1) дезинсекция - науқасты қарағанда анықталған зиянды жәндіктерді (биттерді) кұрту;
2) гигиеналық булау, душ немесе науқастың денесін сүрту;
3) науқасқа таза ауруханалық киімдерді кигізу.
Қабылдау бөлімінің санитарлық өткізгіші қарау, шешіну, булау-душ және киіну бөлмелерінен тұрады. Санитарлық тазалау кезінде науқастар қозғалуының бағытын қатал сақтаған жөн: қарау бөлмесінен науқастар киінетін «таза» бөлмеге қарай, яғни гигиеналық булау немесе душтан кейін науқас шешінетін жерге қайтадан бармауы керек.
Санитарлық өткізгіш науқасы санитарлық-гшиеналық өңдеуді жүргізуге қажетті заттармен жабдықталған. Бұл жерде кушеткалар, таза және кір киімдерге арналған шкафтар мен бөшкелер, санитарлық өңдеуге арналған заттар қойылған шкаф немесе үстел: клеенка, монша сабыны, "таза жөкелер" деген жазуы бар белгіленген ыдыстағы жеке жуынуға арналған жөкелкер, шашты алатын машинкалар, қырынатын кұралдар, қайшылар, сондай-ақ, судың, ауаның жылуын өлшейтін термометрлер, ваннаны санитарлық тазалауға арналған арнайы жөкелер мен щеткалар, санитарлық өткізгіштің бөлмелерін зарарсыздандыруға және жууға арналған шелек және т.б. заттар.
Қабылдау бөлімінің мейірбикесі санитарлық-гигиеналық өңдеуді бастамас бұрын педикулезді анықтау үшін науқастың шаш жабындыларын тиянақты қарауы қажет. Бит табылған жағдайда (басқа жұқпалы аурулар табылғандағыдай) науқасты толық (науқасты моншада немесе ағын судың астында сабын және жөкемен жуындырады, науқастың үстіндегі іш киімдеріндегі, сырт киімдеріндегі, аяқ киімдеріндегі және тұрғылықты жеріндегі төсек жабдықтарындағы микроорганизмдерді жою керек, яғни дезинфекция мен дезинсекция) өңдеу немесе жартылай өңдеу (тек науқасты жуындырады және киімдерін зарарсыздандырады) жүргізеді.
Бас шашындағы биттерді жою үшін бұрындары жиі қолданатын әдіс -керосин мен өсімдік майы бірдей мөлшерде алып араластырып баска жақса шашты қырықпай аман алып қалуға болады. Бұрындары қолданылатын әдістердің бірі 20% бензилбензоат суспензиясынан дайындалған сабынды ерітінді, 5% бор майы, бутадион, метилацетофос, ниттифор, карбофос және т.б. Қазіргі кезде дезинсекциялық шараларды жеңілдететін арнайы су сабындар мен лосьондар («Педикулин», «Рид», «Элко-инсект» және т.б.) бар.
Ауруханаға түскенде егер керек болса науқастар гигиеналық тұрғыдан моншада немесе ағын судың астында жуынады. Ол кезде монша алдын ала 1 % хлорамин ерітіндісімен өңделеді, сабынмен және ысқышпен жуылып ыстық сумен шайылуы керек. Судың температурасы шамамен 42 градустай болуы керек. Науқасты жуындыру реті: басы, денесі, колдары, шап аймағы, бел тұсы, іші және аяқтары. Жуындыру ұзақтыш 30 минуттан аспауы керек, Гигиеналық монша мен ағын суда жуындыруды шындығына келгенде барлық науқастарға бірдей қолдана бермейді, онын себептері түрліше. Жоспарлы түрде жатқызылатын науқастар жеке басының тазалығын үйлерінде реттеп келеді. Аурухананың арнайы киім кешектері қазіргі кезде нашар және көбіне жарамсыз болып жатады, сондықтан науқастар ауруханада үйлерінен әкелген киімдерін киіп жүреді.
Ауыз, жұтқыншақ, мұрын шырышты қабығынан жағынды алу қабылдау бөлімінде жүргізіледі. Бұл үшін залалсыз металл жаққыш (залалсыз пробирканың тығыны аркылы өткізілген сымға бекітілген мақта тампоны) колданылады. Бадамша безіндегі, таңдай имегіндегі немесе ауыз қуысы шырышты қабығындағы жара мен жұқа қабаттың шығарымдарын егу үшін науқасты жарыққа таман отырғызады, аузын кеңірек ашқызады. Сол қолдағы шпательмен науқастың тілінің түбірін басады, оң қолымен пробиркадан жаққышты абайлап алады, ешнәрсеге тигізбей жұқа қабатқа жетеді, жаққышпен бұл қабатты және оның шығаруларын сүртіп алады. Жағындыны танаудан алу үшін жаққышты өте абайлап сыртқы жағына тигізбей, алдымен бір, содан кейін екінші танау жолына енгізеді де егуге материал алады. Жағындыларды алғаннан кейін науқастың аты-жөнін, жасын, палатасын, материалдың атын және тексеру мақсатын көрсетіп лабораторияға бірден жіберген жөн.
Достарыңызбен бөлісу: |