Ақуыздар
Жасуша мен жасушааралық заттардың негізі болып табылады. Олар ферменттер мен гормондардың құрамына кіреді; тыныс алуға, бұлшық еттердің жиырылуына және босаңсуына қатысады; оттегі тасымалдайды; ағзаны микробтар мен вирустардан қорғайды. Ақуыздар жануар тағамдары мен өсімдіктердің құрамында болады. Мысалы, сүт, ет, балық, нан, жарма, бұршақта.
Ақуыздар /грекше «протос» бірінші бастамшы/ - негізгі өміртасушылар. Адам ағзасындағы 85% құрғақ заттар ақуыздарға жатады. Ақуыздың бұзылған бөлшектерін құру үшін және жаңа жасуша жасау үшін адам ылғи ақуызға зәру болады. Адам ағзасында олар азоттың жалғыз қайнар көзі болады. Ақуыздар 20 аминоқышқылдардан тұрады. Соның ішінде 8-і ағзада жасалынбайтын, айырбасталмайтындар, сондықтан олар тағамдар арқылы түсуі мүмкін. Қалған ақуыздар адам ағзасында азот алмасу процесі кезінде жасалынады.
Ақуыздардың, аминоқышқылдардың құрамы әр түрлі тағамдарда әртүрлі болады. Сондықтан ағзаны түрлі аминоқышқылдармен қамтамасыз ету үшін тағамдардың кең ассортиментін қолданған жөн. Сол арқылы ақуызды қажетсінуін жануарлардан алынған өнімдермен толтырады. Тағамдардың ақуыз құрамын білгеннен кейін әртүрлі комбинацияны қолданып, адамға қалыпты аминоқышқылдарды /сүтті ботқа, тары ботқа, көкөністермен/ жеткізуге болады. Ақуыздардың тағамда жетіспеуі ағзадағы әр түрлі патологиялық тапшылық процестерді тудырады. Артық ақуыздар ағзаны қалжыратады, зат алмасу процесін бұзады, ішектегі шіру процесін тездетеді, бауыр мен бүйрек жұмысына әсерін тигізеді.
Орта жастағы адамдардың ақуыз нормасы тәулік бойынша 1-1,5г/кг дене салмағына тең. Қарт адамдарға ақуыздың қажеттілігі 1граммнан аздау болады. Ағзаның ақуыздарға қажеттілігі физикалық, эмоционалдық жүктемелерде, үсіктерде, дене қызуында жоғарылайды.
Липидтер /майлар/
Энергияның маңызды қайнар көзі болып саналады. Жасуша мембраналардың, нерв тіндерінің негізгі құраушысы. Олар жасуша құрылымдарының құрамына кіреді, жасушаның қалыпты өмір сүруіне қатынасады. Майлар жартылай қор түрінде май деполарында: тері астындағы май қабатында, шарбыда (сальник), ішкі ағзаларды орап тұратын дәнекер ұлпаларда сақталады. Тері астындағы май қабаты адам денесін механикалық әсерлерден, тоңудан сақтайды, ішкі ағзаларды қоршап тұратын май қабаты оларды тұрақты қалыпта ұстайды және соғып алудан, шайқалудан сақтайды. Майлар кейбір минералды заттар мен майда еритін дәрумендердің ішек арқылы сіңірілуін қамтамасыз етеді.
Майлы тіндер – энергиялық заттардың белсенді қоры. Егер ағзада көмірсулар жетіспесе немесе оның калориясы төмен болса, май қоры ең бірінші жоғары энергетикалық зат болып жұмсалынады.
Достарыңызбен бөлісу: |