Жүрек – қан тамыр жүйесі Бала дүниеге келген кезде жүрек-қан тамыр жүйесі басқа жүйелерге қарағанда жақсы дамыған болады, сондықтан оның компенсаторлық мүмкіндіктері едәуір үлкен. Балаларда жүрек соғысының жилігі үлкендерге қарағанда жоғары, ал артериялық қан қысымы төмен. Ересектермен салыстырмалы қарағанда балаларда қанның көлемі көп, ол 80-150 мл/кг тең (ересектерде 60 мл/кг). Ал қан ағу жылдамдығы кіші жастағы балаларда 2 еседей жоғары. Нәрестелер мен емшек жасындағы балаларда қанның көп бөлігі ішкі ағзалардың орталық қан тамырларында шоғырланған, ал перифериялық қанмен қамтамасыз етілуі төмен. Барорецепторлар нашар дамыған, сондықтан кішкентай топтағы балалар қан жоғалтуға және ортостатикалық бұзылыстарға өте сезімтал. Жаңа туған нәрестелердің 50 мл қан жоғалтуы, ересектердегі 600-1000 мл қан жоғалтуға тең, демек аз мөлшерде қан жоғалтудың өзі міндетті түрде толық қалпына келтірілуі керек. Тыныс алу жүйесі Емшек жасындағы балаларда тыныс алу жүйесі жетілмеген болады. Өкпедегі тыныс алу бетінің көлемі кішкентай. 1 кг дене салмағына шаққанда ересектерге қарағанда едәуір төмен, ал оттегіге мұқтаждығы жоғары. Балалардың қабырғалары көлденең орналасқан. Кеуде қуысы тыныс алу актісіне аз қатысатындықтан, балаларда диафрагма арқылы дем алу басым. Дем алуға қатысатын бұлшық еттердің әлсіз болуынан тыныс алу жүйесінің жетілмегендігі айқын білінеді. Ересектерге қарағанда балаларда тыныс жолдарының өткізгіштігінің бұзылулары жиі. Бұл кішкентай балалардың тыныс алу жолдарының тарлығы, кілегей қабықтың болбырлығы және ісінуге бейім болып келетіндігімен түсіндіріледі. Тыныс алудың кедергілері жас балада жоғары. Көмейдің, кеңірдектің (трахеяның) 1 мм кіші болуының өзі кедергіні одан әрі жоғарылатады. Салыстырмалы қарағанда үлкен тіл, мен бадамша бездері тыныс алу жолдарының өткізгіштік бұзылыстарының қауіптілігін арттыра түседі. Тыныс алу жолдарының кілегей қабықтары тітіркенуге өте сезімтал, өткізгіштікті бұзатын сілекей тез жиналады. Тыныс алу эпителиінің қызметі және сілекейді жөтелу арқылы шығару қабілеті әлсіз. Кіші жастағы балалар тез шаршағыш. Тыныс алу орталығы өте өзгергіш. Тыныс алу жүйесінің анатомиялық және функционалды жетілмеу салдарына газ алмасудың қажетті көлемін сақтау үшін едәуір күш жұмсауы қажет. Тыныс алудың аздаған бұзылыстарының өзі газ алмасудың өмірге қажетті мүшелердің қызметтерін тез нашарлатады, өзгерістерге әкеледі.