Жасанды тамақтандырудың тәсілдері:
1. Асқазан зонды арқылы. Көрсеткіштері: ауыз қуысының мертігуінде, жуыну бұзылғанда, ес-түссіз жатқанда, кейбір психикалық ауруларда (тамақтанудан бас тартқанда). Зонд асказанға мұрын немесе ауыз арқылы енгізіледі. Зонд аркылы: сорпа, сүт, май, шикі жұмыртқа, шырын, балалардың тағамдық қоспалары беріледі. Қазіргі кезде арнайы препараттар (белоктық, майлық, күріш және басқа энпиттер) қолданылады. Тәулігіне 600 - 800 мл енгізуге болады.
2. Гастростоманың немесе еюностоманың көмегімен. Көрсеткіштері: көмекей, жұтқыншақ, өңеш зақымданғанда немесе зілді күйгенде, өңешке жасалған операциядан кейін.
3. Парентералды. Көрсеткіштері: асқазан-ішек жолдарында қорыту, сіңірілу бұзылғанда, анорексияда (тәбет болмағанда). тоқтамайтын кұсуда, тамақтанудан бас тартқанда. Осы мақсатта донорлық кан, белок гидролизаттары, тұз ерітінділері, глюкоза микроэлементтермен көк тамырға енгізіледі.
4. Қоректік клизма. Клизма көмегімен қоректендіруші ертінділерді енгізу. Қазіргі кезде өз маңызын жоғалтқан. Су, физиологиялық және т.б. ерітінділерді енгізуді емдік клизма деп атаған жөн.
Тамақтану – тірі ағзаның негізгі физиологиялық қажеттілігінің бірі болып табылады.
Азық арқылы адам жалпы тіршілікке қажетті белок, май, көмір, сутегі, минералды тұз, су, дәрумендер жасуша мен тіндерді қалпына келтіруге, энергия шығынын және ағзаның қажеттерін толтыруға арналған басқа да заттар алады. Осы заттардың барлығы күрделі алмасу процесіне түсіп ыдырайды да ағзадан шығарылады.
Ақуыздар, көмірсулар, майлар ағзаны энергиямен қамтамасыз етуде басты қызмет атқарады. Метаболизм үрдісі кезінде ақуыздан, майдан, көмірсулардан энергия бөлінеді, олар құнарлықпен (калория) өлшенеді. Ағзадағы 1г ақуыздың тотығуынан – 4 ккал, 1г майдан – 9 ккал, 1г көмірсудан – 4 ккал энергия түзіледі. Тағам құнарлығы арнайы кестемен көрсетіледі. Дені сау адамға тәуліктік үлестегі жануар ақуызының мөлшері көрсетілген қалыпқа сәйкес құрастырылуы керек: өсімдік 40г, жануар майы – 85-90г, көмірсулар – 400-500г, төрт мезгіл тамақтануда жалпы тамақ салмағы 3кг-ға дейін жетуі керек. Физикалық жұмыспен айналысатын ауруханада жатқан науқастарда тағамның құнарлығы қалыптан аспауы керек. Төсек тартып жатқан науқастарға энергияға қажеттілік біршама төмен болады. Ақуыздар, майлар, минералдық заттар ұлпалар мен тіндерді қалпына келтіру үшін «құрылыстық» заттар болып табылады.
Тағамның құрамдас бөлімдеріне: ақуыздар, майлар, көмірсулар, су, минералды тұздар мен дәрумендер жатады.
Достарыңызбен бөлісу: |