Механикалық – жуу, шансорғышпен өңдеу, желдету, кір жуу, ылғалды жинау, қолды жуу.
Физикалық - қайнату, ыстық құрғақ ауа, сулы бумен әсер, ультракүлгін сәулемен әсер ету т.б.
Физикалық әдіске жататындары:
күн сәулесін қолдану;
ультракүлгін сәулелерді қолдану;
қалдықтарды өртеу;
қайнату, пастеризация (6-7 күн аралығында 60˚С температурада бірнеше рет пастерилизациялау, экспозия – 1 сағат);
дистелденген суда қайнату – 30 минут, ас содасы қосылған жағдайда 15 минут қайнату. Қайтадан заттарды органикалық қалдықтардан тазалау қажет. Тазалау жеке ыдыста эпидемияға қарсы шараларды сақтаған жағдайда жүргізіледі, ағынды суды зарарсыздап, канализацияға құйылады.
Зарарсыздаудың ауалы әдісі (ыстық ауалы шкафта 120˚С температурада, 45 минут). Бұл әдіспен шыныдан, металл, резина, латекстен, термотөзімді полимерлі металдардан жасалған заттар органикалық заттармен ластанбаған жағдайда зарарсызданады;
Булы әдіс – жоғарыда көрсетілген заттар алдын ала тазартуды қажет етпеген жағдайда қолданылады. Зарарсызаушы агент: 0,5 атм қысымды су буы. Зарарсыздау режимі: 110˚С температурада, экспозия- 20 мин, стерилизациялық ыдыстарда – бикстерде және дезкамера, автоклавта сирек қолданылады.
Физикалық әдіс – қызметкерле үшін зиянды, бірақ өте сенімді әдіс.
Химиялық әдіс - химиялық заттарды қолдану (сутегінің асқын тотығы, формалин, септокол, лизоформин, эрасан, гипохлорид кальций. ЕПҰ-да зарарсыздаудың химиялық түрінің толық батыру әдісі жиі қолданылады. Науқаспен қарым-қатынаста болмайтын заттар, оның бөліктері үшін дәке, бөз шүберекті дезинфекциялық ерітіндіге малып, 2 рет сүрту әдісі қолданылады.
ЕПҰ-да дезинфекция үшін тек ғана денсаулықсақтау министрлігі, сан-эпид бақылаудың рұқсат етілген ерітінділері қолданылады. Сүрту үшін дезинфекциялық ерітінділерді: сайдекс, формалин, глутарал, дезоксон-1 және тағы басқа адам ағзасына жоғары токсикалық әсерінен қолдануға болмайды.