының жақсаруына жағдай жасау. Тамақтану тәртібі: күніне 6 рет. №10, 10а емдәм. Жүрек қан тамыр жүйесінің ауруларында, қан айналым жеткіліксіздігі болуына (№10) және болмауына (№10а) байланысты тағайындалады. Тағайындау мақсаты: емдәмге калийге бай тағамдарды енгізу, ас тұзын шектеу арқылы қан айналым жүйесін жақсартуға, ісіктерді азайтуға жағдай жасау. Тамақтану тәртібі: аз мөлшерде күніне 6 рет тағам қабылдау. №11 емдәм. Өкпе туберкулезі, арықтау кезінде тағайындалады. Тағайындау мақсаты: тағамның кұнарлығын арттыру арқылы ағзаның қарсы тұру кабілеттілігін жоғарылату, витаминдік тепе-теңдікті қалпына келтіру. Тамақтану тәртібі: күніне 4 - 5 рет тағам қабылдау. №12 емдәм. Жүйке жүйесінің аурулары кезінде тағайындалады. Тағайындау максаты: жүйке жүйесін коздырмау, ащы тағамдарды және дәмдеушілерді ( приправа), кофені, шайды шектеу қажет. №13 емдәм. Жұқпалы ауруларда және баспаның жедел сатысында және т.б. тағайындалады. Тағайындау мақсаты: қызба кезеңінде ағзаның қарсы -тұру қабілеттілігін жоғарылатуға жағдай жасау. Аз мөлшердс күніне 6 рет тағам қабылдау. №15 емдәм. Барлық ауруларда. асқорыту жүйесінің қалыпты жағдайында. Тамақтану тәртібі: күніне 4-5 рет тағам қабылдау. Емдәмдік тамақтануды ұйымдастыру